Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Үйрету диктанттарының маңызы



бет18/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Үйрету диктанттарының маңызы


Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әртүрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс- тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.
Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.
Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.


Есту диктанты
Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі. Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.


Көру диктанты
Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.
Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.


Өздік диктанты
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.


Терме диктанты
Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.


Ескерту диктанты
Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.


Шығармашылық диктант
Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді.


Диктантты бағалау критерийлері:
«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе, б) 1 емле, 2 тыныс белгісі қателері болса, бірақта жұмыс таза орындалуы керек;
«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі, б) 4 емле, 2 тыныс белгісі, в) 5 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.


Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескергені жөн:
-бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса- 1 қате болып есептеледі;
-бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі;
-тасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып кездесуі.


Сондай-ақ жіберілген мынандай қате есепке алынбайды:
а) өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса.


Сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынады:

а) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса, қате болып есептеледі:


ә) сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;
б) бағдарлама бойынша өткен тақырыпқа байланысты тыныс белгілері қойылмаса.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:
«5» -түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;
«4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;
«3» - тапсырма толық орындалмаса;
«2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.

Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған бақылау жұмыстарына екі баға қойылады: жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет