Сабақ жоспары Күні: Пәні



Дата04.07.2016
өлшемі84.78 Kb.
#178060
түріСабақ
Сабақ жоспары

Күні:

Пәні: Химия

Пән мұғалімі: Гулсара Жакашовна Аканова

Сынып: 10

Тақырыбы: Жай жəне күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор типіне тəуелділігі

Мақсаты: Кристалдық тор мен химиялық байланыс туралы алған білімдерін пысықтай отырып, заттың қасиетіне тәуелділігін түсіндіру, терминологиялық сөздікпен жұмыс жасау, кристалдық тор түрлерінің модельдерін құрастыру, тәжірибелік жұмысты топта талқылау

Күтілетін нәтиже:

  • Кристалдық тор түрлері бойынша 8-сыныпта алған білімдерін еске түсіреді, пысықтайды;

  • Тақырыпта өткен терминдерді үш тілде оқып, үйренеді;

  • Заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор түрлеріне тәуелділігін дәлелдейді;

  • Кристалдық тор түрлерінің шарөзекті моделдерін жасайды, топта талқылайды;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Диалогтік оқыту, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар беру,

Блум таксономиясы

Сабақта қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (ЖТ), Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ ), сыни тұрғыдан ойлау (СТО), талантты және дарынды балаларды оқыту (Т&ДБО), жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау


Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

Сабақ барысы

Амандасу, көңіл-күйлерін сұрау, Сыныптағы психологиялық ахуалды көтеру үшін оқушыларға қолпаштау сөз айтудан бастау, топқа бөлу

Топқа бөлінеді (4 топ)

Жұмыс дәптері


Оқулық

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыпты пысықтауға арналған жабық сұрақтар қояды.


Сұрақтарға жауап береді, жаттығу жұмыстары мен есептерді топта талқылайды

Жаңа сабақ

Білу

Жаңа сабақ бойынша жалпылама түсінік беріп кетеді. Тақырып бойынша слайдпен ақпарат береді.

Проблемалық сұрақ қояды.



Проблемалық сұрақ:

Заттардың қасиеттерін біле отырып, олардағы химиялық байланыс пен кристалдық тор типін болжауға бола ма? Және керісінше?

Химиялық байланыс пен кристалдық тор туралы алған білімдердің күнделікті өмірде қандай маңызы бар?






Жұмыс дәптерлеріне тақырып бойынша тірексөздерді пайдаланып, негізгі заңдылықтар мен терминдерді жазады.

Сұрақтарға жауап береді.




АКТ пайдалану (интеракт.тақта, през.

Слайд 1-9



Түсіну
Лабораториялық жұмыс

Жаңа сабақты түсінуге, пысықтауға арналған сұрақтар қойылады.

№4-лабораториялық тәжірибе. Әртүрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттері





Лабораториялық жұмыс бойынша топта қорытынды жасап, талқылайды

Керекті реактивтер, құрал-жабдықтар: қант, тұз, йод (қ.), өзен құмы, құрғақ сипрт, сынауықтар

Слайд 10

Қолдану
Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыс. Молекулалардың модельдерін, кристалдық торларын жасау
Дарынды балаларға күрделі тапсырмаларды береді, топтың басқа мүшелеріне деңгейлік тапсырмалар беріледі.


Кристалдық торларды шарөзекті модельдер арқылы бейнелеп, түсіндіреді.

Топта есептер мен жаттығуларды орындайды.



Шарөзекті модельдер



Слайд 11

Сергіту сәті

Химялық қызықты тәжірибе «Жасыл от»





Оқушылар тәжірибеде болған құбылыстарды түсіндіреді


Бор қышқылы, этил спирті, Кt (H2SO4)



Слайд 12


Анализ

Синтез

Оқушылардың орындаған тапсырмаларын талқылау, талдау

Тапсырманы топта және сыныппен талқылайды.

Жаңа тақырып бойынша жаңа концепция айтады, тақырып бойынша ой түйеді






Бағалау

(Критериалды бағалау) (дескрипторлармен)

Бүгінгі тақырып бойынша не түйдің? Өзіңнің жеке пікірің қандай? Басқалардың пікірімен келісесің бе? Тақырыптың өзектілігі қандай? Осы сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың пікірін білу.







Тақырыпқа баға береді, қорытынды жасайды. Бағалау парақшасындағы критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау, өзара бағалау (жұптасып бағалау)



Стикер
Бағалау парақшасы


Слайд 14-17

Үйге тапсырма

Тарауды қайталау

Үш тілдегі терминологиялық сөздікті жаттау








Слайд 13, 18

Рефлексия

Осы сабақ барысында оқушылар өздеріне берліген заттардың кристалдық тор типін анықтай отырып, олардың шарөзекті моделін топта бірігіп жасады. Бердіғалиев Бауыржан деген оқушы шарөзекті моделдерді жасауда ерекше белсенділік танытты. Өткен сабақтарда оның тақырыпқа қызығушылығы төмен болатын. Зертханалық жұмыстарды өз қолымен жасау кезінде тақырыпты түсінгенін, кристалдық торлар мен заттардың қасиеттерінің бір-біріне тікелей байланыстылығын өз сөзімен түсіндіріп берді. Бұл бір жағынан теория мен практиканың өте тығыз байланыстылығын көрсетсе, екінші жағынан, топта жұмыс жасау барысында оқушылар түсінбегендерін топта бір-бірінен сұрау арқылы бірігіп жұмыстануға дағдыланады.

Берілген тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай берілді.

Сыныптағы оқушылардың барлығы сабаққа белсене араласты. Сабақ сәтті өтті.


Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын стикерге жазып қалдырады


Стикер


Слайд 19


Қолданылған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 ж.

  2. Н.Г.Майер. Английский язык для химиков. Горно-Алтайск, 2010.

  3. Химия (10-сынып, жаратылыстану-математика бағыты) Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев,Н.Заграничная, «Мектеп» баспасы, 2007.

  4. Химия, Дидактикалық материалдар (10-сынып) Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная, «Мектеп» баспасы, 2006.

  5. Сборник задач и упражнений по химии (8-11 класс). И.Г.Хомченко, Москва. Новая волна. Издатель Умеренков, 2010.





Критериалды бағалау

Критерий

Жетістік деңгейі

Дескрипторлар

А-

Критерийі

Дүние бірлігі

(max 6)

0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.

1-2

Сіздің табиғи ортада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінігіңіз таяз, химиялық байланыстар жайлы біліміңіз нақты және дәлелді емес. Терминдік сөздерді дұрыс қолданбайсыз.

3-4

Сіздің заңдылықтар жайлы түсінігіңіз бар, химиялық байланыстарды жақсы түсінесіз, мәліметтерді логикалық реттілікпен жеткізе аласыз, терминдерді орынды қолданасыз. Алайда, қолданған мысалдарыңыз өте қарапайым және толық емес.

5-6

Сіздің заңдылықтар жайлы түсінігіңіз бар, химиялық байланыстар түрлерін сенімді, толық, орынды жеткізе аласыз. Терминдерді дұрыс, нақты, сенімді қолданып, химиялық байланыстың түзілуін дәлелдей аласыз.

С -

Ғылыми білім және т түсіну

(max 6)
Ғылыми білім және түсіну

(max 6)

және түсіну

(max 6)

түс түсәнужәнетү тү түсіну

(max 6)


0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.


1-2

Сіз берілген мәтіннен қажетті ақпаратты табуда қиналасыз. Ақпараттарды талдай білмейсіз, тақырып бойынша проблеманы шешуге пайдаланған қосымша мәліметтеріңіз мақсатқа сай келе бермейді.


3-4

Сіз тақырыпқа байланысты қажетті ақпараттар мен мәліметтерді жинақтай аласыз. Дегенмен, жинақталған деректерді талдап, оны қажетті жағдайда қолдана бермейсіз.


5-6

Сіз кесте бойынша қосылыстар формулаларынан химиялық байланыстың түрлерін ажырата аласыз, сараптау жұмысын жүргізе аласыз, берілген мәтіндерден қажетті ақпараттарды тауып, ғылыми ақпараттарды тақырып бойынша туындаған проблемаларды шешуде қолдана аласыз.


E

Деректерді өңдеу

(max 6)


0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.


1-2

Сіз есептеулерді өз бетінше жүргізе алмайсыз, қателіктер жібересіз.


3-4

Сіз химиялық байланыстар мен кристалдық торларды анықтауда қатіліктер жібересіз. Ақпараттарды қорытып, химиялық байланысты сызбанұсқалар түрінде тек мұғалімнің көмегімен көрсете аласыз.


5-6

Сіз өздігінен химиялық байланыстар мен кристалдық торларды анықтай аласыз, кристалдық торлардың моделдерін құрастыра аласыз. Ақпараттарды қорытып, химиялық байланысты сызбанұсқалар түрінде көрсете аласыз.





Оқушының аты-жөні

Ұпай жиынтығы

Бағасы

1










2










3










4











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет