154
жарқын бір көрінісі. Оның көптеген үлгілерінен түрлі дәуір,
қилы кезеңдерге тән танымдық ақпараттар, эпикалық дәстүр
шеңберінде жеткен тарихи-этникалық үрдіс көріністері аса мол
ұшырасады»
1
.
Қазақ эпосы туралы бағалы пікірлер В.Радлов,
Г.Потанин,
М.Готовицкий,
Ш.Уәлиханов,
Ә.Диваев,
Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Р.Бердібай т.б. зерттеулерінде бар.
Әдебиеттің эпикалық тегінде шығарма кейіпкерлердің (қа-
тысушы адамдардың) тағдырын, іс-әрекеттерін, көңіл-күйін, сю-
жеттің негізі болатын кейіпкерлер өміріндегі оқиғаларды
баяндауға құрылады. Эпикалық туындылардағы баяндауға оқиға
өтетін орын мен мезгілді,
адамдарды, заттарды суреттеу (пей-
заждар, тұрмыстық жағдайды, кейіпкерлердің сыртқы түрін си-
паттау), авторлық толғаныстар, кейіпкерлердің сөздері – диа-
логтар, монологтар кіреді. Эпикалық шығармалар әдебиеттегі
көркемдік бейнелеу тәсілдерін молынан пайдаланады және
олардың көлеміне шектеу қойылмайды. Эпосқа әдебиеттің тегі
ретінде алғашқы эпикалық үлгілерден бастап, шағын әңгімелер
(ортағасырлық, Қайта өрлеу дәуіріндегі новеллалар, А.Чехов
әңгімелері, қазақ әдебиетінде Б.Майлиннің әңгімелері), ұзақ
тыңдауға немесе оқуға арналған шығармалар: өмірді мүмкінді-
гінше кеңінен қамтып суреттейтін
романдар мен эпопеялар кі-
реді. Әлемдік әдебиет мұралары «Махабхарата», «Иллиада»,
Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», Дж.Голсуорсидің
«Форсайттар туралы сага» және т.б. романдар. Қазақ әдебиетінде
М.Әуезовтің «Абай жолы», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»,
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» және т.б. романдар.
Эпикалық шығармаларда әдебиеттің басқа тектерінде
мүмкін емес ауқымда көп кейіпкерлер, түрлі жағдайлар, оқиға-
лар, саналуан тағдырлар, детальдар молынан суреттеледі, ұзақ
дәуірлердің, тұтастай тарихи кезеңдердің суреті беріледі және
баяндау формасы адамның ішкі
әлемінің жықпыл-жықпылын
терең талдауға мүмкіндік береді. Эпикалық шығармаларда жан-
ды қозғалыстағы, қалыптасу, даму үстіндегі, күрделі, қарама-
қайшылығы мол характерлер сомдалады. Әрине, эпикалық тектің
бұл мүмкіндіктері барлық шығармаларда бірдей қолданылмай-
1
Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос. -Алматы, 2000. 30-б.
155
ды. Алайда «эпос» сөзі өмірді мейлінше кең ауқымда, тұтастықта
көркем бейнелеу, дәуір табиғатын ашу түсінігімен тығыз байла-
нысты.
Жалпы жанрға байланысты «баяндау әдісі», «бейнелеу
тәсілі» ұғымдары жиі қолданылады. Эпикалық шығармаларда
баяндаушының қатысы аса маңызды. Ол бейнеленген оқиға мен
оқырман арасындағы делдал, кейде
суреттелетін оқиғалар мен
кейіпкерлердің куәсі немесе түсіндірушісі қызметін атқарады.
Әдетте эпикалық туындының мәтінінде баяндаушының тағдыры,
оның кейіпкерлермен қарым-қатынасы, ойы мен сезімі туралы
мәлімет кездеспейді. Алайда кез келген эпикалық шығармада
баяндаушының өзіне тән әңгімелеу мәнері, өмірді тану, ойлау
ерекшелігі сезіледі. Баяндаушы тұлғасы ұғымы әдебиеттануға
Б.М.Эйхенбаум, В.В.Виноградов, М.М.Бахтин еңбектері арқылы
енді.
Эпикалық туындыларда баяндаудың түрлі тәсілдері бар.
Баяндаушының
өзін алыс ұстап, оқиғаларды бейтарап, салқын-
қандылықпен, мейлінше объективтілікпен баяндау тәсілі кеңірек
тараған. Мысалы, Гомердің «Иллиадасы» мен «Одиссеясынан»
бергі кезеңдегі шығармалардағы баяндау үлгісі, орыс әдебиетін-
дегі – Л.Толстой, Ф.Достоевский, И.Тургенев, А.Чехов шығарма-
лары, қазақ әдебиетінде – М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов,
Ә.Нұрпейісов т.б қаламгерлер романдары.
Сонымен қатар субъективті баяндау, яғни баяндаушының
бір кейіпкерінің ойы мен әсеріне еніп, дүниеге соның көзімен
қарауы да кездеседі. Мысалы, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» ро-
манында Бекболаттың, Мұқаштың
өздеріне мінездеме беріп,
оқиғаны өз көзқарастары тұрғысынан баяндауға тырысуы. 1970-
90 жж. қазақ прозасында Д.Исабековтің «Гауһар тас» повесінде
жеңгесі жайлы оқиға қайнысы Қайыркеннің көзімен әңгімеле-
неді. О.Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным», С.Санбаевтың
«Көп-ажал» повестеріндегі баяндаушылар осы санатта.
Эпос жанры әдеби тектердің ішіндегі ең күрделісі, әрі ең
көлемдісі болғандықтан, ол өз ішінде бірнеше жанрлық түрлерге
жіктеледі. Эпикалық прозаның ежелгі үлгісіне миф жатады.
Адамзат ертеден өздерін қоршаған ортаның түп қазығын,
тамырын тануға деген талпынысы толастамаған, жаратылыстың
156
тылсым құпиясына ой жіберуге әрдайым дайын болған. Миф –
табиғаттан тыс жай және «таңғажайып» құбылыстар мен оқи-
ғалар туралы аңыз-әңгімелер. Ол - алғашқы қауымдық қоғам
адамдарына тән дүние туралы қиял-ғажайып ұғым. Қазақ мифо-
логиясы әлемнің кез келген бұрышындағы адамзаттың небір
қиялдары мен арманының жемісі болған аңыздарға бай болды.
Достарыңызбен бөлісу: