Сабақ құрылымы мен оны ұйымдастыру


Сабақты талдаудың мақсаты



бет29/30
Дата28.11.2023
өлшемі120.13 Kb.
#484765
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
stud.kz antiplagiat 470804 (1)

Сабақты талдаудың мақсаты:
Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.
• Мұғалімге нұсқаулар беру.
• Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.
• Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.
• Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты өткізу деңгейлері:
• Жақсы: Мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі.
• Өте жақсы: Мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі.
• Орташа: Оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы.
• Төменгі: Оқушылардан өткен тақырыпты сұрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті аз, белсенділіктері төмен. [8.20б]

Қорытынды
Соңғы уақытта білім беруді оқушыларды жеке тұлға есебінде қарастыра отырып тәрбиелеу – кең көлемде дамып келе жатқан бағыт. Былай айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай да формасын қолданбайық, сабақтар жүйесінде олардың көздейтін мақсат-міндеттері, мазмұны өзара бір-бірімен байланыста, бірін-бірі толықтыратындай жағдайда, оқушылардың білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір көмек етеді.
Жоғарыда келтірілген зерттеулер нәтижесінде оқушыларға экономикалық және құқықтық білім беруде олардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ойлау қабілетін дамытып, білімдерін жетілдіруге, өз-бетінше дамуға бәсекеге қабілетті етіп дайындауға болады. Көптеген дәстүрлі емес сабақтарды көрсетіп талдадық, және де қазіргі кездерде тек қана осы дәстүрлі емес сабақ түрлерін ғана қолданып қана қоймаймыз. Әрине уақыт өте жаңа да дәстүрлі емес сабақтары пайда болатыны бізге мәлім. Қорыта айтқанда әр дәстүрлі емес сабақ түрлерінің өз ерешеліктері бар және бұл сабақтар сабақ өткізу барысында оқушыларды қызықтырып, білім сапасын жоғарлатады деп ойлаймын.
Н.В.Силькиннің пікірі бойынша оқушыларға экономикалық білім беру құралдарының қаралған жүйесі тұтас сипатта болуы керек. Тұтастылық маңызды белгісі жүйе элементтері жинағының толықтығы болып табылады. Жүйенің тұтастығы оның элементтерінің толықтығына байланысты. Мәселен педагог мазмұнын дұрыс таңдап алғанымен, оған барабар оқыту әдісі мен түрлеріне белгілей алмады. Сонда жүйе толығымен жұмыс істей алмайды. Қарастырылған жүйенің әрбір элементі басқа элементтермен жай ғана байланысты емес, осы арқылы жүйе циклдерінің тұйықтығын қамтамасыз ете отырып белгілі бір функционалды жүктеме байланысын жүзеге асырады. Қандай сабақ түрі болмасын соның ішінде дәстүрлі емес сабақтарды алсақ, олардың құрылымы жобалай келгенде бір жүйеде болады және оны өткізу барысы да дәстүрлі сабақ жүйелеріне ұқсас.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуында шек жоқ екенін білеміз. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат – әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Құқық және экономика пәндерін оқыту проблемаларын шешу үшін, бірінші пәнді дұрыс жүргізу, соның ішінде дәстүрлі емес сабақтарды жүргізу, оқушыларды болашақта жақсы маман ретінде дайындауына үлкен зор рөл атқарады.
Қорыта айтқанда оқушыларды экономикалық, құқықтық білім негіздеріне нәтижелі оқыту үшін біздің пікірімізше, орта жалпы білім беретін мектептерде экономиканы, құқықты оқытуға жеткіліксіз көңіл бөлінген. Сондықтан оқушының жеке өзін бейімдеу керек, оның психологиялық көрсеткіштерін есепке алу керек, проблемалық дамытушылық және эвристикалық педагогикалық технологиялар комегімен пәнді оқытуға бағыттау керек. Сонымен қатар біз көрсеткен, дәстүрлі емес сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу, пысықтау сабақтары, қайталау, жарыс, сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, панорамалық сабақ, саяхат сабақ, жарыс сабақ, конференция сабақ, сахналау сабағы т.б. кеңінен қолдану оң нәтиже береді деп ойлаймын. Яғни, сабақты тек қана дәстүрлі түрде емес, оқушыларды тақырапқа қызықтыру үшін дәстүрлі емес түрлерін қолдану арқылы тарту, білімдерін толықтай жетілдіру үшін жасалады, мысалы:

  • Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.

  • Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.

  • Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.

  • Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.

  • Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.

  • Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.

  • Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.

  • Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.

  • Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту т.б.

Яғни, корыта айтқанда дәстүрлі емес сабақтар қазіргі кезде дәстүрлі сабақтарға қарағанда қолдануға өте қолайлы және оқушыларды сабаққа қызығушылықтарын ашу мен қатар білімді толықтай жеткізу үшін қолданылады. Және қазір білім саласы дамуы барысында дәстүрлі емес сабақтарды қолдану керек деп түйіндейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет