Қызылорда облысы ,Қармақшы ауданы , Жаңажол ауылы №107 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бақыткүл Мырзалиева
Сыныбы: 10 а
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Абайдың табиғат лирикасы»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ақын өлеңдерінің мазмұнын ашып, қөркемдік өрнектерді талдау
арқылы ақынның идеясын айқындау.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу
мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге
дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: табиғат пен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын
түсіндіре отырып, оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие
беру, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, қолдауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кітаптар
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ақынның поэзияға, өнерге биік көзқарасы
“Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы”
Өлең жолы
|
Оқушы пікірі
|
1. “Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы”
2. “Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол”
3. “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”
4. “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
-
Абай өскен орта
-
Абай неше жасынан бастап оқу оқыған?
-
Абай сусындаған қайнар бұлақтар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Лирика-адамның көңіл-күйін, қуаныш-реніш сезімін күйіттейтін поэзия.
Лирика бес түрге бөлінеді.
-
Табиғат лирикасы
-
Махаббат лирикасы
-
Философиялық лирика
-
Саяси лирика
-
Көңіл-күй лирикасы
Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін түсіндіру
«Қыс» өлеңі
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды,
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай сырт айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды
Өлең құрылысына талдау
Ақ ки-ім-ді де-не-лі, ақ са-қал-ды, а
Со-қыр мыл-қау, та-ны-мас ті-рі жан-ды, а
Үс-ті-ба-сы ақ қы-рау, тү-сі су-ық, б
Бас-қан же-рі сы-қыр-лап кел-іп қал-ды. а
--
4 тармақ, 1 шумақ, 11 буынды қара өлең ұйқасы
Дәптермен жұмыс
“Қыс”
|
Үшпадай бөркі, бұлттай қасы, бурадай долданғанда. Теңеу
|
«Үсті –басы ақ қырау, түсі суық, дем алысы –үскірік, аязбен қар» балама мағынасында қолданылып тұрған сөздер
|
Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек шалды. Кейіптеу
|
«Жазғытұры»
|
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып
|
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Теңеу
|
Өңі қашып бола алмас бұрынғыдай.
Теңеу
|
“Күз”
|
Қайыршы шал- кемпірдей ағаш қурай. Теңеу
|
Сұрғылт күз, түсі суық сұр бұлт дымқыл тұман Эпитет
|
Астында ақ шомшы-астық екпеген ел басқа елге түйемен барып, астық алып қайтады, сонда түйе бос барады да шом артады.
Сөздік
|
«Жаз»
|
Көкорай-шалғын, бәйшешек,
Ұзарып, өсіп толғанда;
|
Бәйге атындай аңқылдап Теңеу
|
|
Т
Берілген тақырыпта шағын әңгімен немесе өз жанынан бір шумақ өлең жазу)
оппен жұмыс
І топ «Қыс» ІІ топ «Жаз» ІІІ топ «Күз»
Сәйкестендіру тесті
1
|
“Күз”
|
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
|
2
|
“Қыс”
|
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды
|
3
|
“Жаз”
|
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
|
4
|
“Жазғытұры”
|
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі
|
5
|
“Қараша, желтоқсан мен сол бір- екі ай”
|
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай
|
Сабақты бекіту.
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңімен бекіту
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей?
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей
Міні қайда екенін біле алмассың
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниедегі дос ақиретке бірдей болмас
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас
Дүниеге ынтық, мәғшәрға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
ҮІІ. Үйге тапсырма
Ақынға арнау өлең шығаруға талпыну
ҮІІІ. Бағалау
Пәні: Әдебиет
Сыныбы: 10 а
Пән мұғалімі: Б. Мырзалиева
Достарыңызбен бөлісу: |