Сабақтың тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата21.08.2022
өлшемі25.18 Kb.
#459993
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақ жоспары


Күні: 26.02.2016
Оқытушы:
Топ: 21«б»,24 «б»
Пәні: Жаңа педагогикалық технологиялар
Сабақтың тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Проблемалық оқыту технологиясы туралы түсіндіру, оның мақсаты мен міндеттерін, кезеңдері мен деңгейлерін, әдістері мен түрлерін ұғындыру, негізгі идеясын түсіне білуге жетелеу.
Дамытушылық: Проблемалық оқытудың тиімді және тиімсіз тұстарын ажырата алу, дәстүрлі оқыту әдісімен салыстыра білу дағдыларын дамыту. Өз бетімен іздену арқылы пролеманы шеше білуге жетелеу. Ғылыми тілде сөйлеу дағдыларын дамыта түсу, жаңа терминдер арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Проблемалық сұрақтарды шеше білуде табандылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық, индуктивті және дедуктивті әдістер, демонстративті, интербелсенді әдістер, түсіндірмелі-иллюстративті, т.б.
Сабақтың көрнекі-құралдары: компьютер, интерактивті тақта, тақырыптық презентация
Пәнаралық байланыс: педагогика, өзін-өзі тану


Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру.
а) Білім алушылармен танысу, амандасу, түгелдеу
ә) Сабаққа керекті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру
б) Сабаққа назарларын аудару
Психологиялық дайындық. Сөзжұмбақ жасыру.
«Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, қонақ, келу, жүзім, жымыңдаған» сөздерін қандай жайт біріктіреді?
ІІ. Өткенді пысықтау.
1. «Ізгілендіру технологиясы» туралы педагогикалық әдебиеттерде не делінген?
2. «Білім берудегі ізгілендіру технологиясы» тақырыбы бойынша дайындаған сызбаларын, слайдтарын қорғау
3. «Ізгілік», «мораль», «этика», «адамгершілік» ұғымдарына берілген анықтамаларды сұрау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет