Сабақтың тақырыбы: Күрделі эфирлер. Майлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға күрделі эфирлер, майлар, олардың табиғаттағы кездесуі, маңызы, құрамы мен құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы білімді қалыптастыру; майлардың ағзаға өте қажетті, бағалы қоректік зат екендігі туралы, майлардың гидролизі мен майларды техникада қолдану үшін гидрогендеу реакциясы туралы білімді қалыптастыру;
Дамытушылық: Күрделі эфирлер, майлардың гомологтарының формуласын, изомерлерінің формуласын құру, химиялық қасиеттерін, алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құра білу, білім және дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтарға жауап
Карбон қышқылдары деп қандай қосылыстарды атаймыз?
Карбон қышқылдары қандай класстарға жіктеледі?
Карбон қышқылдардың функционалды тобы?
Құмырсқа және сірке қышқылдарының қолданылуы.
Күрделі эфирлер деп қышқыл мен спирт молекулаларының өзара әрекеттесіп, дегидратациялануынан тузілген қүрделі заттарды айтады.Ал реакцияны эфирлендіру (этерификация) реакциясы деп атайды. Қышқыл ретінде органикалық немесе бейорганикалық оттекті қышқылдарды қолдануға болады.
Мысалы
Біз бірнегізді қаныққан карбон қышқылдары мен біратомды спирттерден түзілген күрделі эфирлерге тоқталмақпыз. Олардың жалпы формуласы:
R1 және R2— көмірсутек радикалдары, ал құмырсқа қышқылының эфирлері үшін:
Күрделі эфирлердің атаулары өздері түзілетін кышкыл мен спирт радикалының атауынан құралады. Халықаралық жүйе бойынша атағанда, алдымен радикал атауы, содан соң қышқылдың атауы айтылады.
Күрделі эфирлерге тән маңызды химиялық қасиеті — олардың гидролизі
Сөйтіп, гидролиз бен эфирлендіру реакциясы — қарама-қарсы процесс болғандықтан, тепе-теңдікті болдырмау үшін түзілген өнімдердің біреуін реакциядан бөліп отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |