Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»


Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары



бет18/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

7. Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары

Жеке сәйкестендіру нөмірі «Кредиттік тіркелім» ААШЖ шағын жүйесіндегі кредит тарих субъектілерінің идентификаторларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын кредиттік тарих субъектілері үшін сәйкестендірудің баламалы нөмірін берудің мынадай қағидалары белгіленеді.


7.1. Заңды тұлғаларға баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары





  1. Әрбір пайдаланушының (оператордың) ұйымның аты бойынша іздеу мүмкіндігі бар.

  2. Егер осы іздеу қорытындысы бойынша ұйым табылса, бұл осының алдында баламалы нөмір берілгендігін білдіреді немесе оның ресми сәйкестендіру нөмірі бар деген сөз. Пайдаланушы (оператор) шағын жүйемен қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастыра алады. Салыстыру ұйымның аты, мекен-жайы (индекс, қала, мекен-жайы) бойынша жүргізілуі мүмкін.

  3. Іздеу нәтижесінде ұйым табылмаған жағдайда, пайдаланушы (оператор) сол сияқты деректер базасын одан әрі жаңарту кезінде пайдаланатын баламалы сәйкестендіру нөмірін беру мүмкіндігі бар.

  4. Баламалы сәйкестендіру нөмірі 12 мәнді формат нөмірін білдіреді: XX+YY+0+ГГММДД+F, онда

XX – латын алфавитінің екі басты әріпі түріндегі елдердің кодтарына сәйкес резиденттік;

YY – алфавит түпнұсқасының екі басты әріпі түріндегі ұйымдардың аты;

ГГММДД – 6 цифр түріндегі ұйымның заңды тіркелген күні (онда «ЖЖ» - жыл, «АА» - ай, «КК» - күн);

F - 1 цифры түріндегі 0-ден бастап 9-ға дейінгі еркін мән.



  1. Баламалы сәйкестендіру нөмірін беру былайша жүргізіледі:

    1. Алғашқы екі мән (1-2 позиция) өтініш берушінің резиденттігі негізінде және елдердің екі мәнді кодтарына сәйкес («Кредиттік тарих субъектісі елі» анықтамалығы) беріледі.

Мәндер латын алфавитінің екі басты әріпі түрінде берілуі тиіс.

    1. Келесі екі мән (3-4 позиция) ұйымның атын негізге ала отырып, беріледі. Бұл ретте, «ЖШС», «АҚ», «ЖАҚ», «Компания», «Фирма» және тағы сол сияқты деген сөздер назарға алынбайды. Егер ұйымның аты бір сөзден тұратын болса, бірінші екі әріп алынады. Егер екі және одан көп сөзден тұратын болса, онда назарға бірінші екі сөздің басты әріптері алынады.Егер аты бір әріптен тұратын болса, ол қайталанып алынады.

Мәндер тұпнұсқалы латын алфавитінің екі басты әріпі ретінде беріледі.

    1. Бесінші позицияда үнемі «0» мәні беріледі. Қандай да бір басқа мәнді беруге жол берілмейді.

    2. Келесі 6 мән (6-11 позиция) ГГММДД форматындағы кәсіпорынның заңды тіркелу күнінің цифрлар комбинациясы болып табылады.

    3. Келесі мәндер (12 позиция) егер деректер базасында қазірдің өзінде қалған мәндері бірдей комбинациялы субъектілер тіркелген жағдайда баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда пайдаланушы (оператор) ұйымның аты бойынша іздеу жүргізіп, нәтижесінде барлық тіркелген субъектілердің деректер базасындағы бірегей аттары бар тізімі, сондай-ақ, нақты немесе баламалы сәйкестендіру нөмірлерін ала алады. Пайдаланушы (оператор) 0-ден бастап 9-ға дейінгі еркін нөмірлердің кез-келгенін беру мүмкіндігі бар.

Баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беру мысалдары төменде келтіріліп отыр.



Резиденттік

Ұйымның аты

Заңды тіркелген күн

Бірдей комбинациялардың болуы

Баламалы сәйкестендіру нөмірі

Қазақстан Республикасы- KZ

«Мерей» фирмасы - МЕ

1975

1 тамыз - 750801



жоқ – 0,

иә – 1 бастап 9 дейін



KZМЕ07508010

Ресей Федерациясы - RU

ТОО « Первое кредитное бюро » - ПК

1954

25 қараша - 541125



Жоқ – 0,

иә – 1 бастап 9 дейін



RUПК05411250

АҚШ - US

Pepsi-Cola Company - PC

1984

17 сәуір - 840417



жоқ – 0,

иә – 1 бастап 9 дейін



USPC08404170



7.2. Жеке тұлғаларға баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары





  1. Әрбір пайдаланушының (оператордың) қарыз алушының аты, тегі, әкесінің аты бойынша іздеу мүмкіндігі бар.

  2. Егер осы іздеу қорытындысы бойынша қарыз алушы табылса, бұл осының алдында оған баламалы нөмір берілгендігін білдіреді немесе оның ресми сәйкестендіру нөмірі бар деген сөз. Пайдаланушы (оператор) шағын жүйемен қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастыра алады. Салыстыру аты, тегі, әкесінің аты, мекен-жайы (индекс, қала, мекен-жайы) бойынша жүргізілуі мүмкін.

  3. Іздеу нәтижесінде өтініш беруші табылмаған жағдайда, пайдаланушы (оператор) сол сияқты деректер базасын одан әрі жаңарту кезінде пайдаланатын баламалы сәйкестендіру нөмірін беру мүмкіндігі бар.

  4. Баламалы сәйкестендіру нөмірі 12 мәнді формат нөмірін білдіреді: XX+YY+ГГММДД+FF, онда

XX – латын алфавитінің екі басты әріпі түріндегі елдердің кодтарына сәйкес резиденттік;

YY – алфавит түпнұсқасының екі басты әріпі түріндегі ұйымдардың аты;

ГГММДД – 6 цифр түріндегі ұйымның заңды тіркелген күні (онда «ЖЖ» - жыл, «АА» - ай, «КК» - күн);

FF - 2 цифры түріндегі 00-ден бастап 99-ға дейінгі еркін мән.



  1. Баламалы сәйкестендіру нөмірін беру былайша жүргізіледі:

    1. Алғашқы екі мән (1-2 позиция) өтініш берушінің азаматтығы негізінде және елдердің екі мәнді кодтарына сәйкес беріледі.

Мәндер латын алфавитінің екі басты әріпі түрінде берілуі тиіс.

    1. Келесі екі мән (3-4 позиция) өтініш берушінің атын және тегін негізге ала отырып беріледі.

Мәндер латын алфавитінің екі басты әріпі ретінде беріледі.

    1. Келесі 6 мән (5-10 позиция) өтініш берушінің ГГММДД форматындағы туған күнінің цифрлар комбинациясы болып табылады.

    2. Соңғы екі мән (11-12 позиция) егер деректер базасында қазірдің өзінде қалған мәндері бірдей комбинациялы субъектілер тіркелген жағдайда баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда пайдаланушы (оператор) аты, тегі, әкесінің аты бойынша іздеу жүргізіп, нәтижесінде барлық тіркелген субъектілердің деректер базасындағы бірегей аты, тегі, әкесінің аты бойынша тізімді, сондай-ақ, нақты немесе баламалы сәйкестендіру нөмірін ала алады. Пайдаланушы (оператор) 00-ден бастап 99-ға дейінгі еркін нөмірлердің кез-келгенін беру мүмкіндігі бар.

Баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беру мысалдары төменде келтіріліп отыр.


Резиденттік

Аты. тегі

Заңды тіркелген күн

Бірдей комбинациялардың болуы

Баламалы сәйкестендіру нөмірі

Қазақстан Республикасы- KZ

Сабыржан Каманов – SK

1974

1 қыркүйек – 740901



жоқ – 00,

иә – 01 бастап 99 дейін



KZSK74090100

Ресей Федерациясы – RU

Петр Иванов – PI

1967

23 желтоқсан – 671223



жоқ – 00,

иә – 01 бастап 99 дейін



RUPI67122300

АҚШ - US

John Smith (Джон Смит) – JS

1948

19 мамыр – 480519



жоқ – 00,

иә – 01 бастап 99 дейін



USJS48051900




1 Көрсеткіш бойынша ақпараттты «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысы қолданыста болған кезеңде ұсыну қажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет