19
деп атайды. Бұл қабаттың сыртында қашықтау орналасқан моле-
кулалар қабатын
екінші немесе
қашық гидротация деп атайды.
Иондармен
байланысқан суды
осмостық байланысқан су деп
те атайды. Клеткалар мен ұлпалардағы суды
бос жəне
байланыс-
қан деп екі түрге бөледі. Байланысқан су
осмостық (иондарды,
молекулаларды гидраттайтын),
коллоидтық жəне
қылтүтікті
байланысқан деген түрлерге бөлінеді.
Клеткадағы су осмос жəне биокаллоидтардың бөрту күші-
мен ұсталып тұрады. Цитоплазмадағы қанттар, тұздар, липидтер
жəне басқа қосындылар судың күйіне əсері үлкен. Клеткадағы
ең суы көп бөлік –
вакуоль.
Егер
клетканы таза суға малса, онда осмостық заңдылық-
тарға байланысты су клетканың ішіне енеді де, вакуольдың кө-
лемі ұлғайып, протоплазманың қысымынан клетка қабығы
керіледі. Ал клетка қабығы протоплазмаға кері қысым жасайды.
Клетканың осы күйін
керілген (тургорлық) деп, қабықтың қарсы
қысымын
тургорлық (керілу) қысым деп атайды.
Клетка суға
толық қаныққан кезде осмостық қысым (П) тургорлық қысымға
(Т) тең болады:
П=Т; П=0.
Достарыңызбен бөлісу: