Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім:
|
Кіріспе.
|
Педагогтің аты-жөні
|
Ыбырай Мерлан Мырзабайұлы
|
Күні:
|
03.09.2021
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Эмоционалдық интелект
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
Интеллект пен эмоционалды интеллектінің арасындағы айырмашылықты ажырату, білім алу үдерісіндегі алатын орнын анықтау және дамыту жолдарын меңгеру
|
Сабақтың мақсаты
|
Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
|
Құндылықтарға баулу
|
Құндылықтар:
-өзгенің еңбегін құрметтеу
-патриотизм
-ұлттық сана-сезім
-ынтымақтастық
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Ой қозғау
Ұжымдық жұмыс. "Интелект"тақырыбына байланысты кластер жасау.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
ҚБ «Мадақтау»
|
Тақырыптық суреттер
|
Жаңа сабақ
|
Интеллект дегеніміз – адамның танымдық, ойлау қабілеттерін біріктіретін, сипаттайтын қабілеттердің жиынтығы: тану, ойлау, сезу, жад, есте сақтау, қиялдау, суреттеу, кескіндеу, елестету. Заманауи ұғыммен қарасақ, интеллекті деген – адамның мәселені шеше алуы, қоршаған ортаны тануы және сол танығанын іске асыра алуы. Интеллектінің деңгейі белгілі бір міндетті шешу кезінде байқалады. Мәселен, өмір сүруге талпыну мен тірі қалуға деген ұмтылыс – адамзаттың өмір сүруге деген инстинкті десек, интеллектінің де деңгейі осы міндетті қаншалық шеше алатынымен өлшенеді.
Психологтардың айтуынша, адамның танымы мен ақыл-ойы екі басты бағытқа бөлінеді: бірі – пайым мен парасат, идея мен ақыл-ойға жауап беретін интеллект болса, екіншісі – сезім мен эмоцияға негізделген интеллект. Қарапайым тілмен айтқанда, бірі логикалық интеллект болса, екіншісі – эмоционалды интеллект.
Мұның ішінде қазіргі әлем эмоционалды интеллектіге аса мән беруде.
Эмоционалды интеллект (EQ) дегеніміз – адамның өзінің эмоциясы мен басқа адамдардың эмоциясын тани және бақылай алуы, оларды ажырата білуі және соны өзінің ойлануы мен іс-әрекетіне қолдануы. EQ екі қабаттан тұрады: біріншісі – адамның өз сезімін тануы, екіншісі – өзге адамдардың сезімі мен эмоциясын тани алуы.
Эмоционалды интеллект ұғымын алғаш қалыптастырған – АҚШ журналисі Дэниел Гоулман еді. 90-жылдары «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» атты кітабы жарыққа шығып, нағыз психологиялық бестселлерге айналады. Содан бастап бүкіл әлемнің назары EQ-ға ауады.
Гоулман адам жетістікке жету үшін ең алдымен зияткерлік интеллекті емес, эмоционалды интеллектінің қажет екенін дәлелдеп шығады. Яғни, эмоционалды интеллектісі жоғары адамдар тілтабысқыш, қабылдауы жылдам, сезімі мен эмоциясын бақылауда ұстай алатын сабырлы, салқынқанды, жеке пікірі мен сыни ойлауы бар тұлға болып қалыптасатынын алға тартады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |