С. А. Махмутов- п.ғ. д., С. Н. Исабаева -п.ғ. к., қауымдастырылған проф м. а., Д. Н. Исабаева



Дата11.06.2016
өлшемі85.82 Kb.
#128269
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРТУДЕГІПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ РӨЛІ
С.А.Махмутов- п.ғ.д.,

С.Н.Исабаева -п.ғ.к., қауымдастырылған проф.м.а.,

Д.Н.Исабаева- п.ғ.к.

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа:

Біздің бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз – проблемалық оқыту әдісін зерттеп, қарастырып жүрген ғалымдарымыздың еңбектерін қарастыра отырып, жоғары оқу орны студенттеріне информатиканың іргелі ұғымдары мен түсініктерін, яғни ақпараттық технологияларды меңгертудегі пробламалық оқыту әдісінің тиімділігінкөрсету. Сонымен қатар, студенттерге ақпараттық технологияларды проблемалық оқыту әдісі негізінде меңгерту үшін әдістемелік ұсыныстар ұсынылды. Атап айтқанда, студенттердің алдына өздерінің іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша, жаңа білімдер мен біліктерді ұсынатын тапсырмаларды беру;оқу-танымдық іс-әрекетте студенттердің ақпараттық технологияларды қолдану бойынша проблемалық ситуацияларды шешудің қолжетерлігімен қамтамасыз ету; студенттерге өз бетімен ақпараттық технологиялар туралы проблемалық ситуациялар мен мәселелерді құрастыруға мүмкіндік беру, проблеманы шешудің болжамдарын ұсыну және оларды негізді тұрғыда дәлелдеуге мүмкіндік беру;студенттердің алынған шешімнің алуан түрлі нұсқаларын өз бетімен дәлелдеу қабілеті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Жоғары оқу орындары ... тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, ... ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс» деп көрсеткен. Мұндай талаптарға қол жеткізуде студенттердіңболашақта ақпараттық қоғамдағы бәсекелестік қызметке бейімделуі үшін ғылыми зерттеу жұмыстарыноқу үдерісінде мейлінше дамытуы арқылы проблемалық оқыту әдістерін қолдану қажет[1].

Педагогикалық үдерісте проблемалық әдісті қолдануды оқу-танымдық студенттің тұлғасының субъектілі позициясын өзектілеудің тәсілдерінің бірі ретінде анықтаймыз. Проблемалық әдісті қолдану, студенттің ақпараттық компьютерлік технологияларды білумен қатар, оларды қолдану мүмкіндігін білім саласына жұмсауға мүмкіндік береді. Проблемалық әдістің нәтижесінде құрылатын эмоционалды резонанс, студенттің қажетті ақпараттық технологиялар туралы білім, білік, дағдыларды меңгеруіне деген құндылық бағдарлармен қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытуды зерттеуге келесі педагогтар мен психологтардың жұмыстары арналған: Ю.К.Бабанский, З.И.Калмыкова, Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, В.Н.Максимова, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов, Т.И.Шамова, Ш.Т.Таубаева және т.б [2, 3].

М.И.Махмутов проблемалық оқытуды 20-жылдардан бастап кеңестік дидактика ғылымында жақсы танымал зерттеу әдісінің басқаша аталуы деп санауға болмайтынын атап көрсетті. Оқытудағы проблемалық тәсіл кең категория болып саналады. Ол зерттеу әдісін проблемалықты жүзеге асырудың бір факторы ретінде қамтиды. Проблемалық тәсіл шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан, ол кең тараған оқыту түрі болып саналады[4].

Проблемалық тәсіл біздің педагогикалық тәжірибеге түсіндірмелі-иллюстрациялық оқытуға альтернатива ретінде, 60-70-жылдары белсенді енгізіле бастады. Біз ойлаудың продуктивті және репродуктивті типтерінің үйлесуімен анықталатын, студенттердің ақыл-ой әрекетінің сипатын ескеруді қажет деп санаймыз. Өз кезегінде, проблемалық оқытудың рөлін асыруға, кемітуге болмайды, оқытудың аталған түрі түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіспен үйлескен жағдайда ғана, позитивті рөл атқарады. Оқытудағы проблемалық тәсіл мен түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістің арасындағы айырмашылықтар, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың мақсаты мен принциптерінен тұрады. Егер түсіндірмелі-иллюстрациялық оқытудың мақсаты, студенттердің ғылыми білім, білік, дағдыларды меңгеруі болып саналса, онда проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми білімді меңгеру ғана емес, сонымен бірге ойлау үдерістерін қолдау, танымдық белсенділікті жан-жақты дамыту болып табылады. Проблемалық оқытуды жүзеге асыруда, студенттер оқу-танымдық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды қолдану бойынша дайын нұсқауларды алмайды, оларды ізденістік әрекеттің көмегі арқылы алады.

В.Оконь білім алушылардың проблеманы шешу үдерісі, үш фазада жүзеге асырылады деп санайды: проблемалық ситуацияны құру; шешу болжамдарын құрастыру; алынған ақпаратты жүйелеу арқылы шешімді тексеру. М.И.Махмутовтың пікірі бойынша, ақыл-ой операцияларының толық циклының бірнеше кезеңдері бар: 1) проблемалық ситуацияның пайда болуы; 2) қиындық мәнін саналау және проблеманы қою; 3) шешімді болжам немесе ұсыныстар арқылы тәсілін табу және болжамды негіздеу; 4) болжамды дәлелдеу; 5) проблеманы шешудің дұрыстығын тексеру [5].

Проблемалық оқыту оқытушының іс-әрекетінің келесі мазмұнын қамтиды: проблема қою, проблемалық ситуацияны құру, проблеманы шешу үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру, алайда аталған оқыту түрі, оның дәстүрлі әдістері сияқты, тұжырым және жалпылау жасамайды. Оқытушының ақпараттық технологиялар туралы хабарлаған білімдерінің негізінде, студенттер өз бетімен тұжырымдар және жалпылау жасайды, қойылған сұраққа жауап іздейді және проблеманы шешудің жолын іздейді.

Көп жағдайда, оқытушылар проблемалық оқытуды сұрақтар мен жауаптар әдісімен ұқсастырады. Әрине, сауатты түрде ақпараттық технология туралы қойылған сұрақтар – проблемалық оқытудың маңызды элементі болып саналады. Алайда, оларды ұқсастырмау қажет, себебі проблемалық оқытудың мәні сұрақтар мен жауаптардан тұрмайды, ол проблемалық ситуацияларды құрудан, оларды шешудегі студенттердің өзбетінділігін дамытудан, проблеманы шешудің жолын іздеуден, осы шешімнің дұрыстығын тексеруден тұрады. Ақпараттық технология туралы проблемалық тапсырманы студенттерді шешуі бойынша жұмысы, оқытушының бір сұрағынсыз орындалуы мүмкін, алайда білім алушылардың проблемалық тапсырманы орындау барысында қиындықтарын азайту мақсатында, оқытушының сұрақтары әрдайым дұрыс болып саналады.

Проблемалық оқытудың басты міндеті – студенттердің зейінін туындату және танымдық белсенділіктерін дамыту. Бұндай нәтижеге оқытушының проблеманы қойып және шешкен жағдайында жетуге болады. Егер студент ақпараттық технология туралы проблеманы өзі қойып, оны өзі шешсе, алынатын нәтиженің деңгейі жоғары болады. Студенттердің белсенді өзбетінділігіне деген ұмтылысын және шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін, олардың талдау, біріктіру, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жіктеу, жүйелеу және т.б. сияқты интеллектуалды операциялар дағдыларын қалыптастыру қажет.

Проблемалық ситуацияларды абсолюттеуге болмайды, кейде оларды дұрыс құрмау, оқыту үдерісіне жағымсыз әсер етуі және танымдық белсенділіктің жоғалуына әкелуі мүмкін. Студенттің проблеманың негізінде болатын қарама-қайшылықтарды шеше алмаған жағдайында, жағымсыз немесе теріс нәтиже болады.

Әрбір проблемалық ситуацияның типі және құрылымы көптеген факторларға тәуелді болады: студенттердің ақпараттануы, белсенділігі; олардың өзара және оқытушымен өзара қатынастары; студенттер ұжымы және осы ұжымның әрбір мүшесі үшін, проблемалық ситуацияның негізі болып табылатын қарама-қайшылықтардың тұлғалық мәні. Бұндай жағдайда оқытушыдан студенттердің субъектілі позициясының дамуын қамтамасыз ететін, олардың танымдық үдерісі мен танымдық белсенділігін арттыру мақсатында, олардың санасында әрбір проблемалық ситуацияның негізінде болатын, қарама-қайшылықтарды анықтау және күшейтуге арналған дидактикалық тәсілдерді құруды талап етеді.

Тұлғаның субъектілі позициясы студенттердің өз бетімен алынған білімді стандартты емес ситуацияларда және тәжірибеде қолдануда көрінеді. М.И.Махмутов өзбетінділіктің төрт деңгейін анықтайды:



  1. Өзбетінділік емес белсенділік деңгейі (негізінен студенттерді ң репродуктивті іс-әрекетінде орын алады);

  2. Жартылай өзбетінділік деңгейі ( мұғалім проблеманы өзі қояды, ал студенттер алынған білімді қолданып, оны шешудің тәсілдерін іздейді);

  3. Өзбетінділік белсенділік деңгейі (студент орташа күрделілік деңгейіндегі проблемалық тапсырманы орындай отырып, оқулықпен, мұғалімнің аз шамадағы көмегі арқылы жұмыс істейді);

  4. Шығармашылық белсенділік деңгейі (студенттердің өзбетінділігінің жоғары деңгейі: болжамды логикалық талдау, оқу проблемасын шешудің жаңа тәсілін табу.

Оқу-танымдық іс-әрекетте студенттердің ақпараттық технологияларды қолдану үдерісінде, олардың субъектілі позициясы өзектіленетін проблемалық ситуацияны құрудың тәсілдері мен ережелері туралы мәселе маңызды болып табылады.

М.И.Махмутов оқу проблемасын қоюдың дидактикалық ережелерін қарастырады. Ғалым мұғалімнің оқытылатын оқу материалымен байланысты, бұрын меңгерген білімдер тобын алдын ала өзектілемей, оқу проблемасын қоймау керек; ұжымның бұрын шешкен проблемаларын өз бетімен шешу үшін, әлсіз студенттердің алдына екінші рет қоюға қолдануға болады деп санайды. Автор проблемалық ситуацияны талдау және проблеманы қою барысында, студент таныс еместі таныстан айыра білу тәсілдерін үйренуі керектігін, мұғалім оқушылар үшін қолжетерлік проблемаларды қою қажеттілігін, оқушының сұрақтарды қайта құрастырудың тәсілдері мен ережелерін білу керектігін, студенттерді ң өз бетімен шешуі үшін мүмкін жағдайлар анықталған жағдайда, оқу проблемасы қойылуы керектігін атап көрсетеді [5].

Ғалымдар аталған проблеманы теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыра отырып, проблемалық ситуацияларды құрудың келесі тәсілдерін анықтайды: 1) студенттерді құбылыстарды, деректерді, олардың арасындағы сыртқы сәйкессіздіктерді шығармашылық түсіндіруге ынталандыру; 2) студенттердің практикалық тапсырмаларды орындауда туындайтын, оқу және өмірлік ситуацияларды қолдану; 3) проблеманы түсіндіруге немесе оны практикалық қолдану жолдарын іздеуге, проблемалы оқу тапсырмаларын қою; 4) студенттерді деректер туралы ғылыми түсініктер мен өмірлік көріністер арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтайтын, шындықтың деректері мен құбылыстарын талдауға ынталандыру; 5) болжамды ұсыну, тұжырымдар құрастыру және оларды тәжірибелік тексеру; 6) нәтижесінде проблемалық ситуация пайда болатын, жаңа деректерді алдын-ала жалпылауға студенттерді ынталандыру; 7) проблемалық ситуацияның пайда болуына ықпал ететін, құбылыстарды, деректерді, әрекеттерді салыстыруға студенттерді итермелеу; 8) проблеманы қоюға әкелетін және түсініксіз сипаты бар (бұрынғы білімнің жеткіліксіздігінен) деректермен студенттерді таныстыру; 9) пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру; 10) тапсырмаларды нұсқалау, сұрақтарды қайта құрастыру.

Сонымен, проблемалық ситуацияларды құрудың келесі ережелерін ақпараттық технологияларды қолдануда басшылыққа алу болады: 1) студенттердің жаңа білім алуына мүмкіндік беретін тапсырмаларды қою; 2) оқушыға ұсынылатын проблемалық тапсырма оның интеллектуалды мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек (қиындық дәрежесі оқу материалының жаңашылдық дәрежесі мен оның жалпыламалығы тұрғысында қарастыруды талап етеді); 3) проблемалық тапсырма түсіндіруге берілетін проблемалық материалдың алдында болуы керек; 4) проблемалық тапсырма ретінде оқу мәселелері, тапсырмалар, практикалық әрекеттер алынуы мүмкін.

Бұдан, студенттерге ақпараттық технологияларды проблемалық оқыту әдісі негізінде меңгерту үшін төмендегідей әдістемелік ұсыныстар ұсынылды:

- студенттердің алдына өздерінің іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша, жаңа білімдер мен біліктерді ұсынатын тапсырмаларды беру;

- оқу-танымдық іс-әрекетте студенттердің ақпараттық технологияларды қолдану бойынша проблемалық ситуацияларды шешудің қолжетерлігімен қамтамасыз ету;

- студенттерге өз бетімен ақпараттық технологиялар туралы проблемалық ситуациялар мен мәселелерді құрастыруға мүмкіндік беру, проблеманы шешудің болжамдарын ұсыну және оларды негізді тұрғыда дәлелдеуге мүмкіндік беру;

- студенттердің алынған шешімнің алуан түрлі нұсқаларын өз бетімен дәлелдеу қабілеті.
Резюме
В статье рассматривается сущность использование проблемного метода обучение при изучении информационных технологии в Вузе.
Summary
The articledeals with the essenceof the problemusingthe method oftrainingin the study ofinformationtechnologyat the university.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14 желтоқсан, 2012 ж. http://www.inform.kz/kaz/article/2518877.

2. Педагогика/Под редакцией Ю.К. Бабанского."Просвещение", Москва, 1983 г.

3. Таубаева Ш.Т. Проблема определения методов педагогического исследования / // Этнопедагогика в системе образования. - 2007. - 5. - с.61-66.



4. Оконь В. Проблемное обучение как средство формирования межпредметных компетенций выпускника /Фестиваль педагогических идей. – Москва. - 2012.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет