Кейсті талдап, сұрақтарға жауап алғаннан кейін, 3 топқа бөлінуді ұсынамын.
«Мен балаға қалай көмектесе аламын» тренингі
«Шешім ағашы» – ватманмен жұмыс: топтар жағдайдың шешімін жазады, содан кейін ватмандырымен ауысып, көршілердің ватманына өз идеяларын қосады.
«Бесінші сынып оқушыларын негізгі мектепте оқуға бейімдеудегі қиындықтар» карточкалары.
Мен сіздерге үш топқа бөлінуді ұсынамын. Сіздердің үстелдеріңізде қаламдар мен ватман парақтары жатыр. Сосын тағы сұрақтар бар. Әр топ екі сұраққа жауап береді. Оларды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, жауаптарын жазыңыз. Тапсырманы орындау үшін 10 минут беріледі.
Бірінші топқа арналған сұрақтар:
Бесінші сынып оқушысы бейімделу кезінде қандай физиологиялық қиындықтарға тап болады? Мен қалай көмектесе аламын?
Екінші топқа арналған сұрақтар:
Бесінші сынып оқушысы бейімделу кезінде қандай психологиялық қиындықтарға тап болады? Мен қалай көмектесе аламын?
Бейімделу кезеңінде балаларда қандай әлеуметтік қиындықтар туындайды?
Мен қалай көмектесе аламын?
Содан соң, жауаптарды бірге талқылаймыз.
|
|
5 мин.
|
Табысты психоэмоционалды бейімделудің белгілері:
1. Оқу процесіне қанағаттану сезімі
Бала мектеп туралы қуана айтады және оған қуана барады.
2. Бағдарламаны игеру
Балаға ұсынылған тапсырмаларды орындау қиыншылық тудырмайды. Егер бала дәстүрлі бағдарлама бойынша жұмыс істесе, бірақ кейбір қиындықтарға тап болса, оны басқа балалармен салыстырып, кінәлап, кемшіліктерін бетіне баспай, қолдау көрсету маңызды. Егер күрделі бағдарлама аясында оқыған кезде қиындықтар туындаса (мысалы, кез келген пәнді тереңдетіп оқу), ата-аналар әдеттегі бағдарламаға көшуді қарастыруы керек.
3. Тәуелсіздік дәрежесі
Бала тапсырмаларды өз бетінше орындауы керек, сәтсіз әрекеттерден кейін ғана ол ересек адамнан көмек сұрай алады. Көптеген ересектер алғашқы кезден бастап көмектесе бастайды – бұл үлкен қателік. Бала үй тапсырмасын дайындауда сондай әрекетке тез үйренеді де, болашақта оны өз бетінше орындау қиынға соғады.
4. Мұғаліммен және сыныптастарымен қарым-қатынасына көңілі толуы
Бұл негізгі белгілердің бірі. Егер бала мұғаліммен және сыныптастарымен үйлесімді қарым-қатынас орнатса, бейімделу процесі де жеңіл өтеді.
|
|
5 мин.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |