Сабақтың типі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: слайд Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



бет1/8
Дата04.12.2023
өлшемі61.38 Kb.
#485383
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
жжееее 4класс


Күні: ___________ Тексерілді:____________
Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасу


Сабақтың мақсаты: оқушылар автокөлікте қалай отыруы, мінуі, техникалық қызмет қалай көрсету керектігімен танысады, үйренеді. Қауіпсіздік ережелерін біледі.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

ІІ. Жаңа сабақ


Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар:

  • Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.

  • Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағғы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен жабдықталуы тиіс:

  • автобустың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрышты айыратын белгi орнатылуы тиіс;

  • сары түстi жарқылдауық шағын маякпен;

  • әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын, оңай алынатын екі өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

  • дәрігерлік алғашқы көмек екі қобдишаларымен (автомобильдi);

  • екi жылжуға қарсы тiректермен;

  • апаттық тоқтау белгiсiмен;

  • колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет