С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина


№ 5 БЛОК. Босану патологиясы



бет13/31
Дата17.06.2016
өлшемі5.99 Mb.
#141854
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

5 БЛОК. Босану патологиясы.


Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.

Бастапқы тест сұрақтары

1. Ұрықтың дұрыс орналаспауы кездесу жиілігі 0,5-0,7% құрайды:

Иә

Жоқ



2. Ұрықтың көлденең орналасуында ұрықтың жүрек соғысы кіндік деңгейінде естіледі:

Иә

Жоқ



3 . Ұрықтың дұрыс орналаспауы көбінесе өте жас алғаш босанушыда кездеседі:

Иә

Жоқ



4. Ұрықтың көлденең орналасуы кесар тілігі операциясына көрсеткіш болып табылады:

Иә

Жоқ



5. Ұрықтың дұрыс орналаспауында көбінесе асқынуларының бірі қан ағу болып табылады:

Иә

Жоқ



6. Ұрықтың көлденең орналасуы деп, егер ұрықтың ұзына бойы өсі жатырдың ұзына бойы өсімен тік бұрыш жасайтын болса, айтамыз:

Иә

Жоқ



7. Асқынған ұрықтың көлденең орналасуы қағанақ суы кеткен соң 2 сағаттан соң қалыптасады:

Иә

Жоқ



8. Ұрықтың көлденең орналасуының негізгі себебі ол - көпсулық:

Иә

Жоқ



9. Ұрықтың дұрыс орналаспауында әйелдің өзі босануы мүмкін:

Иә

Жоқ



10. Ұрықтың көлденең орналасуын арқа жотасымен анықталады:

Иә

Жоқ



Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.

Бастапқы тест сұрақтарының жауаптары




  1. Иә

  2. Иә

  3. Жоқ

  4. Иә

  5. Жоқ

  6. Жоқ

  7. Жоқ

  8. Иә

  9. Жоқ

  10. Жоқ

5 БЛОК. Босану патологиясы.



Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.
Қорытынды тест сұрақтары:
1 . Ұрықтың көлденең орналасуында кездесетін асқыну:

А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі

Б) жүкті әйелдердің ісігі

В) құрсақ ішілік гипоксия

Г) антенаталды ұрықтың шетінеуі

Д) нәрестенің туа пайда болған ақаулары


2. Ұрықтың көлденең орналасуында босанудың бірінші кезеңіне тән:

А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі, кіндік бауының түсіп қалуы

Б) аса күшті босану толғағы

В) кіндік бауының түсіп қалуы

Г) нәресте қолдарының қайырылып қалуы

Д) жатыр жыртылуы


3. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелді сыртқы акушерлік тексеру барысында: ІӨ- 105 см, ЖТБ – 36 см, пальпацияда сол жақтан ұрық басы, оң жақтан жамбас анықталады, кіші жамбасқа жатқан бөлігі анықталмайды. Диагнозыңыз:

А) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Бірінші позиция.

Б) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Бірінші позиция.

В) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Екінші позиция.

Г) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Екінші позиция.

Д) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың қиғаш жатуы. Екінші позиция.


4. Мезгілі жеткен жүкті әйелде ұрықтың көлденең жатуы анықталды. Босандыру жоспарының тиімді әдісін табыңыз:

А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау

Б) кесар тілігін жедел түрде жасау

В) босану әрекетінің басталғанына дейін ұрық басымен келуі үшін сыртқы бұруды жасау

Г) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау

Д) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрық басымен келуі үшін сыртқы – ішкі бұруды жасау.


5. Асқынған ұрықтың көлденең орналасуына тән:

А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі

Б) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, аяғының түсуі

В) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының қайырылып қалуы

Г) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі

Д) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылдай алуы, қолының түсуі


6. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелде көпсулық анықталды. Пальпацияда сол жақтан жатыр түбінде басы, ал оң жақта шат аймағында жамбасы анықталады. Диагнозыңыз:

А) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы. Бірінші позиция.

Б) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Бірінші позиция.

В) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Бірінші позиция.

Г) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Екінші позиция.

Д) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Екінші позиция.


7. 25 жастағы мезгілі жеткен жүктілікпен алғаш босанушы әйелде ұрықтың орналасуы қиғаш, толық емес бала жолдасының жатуы және болжама нәресте салмағы 3200,0г. екендігі анықталды. Босану жоспарын құрыңыз:

А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау

Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау

В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықты жамбасынан экстракция жасау.

Г) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде Цовьянов әдісін қолдану Д босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану
8. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен қайта босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың көлденең орналасуы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3200,0г. Босану жоспарын құрыңыз:

А) кесар тілігін жасау

Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау

В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықтың аяқпен келуі үшін сыртқы-ішкі бұруды жасап, жамбасынан экстракция жасау.

Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.

Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану


9. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан және қағанақ суы кеткеніне 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың қиғаш орналасуы, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты екендігі анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану жоспарын құрыңыз:

А) кесар тілігін жасау

Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау

В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықтың аяқпен келуі үшін сыртқы-ішкі бұруды жасап, жамбасынан экстракция жасау.

Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.

Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану


10. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйелде көпсулық, ұрықтың қиғаш орналасуы, ұрық басы оң жақ шат аймағында жатқандығы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану жоспарын құрыңыз:

А) окситоцин ді көктамырға енгізу

Б) кесар тілігін жасау

В) амниотомия, қағанақ суын жаймен жіберу, ұрықтың ұзыннан орналасуы анықталғанда, босануды консервативті жүргізу

Г) қолмен жасалатын классикалық әдіс

Д) жамбасынан экстракция жасау.

5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.

Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары:



  1. А

  2. А

  3. Б

  4. А

  5. А

  6. В

  7. А

  8. А

  9. А

  10. В


Тапсырма № 18.

1.Тақырып: Ұрықтың жамбаспен орналасуы.
2. Пән мақсаты: студенттерді ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасауда және босануды жүргізу жоспарын құруды үйрету.

3. Пән талаптары:

1) Ұрықтың жамбаспен орналасудың классификациясын білу.

2) Ұрықтың жамбаспен орналасуының диагностика әдістерін білу.

3) Ұрықтың жамбаспен орналасуында босануды жүргізу жоспарын құруды және болжам жасауды білу.

4) Ұрықтың жамбаспен орналасуында кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді білу.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Ұрықтың жамбаспен орналасуының классификациясы, себептері, диагностика әдістері, босану биомеханизмі.

2) Ұрықтың жамбаспен орналасуында жүктілікті жүргізу және ағымының ерекшеліктері.

3) Ұрықтың жамбаспен орналасуының босану ерекшеліктері.

4) Ұрықтың жамбаспен орналасуында кесар тілігі операциясына көрсеткіштер
5. Оқыту және оқу әдістері:

1) Бастапқы білім деңгейін тексеру.

2) Оқытушымен жұмыс жасау. Таблицаларды, фантомдарды, бейнематериалдарды қолдану арқылы теориалық материалдарды талдау.

3) Кіші топтарда жұмыс жасау(2-3 студент): Ұрықтың жамбаспен орналасуы кезінде босану тарихын талдау, ситуационды есептерді шешу.

4) Оқытушымен жұмыс жасау. Түсініксіз сұрақтарды талдау

5) Алған білімді қорытындылау (қорытынды тест сұрақтары).


6. Әдебиет:

Негізгі:


1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

Дополнительная:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.
7. Қорытынды (бастапқы және қорытынды тест сұрақтарын талдау:

СОӨЖ Тапсырма № 18.

1.Тақырып: Ұрықтың жамбаспен орналасуы.
2. Пән мақсаты: Ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасауда және босануды жүргізу жоспарын құруда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
3. Пән талаптары:

1) Ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасауда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

2) Фантомда ұрықтың жамбаспен орналасуында босану биомеханизмін көрсете алу.

3) Ұрықтың таза жамбаспен және аяқпен жатуында Н.А. Цовьянов бойынша дағдыларды қалыптастыру.

4) Қолмен жасалатын классикалық әдіс дағдыларын қалыптастыру.
4. Өткізу әдісі:

Кіші топтарда фантомда жұмыс жасау (2-3 студент)


5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1) Фантомда студенттер ұрықтың жамбаспен орналасуын диагностика жасайды.

2) Фантомда ұрықтың жамбаспен орналасуында босану биомеханизмін көрсетеді.

3) Ұрықтың таза жамбаспен және аяқпен жатуында Н.А. Цовьянов бойынша дағдыларды жетілдіреді, қолмен жасалатын классикалық әдіс дағдыларын қалыптастырады.


6. Берелетін мәліметтер:

Кестелер, суреттер


7. Әдебиет:

Негізгі:


1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет