«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Үйге тапсырма
Анықталған сөздер мен сөз тіркесін пайдаланып , шығармадан алған әсеріңізді сипаттап пікіріңізді жазбаша ( хат,өлең) жазады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
« Бес саусақ» әдісі. Оқушылардан бүгінгі өткен сабақ бойынша кері байланыс алу. 1. «Бас бармақ-басты мәселе».Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек-бірлесу.» Қалай жұмыс жасадым,кімге көмек бердім? 3. «Ортан терек-ойлану».Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек-шынайылық.»Сабақ маған ұнады ма ,неліктен? 5. «Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы.» Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
|