Ережелер ойын мазмұнының жүзеге асуын қамтамасыз
етеді. Олар ойынды демократияландырады: ойынға қатысушылардың барлығы ережелерге бағынады. Тіпті бір дидактикалық ойынның ішінде ережелер бір-біріне ұқсамайды. Біреулері балалардың тәртібі мен тану қызметін бағыттайды, ойын әрекеттерін орындау сипаттары мен шарттарын анықтайды, олардың кезегін немесе ретін белгілейді, ойыншылардың өзара қарым-қатынасын реттейді. Ал басқа ережелер баланың қозғалу белсенділігінің шамасын шектейді, оқыту мақсатын күрделендіре отырып оны басқа бағытқа бұрады (педагог ойыншықтардың орнын аустырған мезетте көзін жұмып тұру, ойын барысында ойыншықты тек оң немесе сол қолында ұстап тұру). Кейбір ойындарда белгілі-бір іс-әрекеттерге тыйым салатын, жаза қолданатын ережелер кездеседі. Тыйым салатын ережелер баланың өз тәртібін бақылауды күшейтеді. ( «Үндемес» ойыныныда сөйлеуге болмайды, «Керісінше айт» ойынында сөзді айтпай тұрып допты лақтыруға болмайды, т.с.с.). Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкен жастағыларына арналған ойындардың ережелері жүргізушіні таңдауды, оны алмастыруды, кімнің жеңгенін немесе жеңілгенін анықтауды түсіндіреді.
Оқыту мақсаты, ойын әрекеттері және ойын ережелері өзара тығыз байланысты. Оқыту мақсаты ойын әрекеттерін анықтайды, ал ережелер ойын әрекеттерін жасауға және
427
тапсырманы орындауға көмектеседі.
Шынайы ойын балалардың өзіндік дербестігіне және ұйымдастырушылығына негізделген. Дайын мазмұнның және бекітілген ережелердің болуы ойындағы бірігуді жеңілдетеді. Санағыштардың қызметі де осы сияқты, яғни санағыштардың көмегімен балалар ойынға икемделіп, жүргізушіні таңдап, әділетті болуға үйренеді.
Дидактикалық ойындарға педагогикалық жетекшілік ету
Мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық үрдісінде дидактикалық ойын балалардың дербес қызметі ретінде орын алып, оған жетекшілік ету сипатын анықтайды. Әр түрлі жас ерекшелігі топтарында ойнап жатқан балаларға педагогикалық
жетекшілік етудің оларды
психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өз өзгешелігі бар, бірақта тәрбиеші ескеруі қажет жалпы ережелері де бар. Оларды қарастырайық.
Ойынға жағдай жасау керек: тиісті дидактикалық материал мен дидактикалық ойыншықтарды, ойындарды табу қажет. Дидактикалық материал мен ойыншықтарды балалар оларды еркін пайдалана алуы үшін қалай орналастыру керектігін ойластыру; ойынға орын қамтамасыз ету керек. Жылдың жылы мезгілінде далаға серуендеуге алып шығуға болатын ойыншықтар мен ойынды таңдап алған жөн. Балаларды дидактикалық ойыншықтармен, ойындармен ұқыпты жұмыс жасауға, әрекет айяқталғаннан кейін оларды мұқият жинауға үйрету қажет. Педагогтің ерекше назарын үстел үстіндегі басу ойындары аударады, олардан фишкалар, кубиктер, карточкалар мен басқа атрибуттер жеңіл дайындалады.
Балалардың ойын тәжірибесін үнемі дамытып отыру туралы қамқорлық ету керек. Бұл үшін дидактикалық ойыншықтармен
428
ойын әрекеттерін баламен бірге орындай отырып, оған үйреткен, балаларды өзара үйрету жағдаяттарын ұйымдастырған мақсатқа сай («Витя, Алешаны үй құрастыруға үйретші!»). Топқа жаңа дидактикалық ойындарды ақырындап енгізген, ал оларды игеру шамасына қарай күрделендірілген нұсқаларын ендірген дұрыс (ойын міндетін өзгерту, жаңа персонаждарды, қосымша ережелерді, ойын әрекеттерін қосу,).
Педагогтың назарында үнемі балаларда дербестілікті, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын, ойынға шығармашылық қарауды дамыту міндеттері болуы тиіс. Сәтті, іскер ойын әрекеттерін, рөлді орындауының мәнерлілігін, өзара көмек көрсету, өзара жәрдемдесуді мақұлдай отырып, баланың ойынға деген қызығушылығын қолдау қажет. Балаларға таныс ойынды ұйымдастыра отырып, олардың біреуіне басқаларына ойынның міндетін, ережелерін еске салуды ұсынған жөн.
Дидактикалық ойынның ойын емес, оқу әрекетіне көшу формасы ретіндегі өзіндігін ескере отырып, тікелей оқытудан қашқақтау қажет. Сонымен, жаңа ойынды түсіндіруді педагог ойын образын жасаудан бастайды. Мысалы, «Айболит» ойыны бұрын К.Чуковскийдің ертегісін, оның песонаждарын, олардық шытырман оқиғаларын, қылықтарын еске түсіруді ұсынады. Содан кейін таныс ертегіні ойнауға шақырып, барлық ойын бойына ескертулерден, бағалау сөздерінен, соның үстіне негативті сипаттағы сөздерден аулақ болып, ойын барысын қолдайды. Ойын аяқталғаннан кейін оларға бірге ойнаған қалай қызық болғанын атай отырып, жеңілгендерді жігерлендіріп, жеңіске жеткендерді атап өтіп, балалардың эмоционалды жай-күйін көтеру қажет.
Дидактикалық ойындар сабақтарда және балалардың жеке қызметінде пайдаланылады. Оқытудың тиімді құралы бола тұрып, олар - сабақтың құрамдас бөлшегі, ал ерте жастағы топтарда оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |