Сабақ жоспары: Теориялық бөлім



бет13/15
Дата12.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#462455
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Практ. ТОТОВ

Экстракция. Белгілі еріткіште мұнай құрамындағы компонеттердің әркелкі еруіне негізделген. Экстракцияны сатылы әдіспен жүргізеді. Сонда бөлініп алынған әрбір фракцияның құрамында критикалық температуралары бір біріне жуық, олай болса құрылысы өзара ұқсас заттар жинақталады.
Ерітіндімен араласпайтын органикалық еріткіш арқылы ерітінді құрамындағы бір компонентті шығарып алуға негізделген әдіс.
Экстракцияның негізгі мақсаты су фазасынан органикалық фазаға белгілі компонетті толық өткізу. Бұл әдістің ерекшклігі: экстракцияны өте сұйытылған ерітінділерден де жүргізуге болады, басқа әдістермен бөлінбейтін заттарды бөліп алуға болады.
Кристалдану. Балқу температурасы жоғары, мұнай құрамында еріген қатты көмірсутектерді бөліп алу үшін пайдаланылады. Кристалдануды ерітіндіден белгілі еріткіште мұздатып түсіру арқылы жүргізеді. Сонда еріткіш бөліп алынатын заттар үшін, мүмкіндігінше, бір мезгілде еріткіш жіне тұнбаға түсіруші зат болуы тиіс.
Еріткіш ретінде сұйық пропан, көмірсутектердің галоген туындылары, этил мен изоамил спирттерінің қоспасы, ацетон мен туололдың қоспасы, этил эфирі, т.б. пайдаланылады.
Ерткіштен кристализациялау процесін бірнеше рет қайталай отырып тазалығы өте жоғары қатты заттар алуға болады. парафиндер мен целезиндерді зерттегенде сатылап кристалдау әдісін пайдаланады.

3.Өз бетінше есептер шығару
1. Массасы 50 г глюкоза алуға қажетті сахарозаның массасын
табыңыздар.
2. Массасы 37 г нитробензол сутек қатысында тотықсыздандырғанда 18,5 г анилин алынған. Анилиннің шығымы қандай.
3. Орташа молекулалық массасы 50000 деп алып, полиэтилен мен
полипропиленнің макромолекулаларындағы полимерлену дәрежесін
есептеңіздер.
4. Орташа салыстырмалы молекулалық массасы 60000 болатын
полиметилметакрилаттың полимерлену дәрежесін табыңыздар
5. Молекулалық массасы бір миллионға тең табиғи көксағыздың макро-
молекуласында қанша изопренді буын бар?
6. Егер құрылымдық буын саны 700 болса, бутадиенді көксағыздың бір
молекуласын синтездеуге қанша этил спирті жұмсалады?
7. Хлорпренді (СН2= C – CH = CH2) полимерлеу теңдеуін жазып, 1 т
|
Cl
хлорпренді көксағыздағы полимерлену дәрежесін есептеңіздер.
8. Полимерлену дәрежесі 500-ге тең болса, капрон талшығының
макромолекуласын синтездеуге қанша аминкапрон қышқылы
жұмсалады?
9. Кальций карбиді, су, натрий хлориді және күкірт қышқылы берілген
болса, полихлорвинилді қандай реакциялар арқылы алуға болады?
Макромолекуласының массасы 6250 болатын полихлорвинилді алуға
қанша күкірт қышқылы жұмсалатынын есептеңіздер.
10. Капронның макромолекуласында 200-ге тарта құрылым буындары
болса, оның орташа молекулалық массасы қандай?3.Өз бетінше шығарылатын есептер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет