Сыйақылы кесімді еңбекақы жүйесінде жұмысшының жалақысы нақты өнімділік үшін есептелетін негізгі (тікелей) кесімді бағалау бойынша еңбекақыдан құралады және белгіленген сыйлықақы көрсеткіштерін (өндірістік жоспарды, нормаланған тапсырманы және өнімділік нормасын орындау және асыра орындау; өнімнің сапасын көрсету, шикізатты, отынды, энергияны, материалды үнемдеу; жабдықтау жұмысының технологиялық тәртіптемесін (режимін) сақтағаны ұшін есептелетін сыйлықақы төленеді.
Үдемелі-кесімді еңбекақыда жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін-тікелей кесімді бағалау бойынша емес, өнімді нормадан тыс өндіргені үшін-үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі.
Жанама-кесімді еңбекақыда қосалқы және басқа өндірістегі жұмысшылардың еңбекақы көлемі олардың негізгі өндіріс жұмысшыларына қызмет етудегі жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне байланысты есептеледі.
Аккордтық еңбекақы жүйесі әр түрлі мамандықтағы жұмысшылардан құралатын бригаданың жөндеу және басқа жұмыстарды орындау барысында қолданылады. Бұл жүйеде жалақы алдын ала белгіленген нормалардан тапсырма (уақыт нормасы, өнімділік нормасы) бойынша барлық жұмыс көлемінің орындалуымен анықталады. Бухгалтерия нақты еңбекақыны жұмыс істелген әрбір уақыт ішіндегі сағат санына және жұмысшылардың разрядына cәйкес бригада мүшелеріне бөледі. Бұл жағдайда сыйлықақы сапалы сақтау барысындағы жұмысты орындау уақытын қысқарту үшін жүргізіледі. Көтеріңкі еңбекақы жүктеліммен (нарядпен) ресімделеді. Бригада мүшелерінің өтініші бойынша көтеріңкі еңбекақы оларға тең бөлінуі мүмкін.
II. Мерзімді еңбек ақы-нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақы нысанын айтады.
Жүйелері:
а) Жай мерзімдік жүйесі
б) Сыйақылы мерзімдік жүйесі
Мерзімдік еңбекақыда жұмыс істеуші тұлғаға бір айдағы барлық жұмыс күндерін істегені үшін толық төленетін қызметақы (тарифтік мөлшерлеме) тағайындалады; егер жұмыс күндерін толық істемесе, оған еңбекақы нақты істеген уақыты бойынша төленеді. Бұл жүйе негізінде қызметкерлердің еңбекақысында қолданылады.
Егер мерзімдік еңбекақыдағы жұмысшы техникалық процеске қатыспаса немесе жабдықты жөндеумен айналысса, оның еңбегі кесімді еңбекақыдағы жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі бойынша (бұйрыққа cәйкес) төленуі мүмүкін.
Өнеркәсіптерде еңбектің саны мен сапасы ескерілетін мерзімдік-сыйақылық еңбекақы жүйесі кеңінен тараған. Бұл жүйені қолдану барысында жұмысшының жауапкершілігі мен жеке материалдық мүдделігі артады. Жұмысшыларға сыйлықақы уақытты үнемдегені үшін,жұмысшылардың және жабдықтардың жұмыс істемей бос тұрып қалғанын азайтқаны және жойғаны үшін, машиналарды, агрегаттарды, цехтарды апатқа ұрындырмағаны үшін, материалдарды үнемдегені үшін беріледі. Сыйлық пен сыйлықақы көлемі кәсіпорындарда (ұйымдарда) әзірленген сыйақы беру туралы Ережемен анықталады.
Сондай-ақ, бұл жүйеде жұмысшыларға нақты істеген уақыты үшін жай мерзімдік еңбекақы төленеді. Алайда, жұмысшыларға нақты істеген уақыттары үшін есептелетін еңбекақыларына процентінде белгіленетін қосымша сыйлықақы беріледі.
Сыйлықақы көлемі жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың сараланған (дифференцирование) мамандықтары мен топтары бойынша белгіленеді. Жұмыстың негізгі нәтижесі үшін жұмысшыларға сыйлықақы еңбекақы қорынан мына көрсеткіштер (шарттар) бойынша беріледі:
өндірістік тапсырманы орындау және асыра орындау;
өндірушіліктің, өнімділіктің, бұйымның еңбек сыйымдылығын төмендетудің, өнімділіктің жаңа нормасын игерудің (уақытымен қызмет етуінде) артуы;
бөлім жұмысының түпкі нәтижесін жақсарту.
«Сыйлықақы туралы ережені» субъект дербес әзірлейді. Егер метериалдарды үнемдеу бөлімдер бойынша тұтас анықталса, онда сыйлықақаның жалпы соммасы мерзімдік еңбекақыға сәйкес жұмысшыларға таратылады. Мерзімдік сыйлықақы тұтас кәсіпорын мен бөлімдердің жалпы, сандық жұмыс көрсеткіштері үшін есептеледі. Сыйлықақы көлемі кәсіпорын мен бөлімдер бойынша тұтас белгіленеді. Ал, сыйлық нақты мерзімдік еңбекақы бойынша есептеледі.
Қызметкерлер еңбекақыны есептік кезендегі жұмыс істеген күндерінің санына байланыстыбелгіленген қызметақы бойынша алынады. Олардың сыйлықақысы кәсіпорын жұмысының жалпы өндірістік көрсеткіштеріне қарай белгіленеді.
ҚР-да кез келген шаруашылықтық саласы еңбек төлемін 1999 жылы 24-желтоқсанда қабылданып, 2000 жылы 1-қаңтарда күшіне еңген «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Тариф мөлшерінің және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгіленген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланылады.
Бірыңғай тариф еңбекақының 21 разрядының деңгейінде құралады және әрбір разряд үшін өзіндік тарифтік коэффиценті белгіленеді:
1-8 разряд аралығында-жұмысшылар, 2-21 разряд аралығында қызметкерлер үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |