Сабақ ОҚытуды ҧйымдастырудың негізгі формасы (Оқу қҧралы)



Pdf көрінісі
бет12/51
Дата01.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#493536
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
14 Сабак-окытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

3. Тәжірибелік әдіс. Бұл – алған грамматикалық, лексикалық 
білім негізінде сөйлеу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру әдісі. 
Практикалық әдіс әртүрлі ауызша, жазбаша жұмыстары, жаттығулар 
арқылы жүзеге асады.Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде жаттығуларды 
жіктеуде әр үрлі терминдерді қолданушылық кездеседі: тілдік, 
сөйлеу, аналитикалық, синтетикалық, конструктивті, комуникатив, 
коммуникатив емес т.б. Бұларды топтаудың әр түрлі болғанына
қарамастан, ерекшеліктер тек арттарында екені байқалады.Тілдерді 
оқытуға байланысты әдістемелік әдебиеттерде көбіне жаттығуларды 
2 үлкен топқа бөліп көрсету жиі кездеседі: 1) тілдік немесе дайындық 
жаттығулары; 2) тіл дамыту немесе сөйлеуге дағдылануға арналған 
жаттығулар.Қазақ тілін оқыту барысын да жаттығуларды аталған 
топтарға бөліп қарастырдық. Мектеп оқушыларына қазақ тілінің 
материалдарын меңгертуге арналған жаттығулардың бәрі тіл 
дамытуды көздейді. Тіл дамыту – оқыту әдістемесінің ең үлкен де 
күрделі саласы. Қазақ тілі сабақтарында оқшылардың тілін дамыту 
дегеніміз – тілдің грамматикалық құрылысын, өзгерту заңдылық-
тарын игерту, олардың сөздік қорын молайту, ауызша, жазбаша тілін 
жетілдіру. 
Жаттығулар төмендегі мазмұнда жүргізіледі: 


28 
Тілдік жаттығулар 
Тіл дамыту жаттығулары 
1. Фонетикалық тілдік жаттығулар: 
- қосымшалардың қажетті вариан-
тын таңдап жалғау; 
- сөздерде кездесетін қазақ тілінің 
төл дыбыстарының дұрыс оқылуы, 
дұрыс жазылуы; 
- сөз қосымшаларына екпіннің бірде 
түспеу ерекшелігі; 
- сөздерге фонетикалық талдау жа-
сау. 
11. Лексикалық жаттығулар: 
- сөздердің мағынасын түсіндіру; 
- синонимін ,антонимін,табу; 
- контекстегі мағынасына қарай көп 
нүкте орнына қажетті сөздерді 
қою; 
- сөздерді мағынасына қарай топтау; 
- сурет бойынша сөздерді табу 
(лото). 
Ш.Морфологиялық тілдік жаттығу-
лар; 
- қосымшаларды табу, формасын 
анықтау, астын сызу; 
- грамматикалық категориялық қо-
сымшаларды жалғау; 
- сөз таптарына ажырату; 
- сөздерге сұрақ қою; 
- Морфологиялық талдау жасау. 
ІҮ.Синтаксистік жаттығулар. 
- Сөздердің байланысын табу; 
- Меңгеріліп тұрған сөзін табу; 
- Сөз тіркесін құрау; 
- Сөйлем құрау, т.б. 
- Берілген сөздермен сөйлем 
құрау; 
- Сөз тіркестерімен сөйлем 
құрау; 
- Тақырыптық мәтіндер құру; 
- Сызба, 
модель бойынша
сөйлем құрау; 
- Екі тілді аударма жасау; 
- Сурет бойынша сөйлем, мә-
тін құрау; 
- Жағдаяттық сұқбаттар құру. 
- Жаңылтпаш,жұмбақ, мақал- 
мәтелдер жаттау; 
- Фильм көрсету
- Таспа жазулармен жұмыс; 
- Мәтін оқу,мазмұнын айту; 
- Мәтін сұрақтарына жауап 
беру
- Шығармашылық диктант 
жазу; 
- Мазмұндама жазу; 
- Шығарма жазу; 
- Халық ертегілеріне иллюст-
рациялық суреттер салу; 
- әртүрлі тақырыптарға қойы-
лымдар қою; 
- рөлдік, 
ұлттық ойындар 
жүргізу, т.б. 
 
 
4.Кітаппен жұмыс әдісі.Кітаппен жұмыс бастауыш сыныптарда
мұғалім басшылығымен орындалады да, сыныптар жоғарылаған 
сайын оқушылар бетінше жұмыс істеге дағдыланады. 
Кітаппен жұмыс әдісінің жүзеге асу тәсілдері: 
- конспект жасау – оқыған материалының қысқа мазмұнын 
жазу; 


29 
- мәтіннің жоспарын жасау бөліктерге бөліп, оларға тақырып 
қойып, күрделі және жай жоспар жасалады; 
- Тезис жасау-оқыған шығармасының негізгі идеясын қысқа 
мазмұндау; 
- Нақыл сөздер теру, мәтіннен үзінділер келтіру; 
- Аңдатпаларынжазу, оқиғаны қысқаша мазмұндау; 
- Пікір жазу, оқыған шығармасына қарай өз сыни көзқарасын, 
ойын, пікірін білдіру; 
Оқулықпен жұмыс. Оқулық – мектеп оқушыларына білім 
берудің негізгі құралы. Оқулықтың басты қағидаты практикалық 
бағытта жұмыс жасауға бағытталған болуы. Оқулық бойынша мына 
жұмыстар жүргізіледі; 
- ережелерді оқу,түсіну; 
- жаттығуларды орындау; 
- мәтіндерді оқу, әртүрлі жұмыс жүргізу; 
- сурет,кестелермен жұмыс,оқу үдерісінде пайдалана білу; 
Сонымен сабақ – мұғалімнің шығармашылық ой туындысы, 
сондықтан мұғалімнің сабақ құрылымын дұрыс құруы, оны жүргізу 
барысы оның өз ізденімпаздығы мен еңбекқорлығы,педагогикалық 
шеберлігіне байланысты. Сабақ – бүкіл оқыту үдерісін ұйымдас-
тырудың негізгі формасы, біртұтас жүйе. Сондықтан мұғалім оның 
құрылымына, әрбір негізгі элементтеріне сай мазмұнды, тиімді, оқу 
материалдарын ыждағаттылықпен таңдауға, сол арқылы оқушының 
танымын кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлуге 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет