|
Мұғалім: Үкі тәтейдің сабақтарын қалай меңгергендеріңді тексереміз. Оқулықтағы суреттерді қарап шығыңдар. Балалар тұрмыстық құралдарды қолданудың қандай ережелерін бұзды?
Оқушылар:
бөгде нәрселерді резеткіге сұғуға болмайды!
ылғал, сулы жерге электрлішәйнекті қоюға болмайды!
үтіктің (немесе басқа құралдың) сымын қолға орауға болмайды!
(Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, оқулықтағы тапсырмаларды орындайды. 1- топ
Электр құралдарын қолданудың ережелерін оқыңдар. Ережелерге графикалық белгілердің суретін салыңдар.
2-топ
Оқулықтағы белгілерге қарап, электр құралдарын қолданудың ережелерін құрастырыңдар. 3-топ
Шеңбердің ішіне электр құралдарын қолдануға қатысты графикалық белгілердің суретін ойдан салыңдар. Оларға ережелер құрастырыңдар.
4-топ
Ертегі елінің тұрғындары электр құралдарын қолдануды қалай үйренгендері жайлы «Ертегі әлемі» туралы ертегі құрастыр.
5-топ
Ертегі жадынамасын құрастырыңдар. Электр энергиясын не үшін үнемдеу керектігіне қорытынды шығарыңдар.
Топтардың жұмыстарды көрсетуі
ҚБ «Суреттер» стратегиясы. Әр топ өзінің тапсырмасын көрсету барысында олардан өздерінің суреттерін түсіндіріп берулерін сұраңыз. Осылайша мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білетін болады.
|
Оқулық, ватман, маркерлер,
тапсырмалары бар конверттер
|