Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



бет8/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#19599
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

8- апта. 2. балл.

Реферат тақырыптары:

    1. ЖЭС-тің шығу алғышарты.

    2. ЖЭС-тің мәні мен мазмұны.

    3. ЖЭС, оның маңыздылығы мен бағыттары.

    4. КСРО-ның идеологиясы.

    5. КСРО-ға ЖЭС-тің әсері.

    6. ЖЭС-тің нәтижелері мен қорытындылары.

    7. ЖЭС-тің КСРО-ға әкелген пайдасы мен зияны.

    8. 1921-1922 ж.ж. ашаршылық.

    9. Жер-су реформасы.

    10. КСРО-ның 20 жылдардағы ішкі саяси жағдайы.


9-апта.

КСРО ұжымдастыру жылдарында. ІІ-ші дүниежүзілік

соғыс қарсаңы (1926-1940ж.ж.).

Жоспары:

  1. Индустриализация және ұжымдастыру.

  2. КСРО ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңында.

  3. 20-40ж.ж. мәдениеттің дамуы.


1. Партияның ХІҮ съезінің шешімі бойынша елде барлық ескі кәсіпорындарды жаңаланатын болды. Ескі фабрикалар мен заводтар реконстукцияланды, жаңа ірі өнеркәсіптер мен электростанциялар салына бастады. 1926-1927 жылдардың өзінде 788 кәсіпорын салынып бітті. Өмірге ГОЭЛРО жоспары енді. Тбилиси жанындағы Зем-Авчал гидроэлектростанциясы және Донбасстағы Истеров электростанциясы тоқ берді. Днепрде алыпты гидроэлектростанция салына бастады. Сонымен қатар Свирск ГЭС-ның құрылыс жаңданды.

1927 жылдан бастап Қазақстанның шөлдерінде Сібірдің орман және бидай аудандарын Орта Азияның мақта аудандарымен байланыстыратын ТүркСіб темір жолы салына бастады.

1927 жылдың өнеркәсіптің ішкі өнімі 1913 жылғы деңгейден 11%-ға артты. 1928 жылы өнеркәсіптің ішкі өнімі 82,4% жетті. Осылайша елдің ішінде жүргізілген индустриализациялану саясаты өнеркәсіп саласында артта қалған республикалардың шаруашылық және мәдени потенциалын артты.

Тек индустриализациямен шектелмей КСРО ауыл шаруашылығын да көтеруді мақсат көрді. Ауылда сол кезде 25 млн.-ға жуық ұсақ шаруалардың шаруашылығы болатын. Соның ішінде 35% кедейлердің, 60% - орташалардың және 5% ауқаттылардың шаруашылықтары. Ауыл шаруашылықтың жалпы жағдайы артта қалушылықпен сипатталды. Ауылдарда әлі де болса қол еңбегі пайдаланылған.

Ұсақ шаруашылық ірі өнеркәсіптерді шикізатпен қамтамасыз ете алмады. Сонымен қатар ұсақ шаруашылықта техника мен агроэкономикалық ғылымды пайдалануға мүмкін емес еді. Қалалардағы ірі өнеркәсіптер мен ауылдағы төмен деңгейдегі ұсақ шаруашылық бір-біріне сәйкес келмеді. Сондықтан да ауылдарда жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу үшін ауыл шаруашылығын жаңа техникамен, ауыл шаруашылық мамандарымен қамтамасыз ету қажет болды.

Мемлекет ауылдарды техникамен қамтамасыз ету мақсатында бар күш-жігерлігін салды. Осы бағытта Саратов, Ростсельмаш, Волгоград және Харьков қалаларындағы ауыл шаруашылық машина жасау өнеркәсіптері сансыз көп комбайн, трактор т.б. жасай бастады.

1928 жылы КСРО тұңғыш машина-трактор станциясы (МТС) құрылды. Бұл әдіс ауылдар үшін өте қолайлы болды. Мемлекет барлық ауыл шаруашылық аудандарда көптеп МТС құра бастады. 1929 жылы ұжымдастырудың негізгі тірегіне айналған МТС-дың саны 159 жетті. МТС жұмыс істеген аудандарда жылдам түрде колхоздар құрыла бастады.

2. Сол кезде Европада ауыр жағдайлар болып жатты. ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың бастамасы күшіне ене бастады. Фашисттік Германия Европада агрессиялық саясатын жандадырыпКСРО-ның шекарасына әскерін дайындады.

Сондықтан да КСРО бір жағынан қорғанысын күшейте бастады. 1939 жылдың басында кеме, авиация, қару-жарақ жасайтын өнеркәсіптерді бақылайтын наркоматтар құрыла бастады.

Қорғанысты күшейту үшін елдің елдің көптеген қаржылары кете бастады. 1939 жылы «әскери борышыњ жөнінде жаңа заң қабылданды және әскери анттың сөздері жаңаланды. 1941 жылы қаңтарда Қызыл армия саны 4,2 млн. жауынгерге толды. Әскери өнеркәсіптері техниканың жаңа түрлерін шығара бастады, әсіресе ұшақтар, танктер, артиллерия, автоматтылық атқыш қарулары көптеп салына бастады. Соғыс қарсаңында КСРО-ның халқы 191,7 млн. болатын.

1940 жылы КСРО-да 15 млн. тонн шойын, 18,3 млн. тонн болат, 166 млн. тонн көмір, 31,1 млн. тонн мұнайөндірілді. Ауыл шаруашылықта да КСРО көп жетістктерге жетті. 1940 жылы елдің бүкіл өндірілетін жер көлемі150,6 млн. га жетті.соның ішінде дақыл өнідірісі – 110,7 млн. га қамтыған.

1940 жылы нанның өндірісі 95,6 млн. тонн, шикі мақта – 2,24 млн. тоннаны құрады. Ауыл шаруашылықта 7100 МТС, 531 мың трактор, 182 мың дақыл комбайн, 228 мың. жүк машина және 1,4 млн. механизаторлар жұмыс атқарды. Осындай дайындығымен кеңес адамдары соғысты қарсы алды.

3. Кеңес елінің басты мақсатының бірі ол ел ішінде мәдени революцияны іске асыру болатын. Осы салада Ком.партияның көрнекті өкілдері Н.К.Крупская, М.И.Калинин, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко т.б. бар күш-жігерлігін салды. КСРО-да жоғарғы оқу орындары мен студенттердің саны бүкіл Батыс Европа елдерін барлығын алып қосқанда асып тұрды.

Орта және жоғарғы оқу орындарымен қатар елде ғылымда дами бастады. Кеңес ғалымдары, инженерлері, конструкторларытүрлі машина, станок, прибор т.б. ойлап тапты. Геологтар жаңа шикізат көздерін таба бастады. Кеңес зерттеушілері-географтар елдің Солтүстігін игере отырып, дүниежүзілік географиялық ашуларына көп үлесін қосты.

1937 жылы мамырда М.В.Водопьянов басшылық еткен ұшқыш-полярниктердің тобы Солтүстік полюс ауданында И.Д.Папанин экспедициясын түсірді. 274 күн папандықтар мұз үстінде 2500 км жүріп өтті. Олар Арктика туралы өте көп ғылыми материалдар жинақтады.

Елімізде физика, химия, математика секілді ғылымдар өте зор дамыды. С.В.Лебедев, Н.Д.Зелинский, А.Е.Фаворский, А.Н.Бах т.б. химия саласында көп жетістктерге жетті.

Физиология ғылымында классикалық зерттеулерді әсіресе нерв саласында академик И.П.Павлов жүргізді. Ядерлік физика саласындағы жұмыстарды Д.Д.Иваненко, Д.В.Скобельцын, Б.В. және И.В.Курчатовтар, Л.И.Мандельштам, А.И.Иоффе, П.Л.Капица және басқалар атқарған.

Кеңес жазушылары мен ақындар сол кездегі осы саладағы дүниежүзі белгілі адамдардан кем болмаған. Олардың қатарына В.Маяковскийді, М.Шолоховты, А.Фадеевті, А.Макаренконы, Л.Леоновты, А.Толстойды, А.Твардовскийді т.б. көптеген адамдарды қосса болады.



9- апта.3 балл
Реферат тақырыптары.

1.КСРО дағы индустриализация

2.Ұжымдастыру, кулактарды тәркілеу және оның нәтижесі.

3.20 жж. «Оппозициямен» күрес.

4.С.М. Кировтың өлтірілуі. Жаппай террордың басталуы.

5..КСРО ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы саясат.

6.КСРО ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы әлеуметтік экономикалық жағдайы.

7.20-40ж.ж. әдебиеттің дамуы.

8.20-40ж.ж. өнер.

9. ІІ –ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы КСРО-ға батыс елдерінің қарым-қатынасы.

10. КСРО-ның ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы

ішкі жағдайы.



10-апта.

Ұлы Отан соғысы (1941ж. маусым – 1945ж. )

Жоспар:

  1. Соғыстың басталуы.

  2. Ұлы Отан соғысы кезінде түбегейлі өзгеріс. Фашисттік Германияның тізе бүгуі.

  3. Империалистік Жапонияның талқандалуы.


1. Буржуазиялық Польшаны 1940 жылы жазда талқандаған соң фашисттік Германия Данияның Норвегияны, Бельгияны, Нидерландыны, Люксембургті және Францияны талқандап, Англияға жорық жасауға дайын тұрды.

1941 жылдың басында Болгария, Венгрия және Румыния үкіметтерінің рұқсатымен Германия осы елдерге өзінің әскерін кіргізді. Тура осындай келісім Финляндиямен де жасасты. 1941 жылы сәуірде Германия мен Италия Греция мен Югославияға агрессиясын ұйымдастырып жаулап алды. Оның алдында Италия Албанияны жаулап алған болатын.

Германияның бас штабы Кеңес еліне агрессиясын ұйымдастырудағы ерекше жоспар жасады. Тарихқа бұл жоспар қанішер герман королі Барборосса атымен енді. Жоспар бойынша немістер бары-жоқ 6-8 аптада барлық кеңес әскерлерін батыс шекара аудандарында-ақ жоюды көздеген.

1941 жылы 22 маусымда таңертен сағат 04.00-де фашисттік Германия соғыс жарияламай КСРО еліне басып кірді. КСРО-на қарсы Германия 190 дивизия, шамамен 5,5 млн. жауынгер, 50 мыңдай зеңбірек пен миномет, 4300 танк, 5 мыңдай әскери ұшақ және шамамен 200 әскери кеме жіберді.

Неміс-фашист әскерлері шабуылды Баренцтен Қара теңізге дейін созылған кеңістік майданында бастады. Бұл майдан бірнеше мың км. созылған болатын. Соғыстың бірінші күнінен немістердің шабуылындағы басты бағыттары анықталды. Шығыс Пруссиядан Прибалтика арқылы Ленинград қаласына Солтүстік әскери тобы, оңтүстікке – Оңтүстік әскери тобы, ең басты бағытты Мәскеу қаласына жылжыған Орталық әскери тобы болды.

1941 жылдың шілденің басында неміс-фашисттік әскерлер Литваны, Латвияның үлкен бөлігін, Белоруссияның батыс бөлігін және Украинаның батысындағы кейбір аудандарды алып әрі қарай жылжыды. Кеңес елі үшін ауыр жағдай келді.

Қызыл Әскердің қарсылығы күшейе берді. Смоленск түбіндегі шайқас екі айға созылып, 1941 жылдың қыркүйегіне дейін жаудың агрессиясын тоқтата білді. Бұл кеңес әскерінің тұңғыш стратегиялық жетістігі болды.

Тура осылай екі жарым ай Одесса берілмеді. Фашисттік Германия КСРО-на шабуылды бастаған соң, Англия мен АҚШ халқының қысымымен Кеңес елін қолдауға мәжбүр болды. Кейінрек Англия мен АҚШ КСРО-мен Германияға қарсы бірігіп соғысуға келісті. Бұл келісімге қол қоя турып, Англия мен АҚШ үкіметтері КСРО-ның күшімен өздерінің герман, жапон және итальян бәсекелестерін жоймақшы болды.

Солтүстік майданда герман әскерлері 1941 жылы тамызда Ленинградқа жетіп, осы қаланы қоршап алды. Осылайша 900 күнге созылған Ленинград қаласының блокадасы басталды.

Смоленск, Ленинград, Одесса, Киев және Севастополь қалаларының герман-фашистік әскерлеріне ерлікпенен қарсылығын көрсетуі фашисттік Германияның «қауыртњ жоспарын іске асыртпады және Мәскеуде алып қалды.

1941 жылы жазда Мәскеу бағытындағы тоқтатылған неміс-фашисттік әскерлері 30 қыркүйекте шабуылын жаңадан күшейтті. Жауды Мәскеуге жақын қалған жолда тоқтатып, Қызыл Әскер 1941 жылы желтоқсанда контршабуылын бастады. Батыс майданында - әскер генералы К.Г. Жуков, Калинин майданында – генерал-полковник Конев, ал Оңтүстік-Батыс майданында КСРО-ның маршалы С.К.Тимошенко шабуылдады. Контршабуыл нәтижесінде жауға қатты соққы берілді, кейбір жерлерде немістер 100-250 км. ығыстырылды.

2. 1942 жылы жазда Сталинград түбінде шайқастар басталды. Неміс басшылығы қаланы алуда өзінің теріп алынған әскерлерін жіберді. Сталинград бағытында Германия 18 дивизия, 700 танк, 7500 зеңбірек пен миномет және 1200 әскери ұшақ жіберді.

Қаланы В.И.Чуйков пен М.С.Шумилов генералдары басқарған 62-ші және 64-ші армиялар қорғады. Қала үшін соғыс 140 күнге созылды. Немістердің күшін әбден тоздырған кеңес әскерлері тек 19-20 қараша күндері Оңтүстік-Батыс, Дон және Сталинград майдандарында контршабуылды бастады.

Бұл шабуылдарда басқолбасшылықты Г.К.Жуков пен А.М.Василевский атқарды. Жау әскерлерінің көп бөлігі талқандалып, 22 неміс-фашисттік дивизия 330 мыңдық жауынгерлерімен қоршауға түсті. Олар 1943 жылы 2 ақпанда тізе бүкті.

1943 жылы көктемде екі жақта уақытша сабырлық сақтады. Жаудың басшылығы жазда шабуылды жаңадан бастауға үміттенді. Неміс-фашисттік әскерді 2 млн. жуық адам толтырды. Сонымен қатар майданға жаңа мықты «Тигрњ және «Пантерањ танктері, «Фердинандњ жылжымалы зеңбіректер жетті. Дивизиялардың саны 257 дейін өсті.

Шабуыл 5 шілдеде басталды. Бірақ Кеңес елі бұған дайын тұрды. Жаудың шабуылы алдында кеңес әскері зеңбіректерден оларды отқа көмді. Авиация жау тұрақтанған аудандарға бомбалар лақтырды. Немістердің кеңес майданын кесіп өту әрекеттерін іске асыртпады. Сондықтан да немістер шабуылдан қорғануға өтуге мәжбүр болды. Фашистер 30-дан астам дифизия, 1500 аса танк және шамамен 650 әскери ұшағын жоғалтты.

Жаудың әскерін әбден шаршатып және тоздырып, генерал К.К.Рокоссовский, Н.Ф.Ватунин, И.С.Конев, Р.Я.Малиновский және солардың барлығын жоғарыдан басқарған Г.К.Жуков пен Василевский әскерлері бірнеше майданында шабуылын бастады.

Курск түбінде болған шайқас – КСРО-ның Германияны жеңудегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Курск шайқасынан кейін кеңес әскерлері Киев, Новороссийск және Керчь қалаларын босатуға ұмтылды. Фашисттік лагерьде бытыраңқылық өріс алды. Бенито Муссолини өлген соң Италия соғыстан шығып, жаңа үкімет АҚШ, Англия және КСРО-мен келісімге келді.

1943 жылдың соңында соғыс кезіндегі түбейгелі өзгеріс іске асты. Соғыс өзінің соңына келген болатын. Тегеранда үш негізгі мемлекеттерінің ел басыларының тұңғыш кездесулері өтті. Олардың басты мақсаты ол – антигитрлерлік коалиция құру болды. Конференцияға Англия, АҚШ және КСРО-ның ел басылары – У.Черчилль, Ф.Рузвельт және И.В.Сталин қатысты. Ең басты мәселе ол екінші майданды ашу болды. Нәтижесінде екінші майдан 1944 жылы Солтүстік Франция территориясынан ашылатын болды.

Тегераннан қайтар жолда Рузвельт пен Черчилль Каирде Қытайдың президенті Чан Кайшимен кездесіп Каир декларациясына қол қойды. Ол бойынша осы мемлекеттер Жапонияға қарсы соғысты бастауға, Қытайды Жапонияның қысымынан біржола босатуға, оның Тынық мұхитындағы барлық аралдарын тартып алуға және Кореяға тәуелсіздігін беруге келісті.

1944 жылдың соңында Германияның жағдайы өте ауырға түсті. Одақтастардың әскерлері оның шекарасында тұрды. Финляндия, Румыния және Болгария Германияға соғыс жариялады. Бірақ вермахт әлі де болса берілмеді. Немістердің тағдыры сұмдыққа айналды. Соғыс енді Германияның өзінде өтіп жатты. Тек Дрезден қаласын бомбылауда бірден 135 мың қаза тапты.

1944 жылы желтоқсанда неміс басшылығы одақтастарға қарсы Арденнада соңғы контрсоққысын ұйымдастырды. Кеңес елі шабуылын 1945 жылы қаңтарда жоспардан бұрын бастады. Висло-Одер операциясының барысында кеңес әскерлері Берлинге барар жолдағы бары жоқ 60 км. жерде тоқтады.

Осы шабуылдың негізінде 4-11 ақпан күндері Қырымда «үлкен үштіктіңњ екінші кездесуі өтті. Ялта-Қырым конференциясында Германияның келешек тағдыры шешілу тиіс еді. КСРО, АҚШ және Англиядан басқа оккупациялау зонасын Францияда алуға тиіс болды. Бірақ ауқыт аз болғандықтан Германияның тағдырын кейінге қалдырды. Германиядан репарация және контрибуция алынатын болды.

КСРО Германияны толық талқандағаннан кейін 2-3 айдан соң Жапониямен соғысуға келісті. Сталиннің шарты КСРО Жапониядан Оңтүстік Сахалин, Курил аралдарын, Манчжуриядағы Қытай шығыс теміржолын және Порт-Артурды қайтару болды.

16 сәуірде Кызыл Әскердің Берлин операциясы басталды. Берлин қоршалып, енді соғыс Германияның басты қаласында өтіп жатты. 30 сәуір күні таңертең рейхстаг төьесінде жеңістің жалау – қызыл жалау ілінген соң, Гитлер атылып өлді. Оның денесін бензинмен қуып өртеді.

7 мамырда неміс әскерлері Батыста тізе бүкті, ал 8 мамыр түнінен 9 мамырда фельдмаршал Кейтель герман үкіметі атынан Берлинде Германияның сөзсіз тізе бүгуі актіне қол қойды. Сол күні кеңес әскерлері бас көтерген Прага қаласын да босатты.осы күннен бастап неміс әскерлерін тұтқындау ұйымдастырылды.

3. Жапониямен соғыста өзінің соңына жақындаған болатын. Сәуірде американ әскерлері Жапония жағалауынан 500 км қашықтағы Окинава аралына түсті. 1945 жылы жазда жапондықтар Филиппин, Индонезия және Үндіқытайдың кейбір бөліктерінен ығыстырылды.

26 шілдеде КСРО, АҚШ және Қытай Жапониядан сөзсіз тізу бүгуді талап етті. Бұл талап Жапония тарапынан орындалмады. 8 тамызда КСРО Жапонияның Квантун әкерімен соғысуға дайындығын мәлімдеді. 6 және 9 тамыз күндері АҚШ-ның президенті Гарри Трумэн бұйырығымен жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге атом бомбыларын лақтырды. Бомбылау нәтижесінде 114 мың адам қаза тапты. 14 тамызда император Хирохито айтуымен жапон үкіметі сөзсіз тізе бүгу туралы хабарлады. Ал 2 қыркүйек 1945 жылы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаны туралы дүниежүзіне ресми түрде хабарландырылды.

ІІ-ші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ең ауыр және ең зардабы мол соғыс болып табылады. Соғысқа дүниежүзінің 80% халқы өмір сүретін 61 мемлекеті қатысты . Соғысушы елдерде 110 млн. адам соғысқа тартылды. Соғыста қаза тапқан адамдардың жалпы саны 65-67 млн. шамалады.


10- апта. 2 балл

Тест тапсырмалары.

1 Қызыл Әскердiң Берлин операциясы қашан басталды

a) 16 сәуiр 1945

б) 2 мамыр 1945

в) 3 наурыз 1945

г) 18 ақпан 1945

д) 6 мамыр 1945

2 "Үлкен үштiктiң" бiрiншi кездесуi қай жылы және қай жерде өткен

a) 1943 Тегеран

б) 1941 Каир

в) 1942 Тегеран

г) 1944 Париж

д) 1943 Париж

3 "Үлкен үштiктiң" екiншi кездесуi қай жерде және қай жылы өттi

a) 1945 Ялта

б) 1945 Берлин

в) 1944 Тегеран

г) 1944 Нью-Йорк

д) 1945 Москва

4 "Үлкен үштiктiң" соңғы үшiншi кездесуi қай жылы және қайда өттi

a) 1945 Потсдам

б) 1945 Краков

в) 1945 Женева

г) 1945 Хельсинки

д) 1945 Варшава

5 II-шi д.ж. соғыста түбегейлi бетбурыс қай жердегi шайқаспен байланысты

a) Сталинград

б) Ленинград

в) Москва

г) Орел


д) Смоленск

6 II-шi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында 900 күн блокадада болған қала

a) Ленинград

б) Москва

в) Сталинград

г) Киев


д) Орел

7 КСРО-ға қарсы уйымдастырылған Трумэн доктринасы бойынша 400 млн. доллар сомасын қай елдер алды

a) Түркия, Грекия

б) Түркия, Болгария

в) Италия, Австрия

г) Грекия, Румыния

д) Австрия, Болгария

8 КСРО-ға қарсы уйымдастырылған Маршалл жоспары бойынша неше европалық елдер 17 млрд. доллар сомасын алуға келiскен

a) 16

б) 14


в) 22

г) 12


д) 10

9 КСРО-да сутегi бомбасын қурған кiм

a) Сахаров

б) Курчатов

в) Королев

г) Мичурин

д) Павлов

10 II-шi д.ж. соғыстан кейiн КСРО-ның әскер саны

a) 11 млн.

б) 9 млн.

в) 13 млн.

г) 7 млн.

д) 3 млн.

11 КСРО-да ең алғашқы баллистикалық ракета қашан сыналды

a) 1949

б) 1951


в) 1952

г) 1953


д) 1948

12 КСРО-да ақша реформасы қашан iске асты

a) 1947

б) 1948


в) 1950

г) 1951


д) 1946

13 Қазақстан Республикасындағы жазалау лагерьдiң бiрi

a) АЛЖИР

б) Спецлаг

в) ГУЛаг

г) Особлаг

д) Архипелаг

14 КСРО тарихында "Ленинград iсi" кiмнiң тусында болған

a) Сталин

б) Ленин


в) Хрущев

г) Брежнев

д) Андропов

15 Хрущевтiң жүргiзген саясаты тарихқа қандай атпен ендi

a) "жылулық"

б) "қайта қуру"

в) "тоқырау"

г) "тоталитаризм"

д) "жаңа бағыт"

16 Брежневтiң жүргiзген саясаты тарихқа қандай атпен ендi

a) "тоқырау"

б) "жылулық"

в) "қайта қуру"

г) "жаңа бағыт"

д) "ызғар"

17 КСРО-да дүниежүзiнде туңғыш рет қай жылы Жер орбитасына серiктi (спутник) жiбердi

a) 1957

б) 1956


в) 1955

г) 1958


д) 1959

18 Хрущев ауыл шаруашылығында қандай дақылға көп назар адуарды

a) жүгерi

б) сулу


в) бидай

г) пiсте


д) арпа

19 Халықаралық премияға ие болған кеңес көркем киносы

a) "Летят журавли"

б) "20 лет без войны"

в) "А зори здесь тихие"

г) "Песнь о Маншук"

д) "Два бойца"

20 Диссиденттер дегенiмiз кiмдер

a) социалистiк жүйеге қарсылық көрсеткендер

б) социализмдi жақтаушылар

в) сатқындар

г) соғысқа қатысқандар

д) интернационалист-ардагерлер

10-апта.

Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

«Қырғиқабақ соғыстыңњ басталуы

Жоспары:


  1. «Қырғиқабақ соғыстыңњ басталуы. Трумэн доктринасы.

  2. Маршалл Жоспары. Жаппай қаруланудың басталуы.

  3. «Қырғиқабақ соғыстыңњ зардаптары.


Мәтіні:

1. «Үлкен үштіктіңњ үшінші кездесуі Потсдам қаласында өтті. Берлин конференциясы өзінің жұмыстарын 1945 жылдың 17 шілдесінен 2 тамызына дейін өткізді. АҚШ-ын Ф.Рузвельтті ауыстырған жаңа президент Г.Трумэн, Ұлыбританияны – лейборист Клемент Эттли басқарды. Осылайша «үлкен үштіктіңњ құрамы өзгере түсті.

Берлин конференциясы оның алдында болған екі конференцияға қарағанда бейбітшілік түрде өтпеді. Конференцияның басты мақсаты ол Германиядағы одақтастардың саясатын шешу болды. Олар Германияның ішінде барлық ұлттық-социалистік ұйымдарды таратуға, уақытысында тарап кеткен саяси партияларды және негізгі азамат құқықтарын қалпына келтіруге, әскери өнеркәсіпті жоюға, милитаристік өнеркәсіпте негізгі қару болған нацистік Германияға қызмет еткен картельдерді таратуға шешім қабылдады.

Германияның мемлекеттік шекарасын нақты анықтағанан кейін оның территориясы 1/4 есеге азайды. Репарацияның жалпы сомасы 20 млрд. Долларды толтырды. Оның 50%-ын Кеңес елі алуға тиіс болды. Германиядағы барлық билік оккупациялаған елдер қолға алып, елдің ішінде жалпы сайлау өткенге дейін және сол демократиялық үкіметпен бейбітшілік келісімге қол қойғанға шейін жүргізетін болды.

1945 жылы 25 сәуірден 26 маусымға дейін Сан-Франсискода БҰҰ құру мақсатымен конференция жұмыс атқарды. Оның Жарлығы бекітілді. БҰҰ басты мақсаты ол дүниежүзінде халықаралық бейбіишілік пен қауіпсіздікті сақтау болды. БҰҰ кез-келген елдің ішкі саясатына араласуға құқысы болмады. Тек дүниежүзіне қауіп төнген уақытта БҰҰ кұшін пайдаланған.

Осылайша соғыстан кейінде халықаралық ынтымақтастық жүзеге асып отырды. Бірақ кейінгі оқиғалар керісінше мықты елдер арасында қайшылықтарға әкеп соқты. Көптеген капиталистік елдерде КСРО үлгі мемлекет ретінде қабылданып ел ішінде социалистік және коммунистік ұйымдар мен саяси партиялар тарала бастады. Мысалы, Франция мен Италияда коммунистік партиялар ең ірі саяси күшке айналды. Бірқатар Батыс Европа елдерінде коммунистер үкімет құрамында болды. Осындай барлық іс-шаралар КСРО-ның жоспарына сай болды.

КСРО-ның әс-әрекеттеріне капиталистік елдердің ойы екі түрлі болды. Мысалы, АҚШ-ның сауда министрі Генри Уоллес мынандай позицияны ұстанды: оның ойы бойынша дүниежүзін екіге бөлу керек, өйткені КСРО-ның Европа мен Азиядағы ерекше орны бар деп есептеді.

Мүлдем теріс жағын У.Черчилль ұстанды. Оның ойы бойынша КСРО-на Ұлыбритания мен АҚШ бірігіп қарсылық көрсету керек деп есептеген. Трумэн мен Черчилль бір мақсатты көздеді, тек АҚШ КСРО-ның ықпалын тоқтата алады.

1947 жылы ақпанда ағылшындар АҚШ үкіметіне Түркия мен Грекияға әрі қарай экономикалық және әскери көмек бере алмайтынын мәлімдеді. Ағылшындардың көмек бере алмауы мен әскердің Грекиядан шығарылуы мұнда КСРО-ның ықпалы өсетініне көзі жеткен АҚШ іс-әрекеттер жасауға тиіс болды. Өйткені КСРО Жерорта теңізінде стратегиялық жағдайға ие болып әрі қарай Суэц каналына ие болуына жол ашылған.

1947 жылы 12 наурызда Г.Трумэн Грекия мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық жәрдем жеткізді. Сонымен қатар АҚШ «ерікті халықтарға елін сырттай қысымынан қорғау үшінњ ерекше саясат жоспарын құрды. Трумэн өзінің сөздерінде АҚШ пен КСРО арасындағы бәсекелестікті демократия мен тоталитаризм арасындағы күрес деп жариялады. Осылайша соғыстан кейін бәсекелестікті жариялаған Трумэннің доктринасы дүниеге келді.

2. 1947 жылы 5 маусымда АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Дж.Маршалл Европа елдерінде демократияны нығайту үшін оларға тез арада финанстық және экономикалық жәрдем беру қажет деп мәлімдеді.

1948 жылы сәуірде 16 батысевропа елдері Маршалл жоспарына қол қойды. Ол бойынша олар АҚШ тарапынан 4 жыл ішінде 17 млрд. доллар алуға тиіс болды. Келісімнің шарты қаржы алған елдер үкімет құрамынан коммунистерді қудалауға тиісті болды. 1948 жылдың өзіндей-ақ Батыс Европаның ел ішіндегі үкімет құрамында бірде-бір коммунистер болмады. Бұрынғы одақтастардың бір-бірінен айыруы Европаның бөлінуіне әкеп соқты.

1949 жылы Германия екіге бөлінді. Мамырда – ГФР, ал қазанда ГДР құрылды.

Дәл сол кезде Қытай Халық Республикасы (ҚХР) құрылды. Гоминьдандардың коммунистермен соғысы жеңіліспен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халқы көп ел коммунизмге өтуі АҚШ үшін қатты соққы болды.

1949 жылы КСРО атом бомбасын сынағандығы американдықтар үшін мәлім болды. Сондықтан да АҚШ бұл саладағы монополияны жойды. 1952 жылы АҚШ тұңғыш рет сутегі бомбасын сынады. Оның күші 10 млн. тонн тротилге тең болды. Бірақ бары жоқ 10 ай өткен соң дәл осындай қаруды КСРО да сынады (Сахаров).

ІІ-ші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы немістердің зымыран жасау негізінде мықты континентаралық баллистикалық зымырандар ойлап табылды. Тұңғыш рет атом сүңгүйір қайықтар-зымыран тасушылар пайда болды. КСРО мен АҚШ-тың бәсекелестігі зымыран-ядерлік жаппай қарулануына әкеп соқты.

Міне, осылайша КСРО мен АҚШ-тың арасында «қырғиқабақ соғысњ өріс алды. Егер оның басталуы 1947 жыл 12 наурыздағы Трумэжн доктринасы болып, аяқталуы 8 желтоқсан 1991 жылы КСРО-ның құлауы болса, бұл соғыс 45 жылға созылды. Осы екі ел арасындағы бәсекелес уақытысында тікелей өзара соғыс болмады. Екі елде «мықты соғысқањ дайындалды, бір-бірін мықты бәсекелес ретінде қарастырып дүниежүзінің барлық континентінде бәсеке болып, мықты қаруларға ие болған, бірақ бір-біріне оларды пайдаланбады. Неге деген сұрауға төмендегідей себептер бар:


  1. екі жақ та соғысты керек етпеді.

  2. екі жақ та соғыс болғанымен жеңетініне көзі жетпеді.

  3. екі ел арасындағы соғыс ІІІ-ші дүниежүзілік соғысқа әкеп соғатынын екі жақ та түсінді.

«Қырғиқабақ соғысњ өзінің ықпалына бүкіл планетаны тартты. Бұл соғыс дүниежүзін екі қарама-қарсы әскери-саяси және экономикалық топқа, екі қарама-қарсы қоғамдық-саяси жүйеге бөлді.

«Қырғиқабақ соғысњ елдердің ішкі саясатына әсерін тигізді: АҚШ-та азамат құқықтары мен бостандығы шектелді, ал КСРО-да тоталитаризм саясаты күшейе түсті.

«Қырғиқабақ соғысынањ көптеп қаржылар жұмсалды және де әскери инженерлер мен басқа да мамандар әскери саладан босамады. Осы соғыстың әсерінен Азия мен Европаның көптеген елдері өздерінің әскери күш-қуатын өсіріп, көрші елдеріне қауіпін тудырды.

Бірақ басқа жағынан «қырғиқабақ соғысыњ кезінде адамзат көптеген ғылыми жаңалықтарға ие болды. Екі елдің қарама-қарсылығы тәуелді халқытардың ұлт-азаттық күреске шығып тәуелсіздігін алуын тездетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет