Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет1/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«СЫНЫПТАР БОЙЫНША ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР»


Әдістемелік ұсыным


Астана, 2022


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2022 жылғы қазан айындағы № 10 хаттама)


«Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» әдістемелік ұсыным – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 163 б.
Жазба жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты құрастырылған әдістемелік көмекші құралда оқу мақсаттарына негізделген жазба жұмыстарының түрлері, талаптары, сыныптар бойынша үлгілері берілді. Қазақ, ағылшын, орыс тілдері пәндері бойынша берілген жазба жұмыстарының түрлері үлгі үшін жинақталды.
«Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» әдістемелік ұсынымы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналады.

© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022


© Национальная академия образования


им. И. Алтынсарина, 2022
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ахмет Байтұрсынұлының білімді ұрпақ тәрбиелеу туралы көзқарасының бүгінгі күнде өте маңызды екеніне тоқтала келіп:


«Біріншіден, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез- келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет. Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз» деп тұжырымдады.
Жалпы білім беретін мектептерде ана тілі мен әдебиетінің оқытылуы және оқушылардың білім сапасын көтеру ізденісі уақыт тұрғысынан тың талаптар жүктеуде. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушы бойында өз білімін өмірде қолдана білетін қабілет-қарым көздерін ашып, материалды меңгерумен қатар өз бетімен ізденуіне жағдай тудыру – пән мұғалімінің бірден-бір көкейкесті мақсат-мүддесі. Оқушыға өміршең білім көзін меңгертіп, логикалық және сыни ойлау қабілет-қарымы мен функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату және іскерлік құзыреттерін дамыту межелі міндеттер қатарында. Бұл, өз кезегінде, пән мұғалімінің күрмеуі қиын өзекті мәселелермен бетпе-бет келуіне себепкер болуда. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білімділік, функционалдық, тағылымдық, эстетикалық аспектілері оқушының іскерлік және сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға басымдық береді. Шындығында жазба жұмыстардың жүргізілу тәртібі мен құжатты ресми рәсімдеуді меңгерудің бірыңғай талаптарын қажет етеді. Пән мұғалімдерінің осы бағыттағы ресми нұсқауларға аса зәру екені көптен бері айтылып жүр. Оқушының жазылым дағдыларындағы қиындықтарды, сауатсыздықты жеңу үшін оқушылардың дербес жазба жұмыстарына қойылатын талаптардың реттелуі аса маңызды.
«Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» әдістемелік ұсынымы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде дайындалды. Қазіргі үлгілік оқу бағдарламалары бойынша алынған жазба жұмыстарына қойылатын талаптар мен орындау үлгілері берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет