Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Етіс және оның түрлері.
Көсемше және оның түрлері.
Есімше және оның түрлері.
Буын шыққанда көрсетулетін алғашқы көмек.
1.Етіс және оның түрлері.
р/с
|
Түрі
|
Ереже
|
Жұрнақтары
|
Мысалы:
|
1
|
Өздік етіс
|
Іс-қимылды адам өзі істейді
|
-ын/-ін/-н
|
Аз уақыт ішінде көркі көз қуантар керемет астана салынды
|
2
|
Өзгелік етіс
|
Адам іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады
|
1. -дыр/-дір, -тыр/- тір,-ыр/-ір/-р
2. -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз
3. -т
4. -сет
|
ЭКСПО-ға дейін әлі де талай таңдай қақтырғызар ғимараттар салынуы мүмкін
|
3
|
Ырықсыз етіс
|
Іс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді
|
1. -ыл/-іл/-л
2. -ын/-ін/-н
(түбірде «л»әрпі болса)
|
Осының барлығы елбасының көрегенділік саясатының арқасында жасалынды.
|
4
|
Ортақ етіс
|
Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді
|
-ыс/-іс/-с
(жаз-ыс-ты)
|
Қаланың сәулетіне барлық елдердің ең керемет сәулетшілері тартылып, барлығы атсалысты
|
2. Көсемше де –етістіктің ерекше түрі.
Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады. Көсемшенің жұрнақтары
1 -а, -е, -й Айт-а, кел-е-, сөйле-й
2 -ып, -іп, -п Айт-ып, кел-іп, қара-п
3 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі
Көсемшенің –а,-е, -й және –ып,-іп,-п жіктеледі, -ғалы, -гелі,-қалы,-келі жіктелмейді(Ауызша бір-екі етістікті алып жіктету)
Көсемшелер көптік, септік,тәуелдік жалғауларды қабылдамайды
2.1-2оқушыны тақтаға шығарып, мақалдарды сөз табына талдату.
Мыс: 1. Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер.
2.Батыр жауда көрінеді.
3. Сыныпта 257-жаттығу көсемшелерді теріп жазыңдар(Дәптерлеріне теріп жазады да, оқиды.)
№3 Тапсырма.
№6.Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып,мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір.
1.Таң----------------------жымыңда+ п тұр
2.Жұлдыз---------------------ағар+ып атты
3.Ай-----------------------------жау+ғалы тұр
4.Боран------------------------- сыңғырла+й соғылды
5.Қоңырау-----------------------жарқыра+й+ды
6.Жаңбыр------------------------- гуілде+й соқты
№4 «Ойлан, тап!» ойыны(плакатқа 1-бағанның тапсырмасын сызу.Қалғанын оқушылар өздері орындайды.)
Достарыңызбен бөлісу: |