1-бөлім: Компьютерлік жүйелер және желілер
Тақырып: 1.1 Эргономика дегеніміз не?
|
Мектеп:
|
|
Күні:
|
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
6.4.1.1 эргономика міндеттерін (барынша жайлылық пен тиімділік үшін) тұжырымдау және шешу;
6.4.2.1 интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Эргономика ұғымы мен компьютерлік эргономиканың қызметтерін анықтайды.
|
Көптеген оқушылар:
Эргономика ғылымының қызметтерін салыстырады.
|
Кейбір оқушылар:
Эргономика ғылымың қызметтерінің маңыздылығын тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Жұмыс орны
|
рабочий стол
|
work table
|
Қауіпсіздік
|
безопасность
|
security
|
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
Бүгінгі таңда адамдардың денсаулыққа және өміріне қауіпсіз еңбек етуіне қандай жағдай жасалған?
|
Жазу:
Компьютерлік эргономика кеңесін жазыңдар
|
Алдын-ала білімі
|
Компьютерде қауіпсіз қалай жұмыс істеуге болады? 5 сынып
|
Жоспар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу;
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Жаңа топ құру:
«Қол, бас, жүрек» әдісі
-Балалар, біз кез келген мәселе туралы қолмен ұстап, баспен ойлап, жүрекпен сезінсек нәтижеге әрқашан қол жеткіземіз. Кәзір шеңбер болып тұрып кезекпен қол, бас, жүрек деп айтамыз. Және үш топқа бірігеміз.
|
Өткен жылы алған білімдерін еске түсіру үшін «Ыстық орындық» ойынын қолдану
Орындыққа отырған оқушыға оқушылар сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап беруі керек әйтпесе күйіп қалады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|
Сабақтың ортасы
35 мин
|
Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою
Өмір суруге қолайлылық, еңбек етуге қолайлылық деген ұғымдар сен үшін таныс па?
Адамның денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қорғау дегенді қалай түсінесің?
Өзің оқитын мектепте оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қорғауға жасалған қандай мысалдар келтіре аласың?
Түрлі салаларда адамдардың денсаулығын сақтау мен өмір қауіпсіздігін қорғауға арналған қандай жағдайларды мысалға келтіре аласың
Оқулықпен жұмыс: Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды. (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады)
|
Топтық жұмыс:
Өздерің отырған компьютер бөлмесінің эргономикалық талаптарына талдау жасаңдар:
Сынып бөлмесінің эргономикасы;
Оқушының жұмыс орнының эргономикасы;
Компьютер құрылғылырының эргономикасы.
Жеке тапсырмалар орындау
1-тапсырма. 4-суреттегі компьютер пайдаланушыға арналған жаттығуларды солдан оңға қарай нөмірле. Бұл жаттығуларға атау бер. Қай дене мүшесінің қызметін реттеуге бағытталған? Компьютермен жұмыс кезінде бұл жаттығуларды неше реттен жасауды ұсынасың? 1-кестені толтыр.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|
|
2-тапсырма. 5-суретте қолдың пернеттақтада орналасуының екі жағдайы берілген. Қай суреттерде қол дұрыс орналасқан? Себебін түсіндір.
|
Берілген тапсырманы орындайды
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|
|
Жұптық жұмыс:
Өз сыныбың үшін компьютер кабинетінде:
1.Техника қауіпсіздік ережелерін құрастырыңдар (төменгі сы-ныптағы білімдеріңді пайдаланыңдар);
2. Омыртқа, мойынға, көзге, бұлшық еттерге арналған жаттығулар тізбесін ұсыныңдар.
|
Берілген тапсырманы орындайды
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Оқушылардың алған білімдерін жинақтау үшін пікір-сайыс өткізу
«Компьютерлік эргономика талаптарын сақтау міндетті емес»
Электронды тест жұмысын орындату
Рефлексия
- сабақтағы көңіл күйім қандай болды?
- бүгін қандай ақпарат алдым?
- алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?
|
Оқушылар өз оймен бөліседі.
Үй тапсырмасы:
Компьютерді пайдалануда эргономикалық талаптардың бұзылуының зардаптары тақырыбында газетке шағын мақала дайында
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|