Сабақтың басы
|
Тренинг барысы.
1.Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан - дүниеңе үңілу...»
Сынып жетекші Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Көңіл күйлеріңіз қалай?
Біздің бүгінгі тренингіміздің тақырыбы:
«Мен мамандық әлеміндемін»
Сіздерді тренинг ережелерімен таныстырып өтейін.
Тренинг ережесі:
- бір - бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым - қатынас.
Жоспар:
- Жақсы тілек.Гүл мен Күн
- Мамандықты тап (ойын)
- Жағдаяттық сұрақтар.
- Менің болашақ мамандығым.
- Ең - ең... (ойын)
- Ақ тілек. (жаттығу)
- Бос микрофон
Тренингіміздің
1 - ші жаттығу « Жақсы тілек». Адамға жақсы тілеу тілесең әр қашан жолың ашық болады. Сонымен балалар жаттығуымызды жақсы тілектен бастайық.
Әр оқушы орнынан тұрып өз тілектерін айтады.
Міне осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері осы отырған бәрімізге жақсы көңіл - күй сыйлады. Енді осы көңіл – күймен мен сіздерге хат қалта таратамын, соның ішінде номерлеген қағаздар жазылады кімге қандай номер келеді, сол бойынша мұғалімнің айтқан орынына барып отырады.
|
«Жағдаяттық сұрақтар». Енді сіздер жаңа өмірге қадам басып жоғарғы оқу орнына түсесіздер, сол кезде сіздер көптеген жағдаятқа кездесесіздер, сол жағдаятты қалай шешесіздер.
Жағдаяттық сұрақтар.(уақыты 5мин).
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы.
Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады.
сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын ашып бер?
Сенің арманыңның орындалуына қандай да, бір кедергі келіп тұр қандай шешім қабылдайсың?
4. Айжан мектепте жақсы оқыды, мектеп бітіргеннен кейін заңгер мамандығын таңдады, бірақта оқуғ түсе алмады. Ал құрбысы Алма мектепте орташа деңгейде оқыды да заңгер маманына түсіп кетті.
Сіз бұған не айтасыз?
|
|