|
2-жаттығу ауызша орындалады. Антоним сөздерді ажыратып, мағынасын түсініп, сөйлеу барысында қолдану білігі бағалана- ды. Антоним сөздер туралы игерген білім- дерін пысықтау мақсатында кері байланыс жасатылады. Ол үшін ойын ұйымдастыры- лады.
Ойын шартымен танысу.
Бес түсті затты ретімен тез айтып шығу.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма беріледі. Мысалы: шие (қызыл), банан (сары), бояу (көк), орамжапырақ (жасыл), жаңғақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады.
|
Бос торкөздерге тұсындағы сөз- дердің антонимін тауып жазады. Осы сөздерді қатыстырып, сөй- лем құрайды.
Оқушы парталас досына бір сөз айтады. Парталас досы сол сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табу керек. «Кемпірқосақ» ойы- нына қатысады.
|
|