Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет68/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Менің бабаларым қыпшақтар.

Оқыту мақсаты

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • қыпшақтардың қайда өмір сүргенін және немен айналысқанын біледі;

  • қандай өмір сүру салтын ұстанғанын біледі.

Көптеген оқушылар қазақтар мен қыпшақтардың өмір салтын, шаруашылығын, киімін, тілін, сыртқы келбетін салыстырады, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады.
Кейбір оқушылар қыпшақтардың өмірін рөлдік ойындар арқылы бейнелі түрде көрсетеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар әртүрлі материалдардың негізінде түркілердің өмір салтын анықтайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қыпшақтар, Қыпшақ даласы.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қыпшақ – ірі түркі тайпасы.
Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабасы.
Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды.
Талқыланатын мәселелер:
Қыпшақтар қайда өмір сүрді? Олар немен айналысты? Қыпшақтар төрт түліктің қай түрін өсірді?
Неліктен қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды? Қыпшақтар қандай дақылдарды өсірді?
Тарыдан қандай ас әзірлеуге болатын еді?
Жазылым:







Ұсынылған мәтінді басқа сөзбен жазыңдар.

Алдыңғы білімдер

Түркілер және олардың өмір салты.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Қыпшақтар – қазақ халқының, басқа да түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа. Ұлы дала осы халықтың атымен Дешті қыпшақ (Қыпшақ даласы) деп аталды.
Қыпшақ даласын картадан табайық. Ол Алтай тауларынан Дунайға дейін созылып жатыр. Қазіргі таңда осы аумақта көптеген халықтар: қазақтар, татарлар, башқұрттар, құмықтар, балқарлар, қарашайлар және т.б. өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы өздерінің арғы
бабалары ретінде қыпшақтарды санайды.
Қазақтар мен қыпшақтардың иллюстрацияларын қарап шық. Қыпшақтардың киімі мен қазақтардың ұлттық киімі арасында қандай ұқсастықтар бар? Қазақтар мен қыпшақтардың сыртқы түр келбеттерінде ұқсастықтар бар ма?
Оқушылардың жауаптары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет