1 тапсырма. Тобыңызбен бірге өз дәстүріңізді таныстырыңыз.
Дайындыққа оқушыларға 2 минут уақыт беріледі.
2 тапсырма. Дәстүрге байланысты отбасылық мерекеде орындауға болатын әуен шығарыңыз.
1 топ «Атқа мінгізу»
Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Өнеге, өнер таба біл.
2 топ «Тұсау кесер»
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
3 топ «Тілашар».
Мен оқушы баламын –
Оқып, білім аламын.
Мектеп-ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
Әр топқа өлеңдер беріледі. Оқушылар сол өлеңге арналған әуен шығаруы тиіс.
Әр топқа ноталар мен нота желісі беріледі. Оқушылар 7 түсті асықтарды қолданып әун шығарады
3 тапсырма.Өз шығармаңызды орындаңыз және басқа топтарға баға беріңіз.
Оқушылар бағалау парақтарын тақтаға іліп топтық жұмысын бағалайды.
Сыныппен бірге ән орындау.
«Табиғат көңілі» әнін аспаптарда сүйемелдей отырып орындау.
Оқушылар әнді орындау барысында екі топқа бөлінеді. 1 топ аспапта сүймелдесе, 2 топ дауыспен айтады. Соанан соң топтар ауысады.
|