Сабақ ОҚытуды ҧйымдастырудың негізгі формасы (Оқу қҧралы)



Pdf көрінісі
бет5/51
Дата01.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#493536
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
14 Сабак-окытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Сабақта оқушылардың:
 жаңа білім алуы қамтамасыз етіледі 
 ғылыми түсініктері қалыптасады;
 рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады, 
ақыл-ой дамиды 
 шығармашылық қабілеті дамиды 
 қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері қалыптасады. 
 ынтымақтастықтағы оқу әрекеті мәдениеті қалыптасады;
 қазақ тілі туралы жүйелік білімі, ұлттық мәдениетте алатын 
құндылық ретіндегі әлемдік мәдениетте алатын орны туралы түсінігі 
т.б. қалыптасады 
 тілді функционалдық-қатысымдық негізде меңгереді: қарым-
қатынас құралы ретінде, танымдық құрал ретінде, 
Сабақтың сапасын арттыруда оның түрлерін анықтау да ма-
ңызды. Дидактикада сабақтың жіктелуіне баса маңыз береді. Осымен 
байланысты педагогикалық зерттеулерде бірізді пікір қалыптаспаға-
нын атап өтуге болады. Ж. Ə. Əбиев т.б. «Педагогика» атты оқу 
құралында И.Н.Казанцев, С.В.Иванова, Б.И.Есипов еңбектеріндегі 
сабақ жіктелімі бойынша талдай келе, сабақтың мақсат мен құры-


10 
лымына қарай мына түрлерін көрсетеді және әрбір сабақтың құры-
лымын баяндайды. [2]. 
 кiрiспе сабағы; 
жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы
 бiлiмдi, бiлiктi және дағдыны бекiту сабағы; 
 жаттығу және тәжiрибе сабақтары; 
 зертханалық сабақ: 
 қайталау-қорыту сабағы; 
 оқушылардың бiлiмдерiн, бiлiктiлiктерi мен дағдыларын 
тексеру және бақылау сабағы; 
 аралас сабақ; 
 өздiгiнен бiлiм алу сабағы. 
Осылардың ішіндегі аралас сабақ - мектеп тәжiрибесiнде жиі 
қолданылатын сабақ түрi екендігін атай отырып, мұғалімнің оқу iсiн 
ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсі-
нуіне өте қолайлы екендігін айтады. 
С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбек «Жалпы педагогика» атты оқу құра-
лында дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтерін 
төмендегідей жіктейді:
 жаңа білім материалын хабарлау;
білімді бекіту;
 ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
 қорытындылау;
 білім, ептілік және дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дәрістерін өткізу тәсілі бойынша сабақ типтері:
 оқу саяхаттары;
 кино-теле-сабақтар;
 өзіндік жұмыс сабақтары және т.б.
Дәріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ 
типтері:
 жаңа материалды игеру;
 бекіту;
 қайталау;
 білімді бақылау, тексеру[3, 110-115]. 
Авторлар сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері бір 
сабақта тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атайтын-
дығын баяндайды.Сонымен қатар «Педагогика» атты оқулықта сабақ
түрлерін төмендегідей топтайды: жаңа материалды меңгеру сабағы, 
іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру сабағы,
қорыту және жүйелеу сабағы, аралас сабақ.


11 
Мұнда да аралас сабағына басымдық беріледі:«Аралас сабақтың 
тиімділігі мен нәтижелі болуы оның кұрылымын тәуелді емес, 
сабақтың мақсатының дұрыс қойылуына, мұғалімнің оқушыларға 
түсіндіре білуіне байланысты»,- делінген[4, 195]. 
Аралас сабақтың артықшылықтары – барлық сабақ түрлерінің 
элементтерінің аралас келуі. Мұндай сабақ түріндегі маңызы ерек-
шеліктердің бірі –сабақ кезеңдерінің ауысып отыруы. Осымен 
байланысты отандық белгілі дидактиктердің бірі Р.Г.Лемберг өзінің 
''Дидактикалық очерктер'' еңбегінде жаңа материалды сабақтың 
басында, яғни оқушылардың шаршамай, зейіннің жоғары, таным-
дықбелсенділіктерініңжоғары кезінде өткізген тиімді екендігін 
ұсынады [5]. Бұл – дұрыс тұжырым деп есептейміз, себебі үй тап-
сырмасын сұрауға уақытты мол кетіріп, жаңа материалды игеруге аз 
уақытқалып, жаңа білім игерілмей қалу қаупі болады.
Сабақты маңызды элементтерінің бірі – оқушылардың білімін 
бақылау, тексеру, бағалау. Қазіргі кезеңде мектеп тәжірибесіне 
бағалаудың критериалды жүйесі енгізілді және тиімділігі дәлел-
денуде. Бағалаудың қалыптастырушы және жиынтық түрі бар. Қа-
лыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуына 
ықпал ететін сабақ барысындағы үздіксіз жүргізілетін үдерісі, негізгі 
буындарының бірі.Қалыптастырушыбағалау күнделікті сабақта жүзе 
асады. Ол оқу жетістіктерін өзі және мұғалімнің бақылау жасауына, 
даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы 
бағалаудың атқаратын дидактикалық қызметінің маңызы ерекше:
ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік. Мұнда бағалау, 
оқу білім сапасын арттыруда бірін бірі толықтырып отырады. 
Бағалаудың сабақтағы жүзеге асуы ұсынылған құралымызда нақты 
мысалдармен көрсетіледі.
Сабақта оқытудың жеке, жұптық, топтық, ұжымдық таным-
дық әрекеттері өзара әрекет бір-бірін толықтыра жүргізіледі.
Жеке жұмыс оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп, 
қызығушылық танытуына, оқу материалын игеруге ынта-ықыласын 
арттыруға, өз бетінше ой қорытып, өзіндік шешім шығара білуге 
үйретеді, білімін тереңдетеді. Жеке жұмыс жасауда үлестірме кеспе 
қағаздарындағы тапсырмалар беріледі, оқулықпен жұмыс жасалады, 
эссе, шығарма жазу, пікір жазу, сызбалар, металды карта жасау, 
концептуалдық кесте сызу жүзеге асырылады. Ғалымдар оқушы 
белсенділігін қарапайым белсенділік мен күрделі белсенділік деп 
топтайды. Қарапайым белсенділікке: қайталауға репродуктивті дең-


12 
гейдегі тапсырмаларды орындаудағы әрекет, ал күрделіге шығарма-
шылық тапсырмалар орындаудағы белсенділікті жатқызады.Сонымен 
қатар П.И.Пидкасистый редакциялығымен жарық көрген «Педаго-
гика» атты оқулықта мұның кемшін тұстары да көрсетіледі: «Оқу-
шылардың дербестігін тәрбиелеу, ұйымдастыруға, көздеген мақса-
тына ұмтылу кезінде баланың басқалармен қарым-қатынасы шек-
теледі, өзінің ойын басқалармен бөлісе алмайды, ұжымдық жұмыс-
тарға қатыса алмайды» [4, 200].Оқу үдерісінде бұл мәселе де ескері-
луі тиіс 
Топтық жұмыс-оқушылардың белсенді түрде, топта коман-
далық ынтымақтастық негізде жұмыс жасауына көмектеседі. Бір 
топшада 5-6 немесе 3-4 оқушы болып бірігіп, жұмыс жасайды. Ортақ 
бір тапсырманы бірлесе отырып өзара әрекетте орындайды. Бұл әдіс 
оқушылардың, жас жеткіншектердің сыни тұрғыдан ойлауын дамы-
тады. Топтық стратегия бүгінде сабақ жүйесінде жиі қолданылатын 
оқытудың формасы болып табылады. Сондай-ақ топтық әдістің де 
осал тұстары ескерілуі тиіс. Мұны оқулықта: «Топтық формаға 
тиесілі бірнеше кемшіліктер де бар. Олардың ішіндегі ең негізгілері: 
топтар құрудағы және олардағы жұмыстарды ұйымдастырудағы 
қиындық, топтардағы оқушылар қиын материалды өз бетімен 
талдауда қиындықтарға ұшырап, кей-кезде уақыттарын да үнемдей 
алмаулары мүмкін. Нәтижесінде, нашар оқитындар материалды 
күшпен игереді, ал жақсы оқитындар күрделі, жеке тапсырмалар 
орындауды талап етеді. Сондықтан да топтық форманы даралық 
формамен, жаппай формамен толықтырғанда ғана жақсы нәтижелер 
алуға болады. Оқытудың осы екі формасының үйлесімділігі, осы 
екеуінен оңтайлысын таңдап алу мұғалімнің оқу-тәрбие міндеттеріне, 
оқу пәніне, мазмұнының ерекшелігіне, оның көлемі мен күрделі-
лігіне, сыныбы мен жеке оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың 
оқу мүмкіндіктері деңгейлеріне, мұғалім мен оқушының қарым-
қатынастары стиліне, сенімділік орнаған сыныптан, бір-біріне көмек 
беруге үнемі дайын болуына байланысты», - деп көрсетеді. [4, 202]. 
Ұжымдық немесе жаппай түрі – бүкіл сыныптағы оқушы-
лардың ортақ жұмылдырла істейтін түрі. Оқушылардың барлығы бір 
бағытта ортақ тапсырма төңірегінде жұмыс жасайды. Оқытудың бұл 
түрінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ынтымақтастығы 
жақсарады, оқушының өзіне, достарына сенімі артады, ойларымен, 
жаңа өзіндік пікірлерімен басқалармен бөліседі, өзара, өзіндік 
пікірлерін түзетіп, бір-бірінің білімін толықтыруға көмектеседі.


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет