С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет48/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Кезекті қайталау эпифора 
– 
(грекше epiphora
– 
қосымша) – мәтіндегі сөйлемнің соңында немесе өлең жолының 
аяқ жа-ғында бір сөзді әдейілеп бірнеше рет қайталай беру, сол 
арқы-лы қайталанған сөзге ерекше мән үстеу, айрықша тыныс 
беру, арнайы назар аудару. Эпифора - поэзиялық шығармаларда 


139 
жиі кездесетін бейнелеу тәсілдерінің бірі. Ж.Әбдіраштың «Көше 
тәр-тібі» өлеңінде осы тәсілді көреміз: 
Мінетін жерің – мына ара, 
Түсетін жерің – мына ара, 
Тоқтайтын жерің – мына ара, 
Соқпайтын жерің – мына ара, 
Өтетін жерің – мына ара, 
Жететін жерің?... 
Сұрама! 
Прозалық шығармаларда да сөздерді қайталау ойға эмо-
циялық ажар, әуезділік сипат береді. Ол мәтінге ырғақ, ерекше 
экспрессивтік бояу дарытады. О.Бөкеев шығармаларындағы 
қайталау - поэтикалық тілдің элементі. О.Бөкеев туындыларында 
жекелеген сөздерді, сөз тіркестерін әр кезеңде қайталап отыру 
табиғат суретіне айрықша реңк дарытып, оның саздылығын, 
әсерлілігін күшейтеді. Жазушының баяндау мәнерін ерекше-
лендіретін синтаксистік тәсілдің бірі экспрессивтік даралау қыз-
метіндегі қайталаулар болып табылады. Мысалы, қаламгер 
«Мезгіл әуендері» суреттемесінде көктем мезгілін: «Ұйқылы-ояу 
табиғат дүр сілкінді де, жылдар бойы қаңсып, табанын тас 
отарлаған жасыл жағалаулы көне арнамен, алтын ағысты, асығыс 
ағысты, сұрапыл шуымен сел ақты; ол көктемгі тасқын
ұмытылған қаңсық арнаға оқыс құлаған, бір кезде қағажу көрген 
судың байып, өз еркі, өз ырқы өзіне тиген соң, құлындай 
құлдыраған әрі бақытты, әрі шаттықты, уа, қайғылы сұңғыла са-
пары - оң сапары еді; бұлақты адасып барып, алжасып барып ар-
насын тапқан тасқынның Толқыны, салтанатты Толқыны, шыр-
қап салған ғажап даусы жарып барады... е, ақсарбас... е, ақсарбас 

жылайды Толқын, шулайды Толқын, тулайды Толқын; бұл - 
ғайыптан емес, табиғаттан пайда болған, жаһан құрсағын тепсіне 
шығып, еңіреп келген айналайын алапат тасқынның кеуделі де 
кесірлі Толқыны!» - деп суреттейді. 
«Толқын» сөзінің жиі қайталануы автор толғанысына эмо-
циялық әр қосып, ерекше ырғақ, көтеріңкі леп берген. Мұндай 
тәсіл автордың табиғат тамашасына бас ию, табыну көңіл-күйін 
күшейтеді. Бөкеевте лексикалық қайталаулар анағұрлым күрделі 
тәсіл синтаксистік қайталаудың бір компоненті түрінде көрінеді. 


140 
Жиі кайталанып, тұрақты түрде кездесетін сөздер шығарманың 
негізгі ойын ашуға септеседі. 
4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет