Сайрам аудандық мәслихатының
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№49-346/V шешіміне қосымша
САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ
2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
АҚСУКЕНТ- 2015 Ж
МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3
2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
3. АУМАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 62
4.НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ,
НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ
КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ, АЙҚЫНДАЛҒАН
МАҚСАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 64
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _82
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 83
-
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы
|
Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
|
Әзірлеуге негіз
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы», 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспары туралы» №302 Қаулысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы №426 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №362 қаулысы.
|
Аймақтың негізгі сипаты
|
Сайрам ауданының территориясы 1,15 мың ш.км. Солтүстікте ауданымыз – Бәйдібек, шығыста Төлеби, ал оңтүстік – батыста – Қазығұрт, батыста Ордабасы аудандарымен шектесіп жатыр.
Ауданда 11 ауыл округтері, 42 елді мекендері бар.
Аудан тұрғындары 2014 жылдың 1 қазанына 203,8 мың адамды құрады. Ауданда халық тығыз орналасқан, әрбір шаршы шақырымға шаққанда 177 адамнан келеді.
Әкімшілік орталығы Ақсукент ауылы болып табылады
|
Бағыттары
| -
Аймақтың экономикасын дамыту;
-
Әлеуметтік саланы дамыту;
-
Инфрақұрылым кешенін дамыту;
-
Аумақтық (кеңістік) орналасуын дамыту;
-
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Бағдарламаның мақсаты
|
Сайрам ауданының өзекті мәселелерін шешу және соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
Азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және құқықтық мүдделерінің қорғалу деңгейін қамту және қолдау.
Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарымен қамту.
|
Міндеттері
|
- өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
- құрылыс индустрия және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;
- кәсіпкерлік дамуына қолайлы жағдай жасау;
- жоғары нәтижелі қызметтер көрсету;
- аймақтың туристік тартымдылығын арттыру;
- ауданның экологиялық ахуалын жақсарту;
- ауданда қолайлы демографиялық жағдай жасау;
- аймақтық еңбек рыногын жақсарту, жұмыс күшінің сапасын және азаматтардың еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- кедейлік деңгейін төмендету және аудан халқының өмір сүру сапасын арттыру;
- халықтың сапалы білімге қол жетімділігін қамту, білім, ғылым және өндірістің әрекет жасауының жаңа үлгілерін дамыту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;
- халықтың денсаулығын жақсарту мен аурушандықты төмендету, сапалы және нәтижелі әлеуметтік-медициналық көмекке халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;
- мәдениет ұйымдарының желісін дамыту, отандық және шетелдік мәдениет мұралары мен құндылықтарына халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;
- дене шынықтыру және спортты дамыту;
- көлік дәліздерін пайдалану нәтижелігін арттыру;
- автомобиль жолдарының сапасын, желісін және өткізу мүмкүндіктерін арттыру;
- аймақтың энергияға тапшылығын азайту, энергия көздерінің альтернативтік түрлерін, оның ішінде, гидро, жел және күн жарығын дамыту;
- газ және су жүйелерін дамыту және жақсарту;
- ауылдық елді мекендердің әлеуетін көтеру және оған жағдай жасау;
- жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайын және біліктілігін арттыру;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
- жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуына мониторинг жүргізу;
- қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың өмір сүру қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын қамту, қылмыскерліктің алдын алу шараларын арттыру;
- жол қауіпсіздігін қамту;
- қылмыспен, нашақорлықпен және наша бизнесімен күресу бойынша нәтижетікті арттыру.
|
Жүзеге асыру кезеңдері
|
- 1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру;
2 кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жоспарланған шараларды іске асыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалыптастыру
|
Нысаналы индикаторлар
|
- Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,5 % жеткізу (2011 ж. – 108,5 %);
- Кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 111,0 % жеткізу (2011 ж. - 127,0 %);
- Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0% жеткізу (2011ж. - 110,2 %);
- Металлургия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011ж. - 89,3 %);
- Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % жеткізу (2011ж. - 96,7 %);
- Өзге металл емес минералдық өнімдерді шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 112,0 % (2011ж. - 3,5 есе);
- Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % (2011 ж. - 100,0 %);
- Машина жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % ( 2011 ж. - 125,1 %);
- Жеңіл өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 108,0 % жеткізу (2011ж. - 136,0 %);
- Химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 106,0 % жеткізу (2011ж. – 62,9 %);
- Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 106,0 % жеткізу (2011ж. - 2,8 есе);
- Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011ж. - 127,1 %);
- Тамақ өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % жеткізу (2011ж. - 95,4 %);
- Инновациялық өнімдер өндірісі көлемінің өсуін 2015 жылға дейін 2,6 % жеткізу (2011 ж. – 27,9 %);
- Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индлексін 2015 жылға дейін 105,2% жеткізу (2011 ж. – 106,5%);
- Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011 ж. – 112,9 %);
- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды 2015 жылға дейін 80% жеткізу (2011 ж. –32,0%);
- Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесін 2015 жылға дейін 12,5% жеткізу (2011 ж. –10,5 %);
- 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training) 2015 жылға дейін 9,6 % жеткізу;
- Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға дейін 70,0 жасқа жеткізу (2011 ж. - 69,86 жас);
- Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылға дейін 4,5% төмендету (2011 ж. – 4,9 %);
- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылға дейін 9,4 % төмендету (2011 ж. – 10,4 %);
- Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылға дейін 86,0% жеткізу (2011 ж. – 90,0 %);
- Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны: кітапханаға 2015 жылы 906,8 (2011 ж. – 694,7); театрға 2015 жылы 24,3 (2011ж. – 6,5);
- Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы түрғындарды қамтуды ұлғайтуды 2015 жылға дейін 19,0 % жеткізу (2011 жылы – 13,6 %);
- Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін 2015 жылға дейін 94,3 % жеткізу (2011 ж. – 90,0 %);
- Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2015 жылға дейін 19,4% төмендету (2011 ж. – 15,1%);
- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 100,1% жеткізу (2011ж. – 118,1 %);
- Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемін, жалпы алаңның шаршы м. 2015 жылға дейін 17,0 мың шаршы м. жеткізу (2011 ж. – 24,8 мың шаршы м.);
- Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2015 жылға дейін 80,5 % жеткізу (2011ж. – 14,5 %);
- Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 97,6 % жеткізу (2011ж. – 83,1 %);
- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын төмендетуді 2015 жылға дейін 42,7 % жеткізу (2011ж. – 46,2 %);
- Сумен жабдықтауды 2015 жылға дейін 31,7% жеткізу (2011ж. – 35,7 %);
- Электрмен жабдықтауды 2015 жылға дейін 47,1% жеткізу (2011 ж. – 49,5 %);
- Су бұруды 2015 жылға дейін 49,5 % жеткізу (2011 ж. – 53,6%);
- Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2015 жылға дейін 100 % жеткізу (2011ж. – 87,1%).
|
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңір жағдайының позитивті және негативті жақтарын, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы- Оңтүстік Қазақстанның орта бөлігін алып жатыр. Өзінің өндірістік- экономикалық потенциалымен облыстағы перспективті аудан болып есептелінеді.
Аудан халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, этнодемографиялық жағдайы күрделі, әрі даму потенциалы аса жоғары көпұлтты аймақ. Бұл аудан бүгінде аумағы 1702 шаршы шақырымды қамтитын 17 ауылдық округті, 71 елді мекенді біріктіріп отыр. Ауданда 56 ұлт пен ұлыстан құралған 281,9 мың халық тұрады, бұл жалпы облыс халқының 11 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1110 «Шымкент қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы» қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №371 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/177-V «Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, 6 ауыл округі Шымкент қаласына өтіп, ауданда 11 ауыл округі, 42 елді мекендерде халық саны 203,8 мың адамды құрады.
Солтүстікте ауданымыз – Бәйдібек, шығыста Төлеби, ал оңтүстік- батыста– Қазығұрт, батыста Ордабасы аудандарымен шектесіп жатыр.Ауданның дамыған гидрографиялық жүйесі бар. Аудан аумағынан өтетін үш өзен мен бірнеше шағын көлдер негізгі суландыру көздері болып табылады. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік жылы суы арқылы Республика көлеміне жақсы танымал «Манкент» шипажайы мен Түркі дүниесінің ғұламасы – Қожа Ахмет Иассауидің әке-шешесі – Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана бейіті тәрізді ондаған кесенелі кешендерімен танымал.
Ауданда туризм және демалыс орындары үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар мен шырайлы жерлер көп.
Сайрам ауданы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі агроөнеркәсіптік аудандарының бірі болып саналады. Аудан негізінен ет-сүт, дәнді дақылдар, май өнімдері, жеміс- жидектер, көкөніс өнімдерін өндірумен айналысады. Мұнда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін шағын кәсіпорындар мен цехтар кең дамуда.
Аудан экономикасының басымды бағыттарының бірі бұл ауыл шаруашылығы. Ылғалды көктем тәлімі жерлерге оң әсер етіп, ыстық жаз жылуды жақсы көретін өнімдерді өндіруге көмектеседі. Бұл саланың құрылымында үлкен үлес салмақты өсімдік шаруашылығы орын алып, маңызды өнім түрлерін көкөніс, жеміс- жидектер және дәнді- дақылдар құрайды. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жаңа технологиялар базасында жақсы дамып келе жатыр.
Аудан орталығы – Ақсукент ауылы, облыс орталығы Шымкент қаласынан 7 км жерде орналасқан. Аудан өзінің ерекше бәсекелік артықшылығын құрайтын, мол ресурстарға ие.
Ауданда 74 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметтерін атқарады, олар пайдалы қазбаларды, яғни шебень, гравий, саздақ құм өндіруде қызмет ететін кәсіпорындар.
Тоғыз жолдың торабы саналатын аудан орталығы арқылы халықаралық «Алматы-Бішкек-Ташкент-Орынбор» магистралы мен «Алматы-Ташкент-Мәскеу» темір жол желісі өтеді. Бұл экономикалық тиімді орналасуымен көрінеді. Туристік әлеуметті дамыту үшін, демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген, үлкен мүмкіндіктер бар.
Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты сала болып табылады.
Еңбектің аумақтық үйлестіруінде аудан ауылшаруашылық өнімдері өндірісі мен қайта өндірісіне, құрылыс материалдарын шығару өндірісіне, ауыл шаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау өндірісіне мамандандырылады.
Өнеркәсіп үлесіне жалпы аудан өнімінің 30,6 % түседі, сонымен қатар ауданның өнеркәсіптік өнім үлесі жалпы облыстық көлемде 5,7% құрайды.
Өңірдің нақты экономикалық секторының бәсекелестігін арттыру дамытудың бірінші басымдылықтары қатарында тұрып, өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізуге, халықаралық стандарттарға өтуге, жаңа технологияларды ендіруге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды көздейді.
Аудан өнеркәсібінің дамуына позитивті әсері бар күшті жақтары:
-ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайының қолайлы болуы;
-тамақ өнеркәсібінің дамуы үшін қажетті жергілікті шикізаттың болуы;
-өндірістік-экономикалық потенциалдың орын алуы;
Аудан кәсіпорындарында негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары пайызы, өнеркәсіп модернизациясының дәрежесі, оның өңір әкономикасына әсері жеткіліксіз болып қалуда:
-
Аудан бизнесінің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
-
еңбек өнімділігінің төмен болуы, өндірістің ескірген үлгіде ұйымдастырылуы;
-
жоғары мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі және өндірісті ұйымдастыруда әкімшілік кедергілердің орын алуы.
Сайрам ауданының өнеркәсіп құрылымында өңдеу салаларының үлесі басым болып тұр, оның көлемі қазіргі таңда 91,6 пайызға жетті.
Өңірдің өндірістік өнеркәсібі құрылымында электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу тұрақты түрде шағын үлеске – 2010 жылы 8,8% (2004 жылы – 2,4%) ие.
Кен өндіру өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 0,9% пайыздан (2004 жылы) 2010 жылы 0,8% пайызға төмендеген. Кен өндіру өнеркәсібі үлесінің төмендеуі 9 жер қойнауын пайдаланатын кәсіпорындардың лицензиядағы шарттарды дұрыс орындамағандары үшін лицензияларының қайтарылуы есебінен, кәсіпорындардың жұмысына тиым салынған. 2009 жылы 74 кәсіпорын болса, 2010 жылы 66 кәсіпорын ауданның жер қойнауын пайдаланған.
Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 88% пайыздан (2004 жылы) 2009 жылы 91,1 % пайызға дейін өскен. Өңдеу өнеркәсібі үлесінің өсуі өндірістік өнеркәсіптердегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың болуы, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының ашылуына байланысты.
Ауданда машина жасау кәсіпорындары 2010 жылы 173,4 млн.теңгенің өнімін өндірді. 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,7 артық. «ЮКМЗ» АҚ бүгінгі таңда кәсіпорынды жаңа технологияны ендіру арқылы өнімнің ассортиментін көбейту мақсатында 2011-2014 жылдар аралығында 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. «ЮКМЗ» АҚ облыс көлеміндегі ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын ірі кәсіпорын болып саналады.
«Сайрам» ӨК облыс көлеміндегі барлық ауыл шаруашылық техникаларын күрделі жөндеуден өткізеді.
Ауданда тамақ өнеркәсібінің дамуы азық-түлік өнімдері бағасының қолайлы динамикасына, жергілікті экологиялық таза шикізаттың пайдалануға қолжетімді болуына, соңғы өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне байланысты, соның есебінен салаға инвестициялар көлемін ұлғайту және жаңа кәсіпорындарды құру мүмкін болды.
2004-2009 жылдардағы ауданның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, егін алқаптарының 4,0 төмендеуімен, астық және астық-бұршақ дақылдарының жиынының 22 пайызға төмендеуімен, мал шаруашылығы өнімдерінің 38,7 пайызға артуы байқалады. Аудан ауыл шаруашылығының деградациясы бірқатар себептердің салдары болып табылады:
-
- суармалы сулардың жеткіліксіздігі және тиімсіз қолданылуы, шаруа қожалықтарының территорияларында суғару инфрақұрылымдарының (тұнбаланып және қоқыстануы) қатардан шығуы;
-
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар мен көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігі;
-
шаруа қожалықтарының ыдырап орналасуынан, жер бөліктері көлемінің жеткіліксіздігінен, жаңа технологияларды қолдану, егін тәртібін сақтау, жаңа сорттарды қолдану мүмкіндігін бермейді;
-
АӨК қолдау және дамытуға бюджет қаржылары шығыстарының төменгі тиімділігі көрінісінде АӨК қолдау мен дамытуға бюджет қаражыларының жеткіліксіз болуы;
-
трактор парктері машиналарының 80% жоғары тозуы;
-
бос қалған жерлердің тіркелуі мен мониторингінің жеткіліксіздігі және оларды екінші ретті шаруашылық айналымына қайтару дәрежесінің төмен болуы;
Бұл себептер жекелей және бірлесе келе, тұрғындардың ауылдық жерлерден қаларалға кетуіне әкеліп отыр, олар қалалардағы бұрынғы ауыл тұрғындарының ең төменгі білімді, өнімділігі аз және кедей тұрғындардың қатарын түзіп, жалпы алғанда облыстың экономикалық кеңістігінің сапасының төмендеуіне әкеліп отыр.
Сайрам ауданының экологиялық жағдайы ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.
Аудан бойынша негізінен өнеркәсіп шикізаттарын өндіруші мекемелер қатарына «Теміртас» ЖШС-гі, «Шымкент жол құрылысы» ӨК, «Болашақ-7» ЖШС-гі, «Отау құрылыс» ЖШС-гі, «Шаруа құрылыс» ЖШС-гі жатады. Бұл кәсіпорындар негізінен құрылыс саласына қажетті өнімдерін өндіргендіктен (карьерлік тас өндіреді), олардың кешендерінде табиғатты қорғау шаралары жүргізілмеген.
Сондай-ақ, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер көлемінен табиғатты қорғау шараларына бөлінетін бюджет қаржыларының жеткіліксіздігі және тиімсіздігі мәселесі, бірқатар жылдар ішінде өзекті болып қалмақ, сонымен қатар төлем алу әрқашан ынталандырушы шара бола бермейді.
Сайрам ауданының әлеуметтік саласының жағдайы тұрғындардың табиғи өсімінің жоғарғы қарқынындағы, ауылдық тұрғындардың басым келуімен, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады. Өз кезегінде, соңғы жағдай аудан тұрғындарының өмірінің салыстырмалы жоғары емес дәрежесін анықтайды, өйткені ауылдық жерлердегі табыс дәстүрлі түрде, қала тұрғындардың өмір деңгейінен төмен. Облыста ауылдық тұрғындардың қалаға ауысуы жалғасуы, бірақ қалада ауылдық жерлерден келгендердің табысы төменгі деңгейде қалып, осы себептен орташа өмір деңгейі өзгеріссіз қалуда. Ауданның өзге де әлеуметтік мәселелер: кәсіби білім беру мекемелерінде оқытушылардың жеткіліксіз болуы; медициналық персоналдың біліктілік деңгейлерінің жеткіліксіздігі және медициналық мекемелердің құралдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі; тұрғындардың мәдени белсенділігінің жеткіліксіздігі; әлеуметтік салада бюджет қаржыларын қолданудың тиімділігінің төмендігі.
Аудан инфрақұрылымы көрсетілетін қызмет түрлері бойынша және аумақтық бөліністе шекте бірқалыпсыз және жеткіліксіз дамыған. Көлік инфрақұрылымы (көліктер мен жолдардың барлық түрлері) саласы, тұрғындарды газбен, ауыз сумен және әлектроәнергиясымен қамтамасыз ету салалары қарқынды дамуды қажет етеді.
2.2. Аумақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау
2.2.1. Экономикалық даму
Өнеркәсіптің дамуы
2010 жылы ауданда өнеркәсіптік өнімдердің жылдық көлемі 16570,9 млн.теңгені құраған немесе 2009 жылдың деңгейіне қатысты 113,2% өнім шығарған. 2010 жылы өнімнің нақты көлем индексі 119,4% құрады. ОҚО өнеркәсібі көлемінде ауданның өнеркәсіптік өндіріс үлесі 5,7% құрады.
Бұл көрсеткіш 2011 жылы – 8,5%, 2015 жылға - 5,5%- ға жоспарлануда. Ауданның өнеркәсіп өнім көлемі 2013 жылы (39,9 млрд теңге) 2010 жылмен (20,4 млрд.теңге) салыстырғанда 2 есеге артқан.
Ауданда өнеркәсіптік өндіріс құрылымы көп салалы сипатқа ие.
ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарына белсенді ірі, орта және шағын өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістер саны 74 кәсіпорынды құраған.
Сайрам ауданы көлеміндегі ірі және орта кәсіпорындар қатарына келесілерді атауға болады: «Шымкент құс», «Арай» , «Барыс-2007», «Шымпласт», «Феррум Втор» ЖШС-лар, «ЮКМЗ» АҚ.
2004-2010 жылдар аралығында Сайрам ауданы өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі құндық мәнінде 3,2 есе өскен.
Осы кезеңде өнеркәсіптің негізін қалаушы салаларының басым санында өндіріс өсуі ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, қызмет етіп отырған өндірістердің модернизациясы және қайта жабдықталуы, сонымен қатар өнімнің жаңа түрлерн шығаруды ұйымдастыруы есебінен қамтамасыз етілді.
2009- 2010 жылдар аралығында ауданда 10 инвестициялық жоба іске асты. Олардың ішінде ең ірілері: 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданда 3 өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылып, 185 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда: қуаттылығы айына 44,0 мың дана төсек-орындық бұйымдар шығаратын "Mansur Company" ЖШС, жобанық сметалық құны 30,0 млн.теңге, ашылған жұмыс орны 25 адам, кәсіпорын қыркүйек айында өндірісті кеңейтіп, кондитер цехын іске қосты - ашылған жұмыс орны 16 адам. Маусым айында «Оргсинтез СБК» ЖШС жобаның құны 86,0 млн.теңге, шығаратын өнім түрі жол құрылыс жұмыстарына арналған –битум шығару (ашылған жұмыс орны 25 адам., өндіріс қуаттылығы 100 тонна битум тәулігіне. Макарон өнімдерінің 20 түрін шығаратын, заманауи итальяндық құрал-жабдықтармен жабықталған «Барыс-2007» ЖШС, тамыз айында ашылды, қуаттылығы айына 2500 тонна өнім шығарады, ашылған жұмыс орны 120 адам. Кәсіпорынның өнімін сату аймағы Қазақстан Республикасынан басқа, Түркмен, Тәжікістан, Грузия, Ауғаныстан Республикалары.
2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жаңа инвестициялық жобалар арқылы озық жаңа технологияларды өндіріске ендіру, жаңа жұмыс орындарын ашу, қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту, кәсіпорындарды кеңейту бойынша 7 өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылып, 822 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда: металл өңдеу саласында қуаттылығы жылына 40 мың тонна металл конструкциялар, профнастилдер, сәндвич панелдер шығаратын 2 кәсіпорын: «Alageum Electric» АҚ Шф іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны, «Шымкентский завод металлоконструкций» (ШЗМ) ЖШС іске қосылып, 65 жұмыс орны ашылды. Тамақ өнеркәсібі саласында қуаттылығы жылына 200,0 мың тонна ет өңдейтін «Алма» СТК және жылына 840 мың литр минерал суын құятын «Манкент АКВА» ЖШС-і іске қосылып, 30 адам жұмыспен қамтылды. Оңтүстік Қазақстан облысы көлеміндегі макарон өнімдерінің 36 пайызын шығаратын «Барыс-2007» ЖШС кәсіпорынды кеңейтіп 24 қосымша жұмыс орнын ашты. Бүгінгі таңда кәсіпорында 144 адам жұмыс атқарады. «Madina» маркасымен макарон өнімдерін шығаратын аталған кәсіпорын 2011 жылы құны 500,0 млн.теңге тұратын өнімнің жаңа түрін шығаратын жаңа жүйені іске қосуды көздеп отыр.
2010 жылдың маусым айында «Оңтүстік» АӘА көлемінде ашылған мақта өңдейтін «Оxi текстиль», «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС кәсіпорындары есебінен 383 жаңа жұмыс орны ашылды. 2011 жылдан бастап жалпы облыс көлемінде тоқыма өнеркәсібінің қарқынды дамуы күтілуде.
Облыстық индустриализациялау Картасына енген Тассай ауыл округіне қарасты Қызыл сай елді мекеніндегі «құрғақ» тәсілмен жылына 1 млн тонна М-400, М-500 маркалы цемент өндіріп, сатуды жоспарлап отырған «Стандарт Цемент» ЖШС 2010 жылдың 25-ші желтоқсанында іске қосылып, 300 жұмыс орны ашылды. Зауыттың жобалық құны 12 миллиард 700 млн теңге.
2010 жылдан бастап отандық бизнесті қолдау бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурызында № 958 Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Аталған бағдарлама аясында 2010-2014 жылдар аралығында 22 кәсіпорын іске қосылып, 1622 жұмыс орны ашылған.
2012 жылы 33,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылдың деңгейіне өсімі 15,5% құрады. 2013 жылы 39,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2012 жылға қарағанда көлемі 18,4% артты. Аудан кәсіпорындарымен өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі (НКИ) жылдың қорытындысымен (күтілетін) 105% құрап, тиісінше 21,4 млрд.теңгеге жетті. 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 млрд. тг. артық өнім өндірілді немесе өсу қарқыны 23,5% құрады. 2015 жылға өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 105,5% жеткізу жоспарланып отыр (2011 жылы НКИ – 108,5%).
Өнеркәсіп өнімінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82%-ды, кен өндіру – 4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және сумен жабдықтау – 14%-ды құрады.
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық – инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын ауданда жүзеге асырылуда.
Жалпы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 2010-2014 жылдар аралығында ауданда 22 жоба іске асып, 1662 жұмыс орны ашылған.
Атап айтқанда: 2010 жылы 3 жоба - «Стандарт Цемент» ЖШС цемент зауыты іске қосылып, 475 жұмыс орны ашылды.
«Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС-ның «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы мен техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру» жобасы 2010 жылдың шілде айында іске қосылған. Жобаның құны – 3,85 млрд.тенге.
«Оху-Teхtile» ЖШС - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы «Оху- Teхtile» ЖШС «Тарақталған және иірілген жіп өндіру» жобасы 2010 жылдың шілде айында іске қосылды. Жобаның қуаттылығы жылына - 6183,2 мың тонна иірілген жіп.
Сондай-ақ 2011 жылы 5 жоба іске асып, 195 жұмыс орны ашылған.
Металлургия саласындағы арматура, профнастилдер, металл черепицалар, сэндвич панелдер шығаратын «Шымкент металлконструкция зауыты» ЖШС іске қосылып, 130 жұмыс орны ашылды.
«Жақсылық» ШҚ-ның 1,8 га жер теліміне жылыжай құрылысы.
«Байсын агро» ЖШС-нің 1,0 га жер теліміне көкөніс өсіруге арналған жылыжай іске қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |