Сабақ тақырыбы Риторика туралы жалпы мағлұмат. Жалпы мақсат


Бекіту Үйге тапсырма беру



бет7/27
Дата31.03.2023
өлшемі166.51 Kb.
#471500
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
1 топ-поурочный план

Бекіту


Үйге тапсырма беру

Сұрақ-жауап.

Шешен, билер туралы ақпарат жинау.



Үйірме жетекшісі: А.А.Балғожа



Бекітемін:________________



Уақыты:


19.10.2022
20.10.2022



«Тарихи риторика» үйірмесі

Тобы:3

Сабақ тақырыбы

Әл-Фарабидің «Риторика» еңбегі.

Жалпы мақсат

Оқушыларға Әбу Насыр Әл-Фараби туралы мағлұмат беру, еңбегімен таныстыру.

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

Шешендік сөздер кітаптары.

Жаңа тақырып

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Білім-ғылымды үйретумен қатар тәрбиелік мән зор шығармалар жазды. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзінің абзал қасиеттерін тани алмайды. Ұлы ойшыл ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани сауаттылыққа жол ашылады, мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол кезешекте оның өміріне зиян әкеледі» деп тәрбиеге аса қатты көңіл бөлу керектігін түсіндірді. Ғұламаның ғылыми философиялық еңбектерін байыптап, қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол Шығыс еліндегі тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы. Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері», «Бақытқа жол сілтеу туралы» трактаттарында этикалық- эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, білім дәрежелерін саралап, солардың негізін дәлелдеп берді.
Кітаптан үзінділер:
(251а бет.) Аса қамқор, мейірімді Аллаға арнап "Риторика" кітабын (бастаймын). Ол дегеніміз силлогистік өнер /2/ және оның мақсаты барлық он текке /3/ көзді жеткізу болып табылады. Бұл тыңдаушының жанына (қандайда бір нәрсеге) көз жеткізушілікті қалыптастыратын құбылыс, (ал ол) риторикалық амалдар /4/ арқылы қол жеткізілетін (оратордың түпкі мақсаты болып табылады). Көз жеткізушілік /51 қандайда бір нәрсе туралы пәкәр болып табылады. Жалпы алғанда көз жеткізушілік - зат туралы, ол сондай болып табылады немесе ондай болып табылмайды дейтін қағида. (Зат туралы құрылған болжам оның шын мәнісінде қандай болатындығынан өзгеше болуы мүмкін.) Осы екі қағиданың кез-келгені адамға ақиқи (қорытындыны) бермейді; (251 б бет) сонымен, кез-келген қорытынды (риторикада) ақиқатты білмеуді көрсетеді. Пікір жалған болуы мүмкін нәрсенің ақиқаттығы туралы көзқарас болмайды деп айтқан кезде, ал, керісінше, пікір жалған болуы мүмкін емес нәрсенің ақиқаттығы туралы көзқарас болады дейтін кезде, онда бұл жағдайда ол пікір болып табылмайды да, керісінше, дәлелді білім болып табылады /6/ және мұнда шынында атауларда қателік жіберілген. Алайда зат туралы пікір (бір нәрсені) жоққа шығарған немесе бекіткен жағдайда ол міндетті түрде ақиқат немесе жалған пікір болады. Бұл жағдайда оның ақиқаттылығы үшінші пікірге орын болмауы арқылы расталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет