Сабақтың тақырыбы Б. Майлин «Шұғаның белгісі»



бет1/3
Дата10.08.2023
өлшемі48.01 Kb.
#476028
түріСабақ
  1   2   3
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» әңгіме ҚМЖ 2-cабақ





Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Бөлім

Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі

Оқу мақсаты

Анализ және интерпретация
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау.

Сабақтың мақсаты

  • Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасау.

Бағалау критерийі

  • Шығарма желісі бойынша идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

әйел теңсіздігі6 көңіл бөлу, шоқтығы биік туынды, суреткер, бейтарап қарамау, аяушылық сезімін білдіру, биікке көтеру, төрінен ойып тұрып орын алу, зерлі сөздің зергері, т.б.

Алдыңғы тақырып

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

Адами қасиет, тәлім-тәрбие, достық, татулық
Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

10 минут



Қызығушылықты ояту кезеңі
Ой шақыру
Бейімбет туралы айтылған Ілияс Жансүгіровтің сөзін талқылаудан бастайды және «6 Неліктен» стратегиясын қолданып, сұрақтарға жауап береді. Алдыңғы сабақтармен байланыс орнатылады.

  • ««Шұғаның белгісі» – театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді».

І. Жансүгіров
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы 
1. Неліктен Бейімбет әйел теңсіздігі мәселесіне көңіл бөлген? 
2. Неліктен «Шұғаның белгісі» хикаятын қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі дейміз?
3. Неліктен Бейімбет Майлинді – "қазақ әңгіме жанрының атасы" дейді?
4. Неліктен суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды?
5. Неліктен автор басты кейіпкерге аяушылық сезімін білдіреді?
6. Неліктен Бейімбет өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді?
6. Неліктен Бейімбетті «тамаша талантымен әдебиетіміздің төрінен ойып тұрып орын алған зерлі сөздің зергері» деп бағалайды?



  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

https://prezi.com/3ryl_bdh1mqk/presentation/
Бейімбет туралы ойлар

5 минут

10 минут

5 минут


5 минут





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет