Патогенезі. Гипертония ауруының даму механизміне: 1) нервтік, 2) рефлекторлық, 3) гормондық, 4) бүйректік және 5) тұқымқулайтын факторлар қатысты.
Патологиялық анатомиясы. Гипертония ауруының морфологиялық бейнесі оның ағымы мен сипатына байланысты, сондықтан алуан түрлі.
Клиникалық ағымы тұрғысынан бұл ауру қатерлі (қатерлі гипертензия) және (қатерсіз гипертензия) деп бөлінеді.
Клиника- морфологиялық нысандары
Тамырлар өзгерісі мен геморрагия, некроз,склероз процестері жүрек, ми, бүйрек сияқты ағзалардың қайсысында басымырақ дамығанына қарай гипертония ауруының клинико- морфологиялық нысандары жүректік, милық және бүйректік деп жіктеледі.
Гипертония ауруының жүректік нысаны ,атеросклероздың жүректікнысан сияқты, жүректің ишемиялық ауруының негізі болып табылады.
Гипертония ауруының милық нысаны ми тамырлары сырқаттарының негізі Гипертония ауруының бүйректік нысаны жедел және созылмалы ағымды болады.
Жүректің ишемиялық ауруы – жүректе қанайналымы толықтоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп аталады.
Патогенездік факторлары ортақ.олардың ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидимия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылы диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.
Миокард инфарктісі
Миокард инфарктісі дегеніміз - жүректің бұлшықетті қабатының ишемиялық некрозы.Оның клиникалық бейнесіне электр- кардиографиялық өзгерістер және ферментемия тән. Ол, әдетте, қызыл кемерлі ишемиялық (ақ ) инфаркт болады.
Классификациясы мен патологиялық анатомиясы.
Миокард инфарктісі: 1) қалыптасқан мерзіміне, 2) жүрек пен жүрек бұлшықетінде дамыған орнына, 3) қамтыған көлеміне және 4) даму барысына (ағымына) қарай жіктеледі.
Миокард инфарктісі дегеніміз- мерзімдік ұғым.Оның даму мерзімі ишемия басталған сәттен 8 аптаға созылса, алғашқы (первичный) инфаркт деп аталады.
Кардиомиопатиялар
Кардиомиопатиялар (грекше: kardia – жүрек, myos – бұлшықет, pathos – ауру, кесел)- миокардтағы өзгерістер дистрофиядан басталатын сырқаттар тобы. Бұл топқа жүректің тамырлық сырқаттары мен ревматизмдік аурулардың қатысы жоқ (бейкоронарлық және бейревматиздік кардиомиопатиялар) жатады. Кардиомиопатиялардың этиологиясы мен патогенезі әртүрлі болғанмен, клиникалық бейнесі ұқсас. Олардың клиникалық бейнесінің негізі – миокардтың жиырылу қабілетінің (функциясының) жеткіліксіздігі, ал морфологиялық негізі – дистрофия.
Классификациясы.
Кардиомпатиялар бірінші ретті (идиопатиялық) топқа және екінші ретте (салдарлық) топқа жіктеледі.
Бірінші ретті (идиопатиялық) Кардиомиопатиялар 1) гиперопатиялық (констрикциялық), 2) дилатациялық (конгестивтік) және 3) рестикциялық (эндомиокардтық фиброз) деп аталатын түрлері бар. Екінші ретті кардиомиопатияның дамуы: 1) улану (алкогольмен, этиленгликольмен, ауыр металдардың тұздарымен улану уремия, т.б), 2) инфекциялар (вирустық инфекциялар, сүзек, триопаносомоз – Шигас ауруы, трехеннеллез, т.б), 3) тұқымқуалайтын (тезаурисмоздар, амилоидоз бен гиалиноз) және жүре болатын заталмасулық аурулар (подогра, тиреотоксикоз, гиперпаратиреоз, авитаминоз, электролиттер мен стероидтар алмасуының бұзылуы), 4) асқорыту жүйесінің аурулары (сіңіру бұзылатын синдром, панкреатит, бауыр циррозы, т.б.) себеп болады.
Атеросклероз
Атеросклероз (гр.athere – қойыртпақ; sklerosis – қатаю, шорлану) – майлар мен белоктар дұрыс алмаспағандықтан, эластикалы және бұлшықетті –эластикалы тамырлардың ішкі қабатына майлар мен белоктар шөгіп, сол жерлерде талшықты дәнекер ткань көбейіп, склероздамитын ауру.
Этиологиясы. Атеросклерозды дамытатын негізгі себептер мыналар: 1) зат алмасуынабайланысты факторлар; 2) гормондық фактолар; 3) артериялық гипертония; 4) психоэмоциялық күйзеліске ұшырататын стресс пен конфликтілі жағдайлар; 5) қантамырларындағы өзгерістер; 6) тұқымқуалайтын және этникалық факторлар.
Заталмасу процесімен байланысты факторлардың ішінде негізгіорынды май мен белок, әсіресе холестерин мен липопротеидтер алмасуның бұзылуы алады.
Атеросклероздың макроскопиялықбейнесінің даму барысын: 1) майлы дақтар мен жолақтар; 2) фиброзды түймешелер; 3) ойық жаралар, қанды ошақтар мен тромбылы қатпарлар сияқты асқынған зақымды фиброзды түймешелер және 4) кальциноз бен атерокальциноз процестері жақсы бейнелейді.
Жүректің ишемиялық ауруы – жүректе қанайналымы толықтоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп аталады.
Патогенездік факторлары ортақ.олардың ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидимия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылы диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.
Миокард инфарктісі
Миокард инфарктісі дегеніміз - жүректің бұлшықетті қабатының ишемиялық некрозы.Оның клиникалық бейнесіне электр- кардиографиялық өзгерістер және ферментемия тән. Ол, әдетте, қызыл кемерлі ишемиялық (ақ ) инфаркт болады.
Классификациясы мен патологиялық анатомиясы.
Миокард инфарктісі: 1) қалыптасқан мерзіміне, 2) жүрек пен жүрек бұлшықетінде дамыған орнына, 3) қамтыған көлеміне және 4) даму барысына (ағымына) қарай жіктеледі.
Миокард инфарктісі дегеніміз- мерзімдік ұғым.Оның даму мерзімі ишемия басталған сәттен 8 аптаға созылса, алғашқы (первичный) инфаркт деп аталады.
Кардиомиопатиялар
Кардиомиопатиялар (грекше: kardia – жүрек, myos – бұлшықет, pathos – ауру, кесел)- миокардтағы өзгерістер дистрофиядан басталатын сырқаттар тобы. Бұл топқа жүректің тамырлық сырқаттары мен ревматизмдік аурулардың қатысы жоқ (бейкоронарлық және бейревматиздік кардиомиопатиялар) жатады. Кардиомиопатиялардың этиологиясы мен патогенезі әртүрлі болғанмен, клиникалық бейнесі ұқсас. Олардың клиникалық бейнесінің негізі – миокардтың жиырылу қабілетінің (функциясының) жеткіліксіздігі, ал морфологиялық негізі – дистрофия.
Классификациясы.
Кардиомпатиялар бірінші ретті (идиопатиялық) топқа және екінші ретте (салдарлық) топқа жіктеледі.
Бірінші ретті (идиопатиялық) Кардиомиопатиялар 1) гиперопатиялық (констрикциялық), 2) дилатациялық (конгестивтік) және 3) рестикциялық (эндомиокардтық фиброз) деп аталатын түрлері бар. Екінші ретті кардиомиопатияның дамуы: 1) улану (алкогольмен, этиленгликольмен, ауыр металдардың тұздарымен улану уремия, т.б), 2) инфекциялар (вирустық инфекциялар, сүзек, триопаносомоз – Шигас ауруы, трехеннеллез, т.б), 3) тұқымқуалайтын (тезаурисмоздар, амилоидоз бен гиалиноз) және жүре болатын заталмасулық аурулар (подогра, тиреотоксикоз, гиперпаратиреоз, авитаминоз, электролиттер мен стероидтар алмасуының бұзылуы), 4) асқорыту жүйесінің аурулары (сіңіру бұзылатын синдром, панкреатит, бауыр циррозы, т.б.) себеп болады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропреарат:
А) «Жүректің инфаркты» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Миокард инфаркты» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Бақылау сұрақтары.
1. Эндокардиттің анықтамасы
2 Миокрадиттің анықтамасы.
3 Эндокардит, этиологиясы, патогенезі,
4 Миокардиттің этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатмоиясы.
5 Эндокардиттің патологиялық анатмоиясы.
6 Миокардиттің патологиялық анатомиясы.
7. Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары ішінде атеросклероздың алатын орны.
8. Атеросклероздың анықтамасы.
9. Атеросклероздың патологиялық анатомиясы мен морфогенезі.
10. Атеросклероздың этио- патогенезі.
11. Атеросклероздың клинико- морфологиялық түрі, асқынуы және ақыр соңы.
12. Кардиосклероздың дың анықтамасы.
13. Кардиосклероздың этио- патогенезі.
14. Кардиосклероздың патологиялық анатомиясы.
15. Кардиосклероздың асқынуы, ақыр соңы.
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Ревматизмдік аурулар: Ревматизмдік аурулар туралы түсінік. Ревматизм. Этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы.
2. Сағат саны: 45 мин.
-
Сабақ түрі: Тәжірибелік.
-
Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда жүрек қан тамыр жүйесі мен ревматизмдік ауруларды оқып үйрену үшін қажет. Тәжірбиелік жұмысында олар секциялық бақылауда клинико-анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
-
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)
Ревматизмдік аурулар
Дәнекер ткань жүйесінің аурулары қазір ревматизмдік аурулар деп аталатын болды. Бұдан біраз жылдар бұрын олар коллагеноздар [Клемперер П.,1942] деп аталатын. Бұл атау олардың мәндік мазмұнын дұрыс бейнелемейді. Ревматизмдік арулар дәнекер ткань мен тамырлар жүйесін және иммундық гомеостазды зақымдайды. Сондықтан оларды дәнекер тканьнің иммунитетті зақымдайтын аурулар деп те атайды. Бұл топқа ревматизм, ревматоидтық артрит, Бехтеров ауруы,жүйелік қызыл ноқта(системная красная волчанка), жүйелік склеродермия, түйіншекті периартериит және дерматомиозит жатады.
Ревматизмдік аурулардың даму барысында дәнекер ткань жүйесі өршімелі ыдырап (дезорганизация), мынадай 4 фазадан өтеді: мукоидты ісіну, фибриноидтық өзгерістер, клеткалы қабыну және склероз. Бұл сырқаттардың ағымын созылмалы және толқымалы.
Ревматизм
Ревматизм (Сокольский –Буйо ауруы) – қайта- қайта асқынып (рецедив), бәсеңдеп (ремиссия) отыратын, ағымы толқымалы, негізінен жүрек пен тамырлар жүйесін зақымдайды, инфекциялы- аллергиялық сырқат. Ол үнемі асқынып, бәсеңдеп, көптеген айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін; кейде білінбей де дами береді.
Этиологиясы. Ревматизмді β- гемолиздік стрептококтардың А тобы дамытатыны, олар организда сенсибилизациялайтыны дәлелденген (мысалы, қайталамалы ангинада). Адамның жас шамасы мен генетикалық факторларға едәуір мән беріледі (ревматизм – тұқымқуалайтын полигенді сырқат).
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Микропрепарат:
А) «жүрек эндокарды» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Бақылау сұрақтары.
1. Ревматизм ауруы туралы түсінік.
2. Ревматизм ауруының жіктелуі.
3. Ревматизм ауруы этиологиясы, патогенезі.
морфогенезі.
4. Ревматизмнің морфологиялық көрінісі.
5. Ревматизмдік аурудың асқынуы және өлім себебі.
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Ревматизмдік аурулар: Жүйелі қызыл жегі: Түйінді периартерит, жүйелі склеродермия, дерматомиозит.
2. Сағат саны: 45 мин.
3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда жүрек қан тамыр жүйесі мен ревматизмдік ауруларды оқып үйрену үшін қажет. Тәжірбиелік жұмысында олар секциялық бақылауда клинико-анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
-
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1- 2 т. – Алматы, «Білім, 2008».
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
3.Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия «Қазақ тіліне аударған М. Т. Айтқұлов» – Ақтөбе 2010. ІІІ кітап.
4. Митрофаненко В., Алабин И. «Основы патологии: учебник». –М., 2011.
208с.
5. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. –М., 2010.-
400с.
6. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
Қосымша (Қ) орыс тілінде
1.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
2.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
3.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
4.Федюкович Н.И. «Анатомия и физиология человека». 2010.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)
Жүйелік қызыл ноқта (Либман- Сакс ауруы)- айқын бейнелі аутоиммундану дамып, негізінен терінің, тамырлар мен бүйректердің дәнекер ткані зақымдалатын, жедел және созылмалы ағымды сырқат. Жүйелік қызыл ноқта (ЖҚН ) жас әйелдерге тән ауру; олар бұл кеселге ұшырағандарың 90%-ға жуғын қамтиды. Дегенмен, бұл сырқат балалар мен егде әйелдерге де, кейде ер адамдарда да байқалады.
Этиологиясы. Қазір ЖҚН – нің вирустық этиологиясын дәлелдейтін деректер көп. Электронды микроскоппен зерттегенде эндотелий клеткаларынан, лимфоциттер мен тромбациттерден вирус тәрізді қосымша заттар табылған. ЖҚН –мен сырқаттардан және олардыі олардың туыстарынан үздіксіз дамитын вирустық инфекцияға тән лимфоцитті улағыш антиденелер (лимфоциттоксицеский антитела) және қосспиральді (вирустық ) РНҚ –ға қарсы бағытталған антиденелер анықталған. Сондай-ақ, ЖҚН-мен сырқаттанған кезде қан айналымында қызылша, қызамық (краснуха) пен парагрипп вирустарына және парамиксовирустар тобына жататын РНҚ-лы басқа да вирустарға қарсы антиденелердің титрі жоғары болады. Дегенмен, ЖҚН кезіндегі вирустық инфекция клеткалық иммунитет тапшылығының салдары ретінде дамиды дейтін де көзқарас бар. Тұқымқулайтын бейімділікке де зор мән беріліп жүр.
Жүйелік склеродермия
Жүйелік склеродермия(өршімелі жүйелік склероз) – негізінен терінің дәнекер тканін зақымдап, ішкі ағзалардыда шарпитын созылмалы ағынды сырқат.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл аурудың себебі коллаген түзілу процесінің бұзылуы мен (аномальді фибриллогенезбен) сабақтас дейтін жорамал бар. Бұл жорамал склеродермиямен сырқаттардың терісін тканьдік культура тәсілімен зерттеу арқылы дәйектелді. Дұрыс жетілмеген коллагеннің дәнекер тканьді жылдам ыдыратып, фиброз процесін өршітетіні қазір белгілі. Әзірше вирустық инфекциялар (РНҚ-лы вирустар) мен генетикалық факторлардың да әсері жоққа шығарылмайды. Жүйелік склеродермияның патогенезіне аутоиммундық процестердің де едәуір ықпалы бар сияқты.
Дерматомиозит
Дерматомиозит - басты клиника- морфологиялық бейнесі көлденең жолақты бұлшықеттер жүйесінің зақымдалуына негізделіп, біріңғай салалы бұлшықеттермен теріні шамалы ғана зақымдайтын ревматизмдік сырқат. Кейде ол теріні мүлде зақымдамайды, онда бұл ауру полиомиозит деп аталады. Дерматомиозитпен және полиомиозитпен жас шамасы әртүрлі адамдар, көбіне әйелдер сырқаттанады.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл сырқатты вирустар дамытуы ықтимал, бұған сырқаттардың эндотелиоциттері мен бұлшықет клеткаларының цитоплазмасынан табылған парамиксовирустарға ұқсас тубулалық құрылымдар дәлел. Бұл ауруда тұқымқуалайтын бейімділікте байқалады; өйткені ол кейбір отбасында жиі кездеседі. Аурудың даму барысына иммунологиялық гемостаздың бұзылуы мен аутоиммундану әсер ететіні көп күмән туғызбайды. Ал оның бастапқы механизмдерінің іске қосылуына вирустар түрткі болатын сияқты. Дерматомиозиттің ісік процесмен байланыстылығы қазір толық мәлім. Ісік антигндері бұлшықет антигендерімен әрекеттесіп, аутоиммундану процесін меңдете түседі. Ал, ісікті алып тастағанда науқастың хал-жағдайы жақсарады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Микропрепарат:
А) «Синовиалды қабықша» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Бақылау сұрақтары.
1. Жүйелік қызыл ноқта туралы түсінік.
2 Жүйелік склеродермия туралы түсінік
3. Жүйелік қызыл ноқта этиологиясы,патогенезі.
4. Жүйелік склеродермия этиологиясы, патогенезі.морфогенезі
5. Синовийлық қабықшалар ауруы туралы түсінік.
6. Жүйелік қызыл ноқта, жүйелік склеродермия, синовийлық қабықшалардың асқынуы.
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
1. Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының аурулары: Жедел бронхит жіктелуі.Крупозды пневмония, бронхопневмония.
2. Сағат саны: 45 мин.
3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4. Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда бронхиттер және пневмонияларды оқып үйрену үшін және тәжірбиелік жұмысында клинико-морфологиялық талдау жасау үшін қажет.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
-
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5. Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |