Саясаттану



Pdf көрінісі
бет48/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси жетекші 
ұгымы, типологиясы


дың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі 
тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген 
мынадай төрт ережеден тұрады; 1) басшының билігі оны жақтаушылардың 
қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз 
кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін - соны білулері керек; 3) топ 
бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті 
болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі 
болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазір саяси 
жетекшілер деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым 
және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси жетекшілер төмендегі қызметтерді атқарады:
- қоғамның түбегейлі құндылықтары мен армандары негізінде әр түрлі 
топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;
- халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға 
мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы 
мақсаттарды жүзеге асырудың, әдістері мен тәсілдерін айқындау;
- халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшы- 
лықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі 
саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдік, заңдылық
тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың 
өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш 
бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады. Сонымен қатар, топ бастаушы 
өзін-өзі көрсете білуі үшін қоғамда белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте 
болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көппартиялылық, парламент пен партиялар- 
дың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, тағы басқалар жатады.
Саясаткердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенімін 
де білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің, тарихта қалуына олардың
саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті өзіндік ерекшеліктері себепші 
болды. Қазіргі саяси жетекшілікті жіктегенде ғалымдар төмендегідей қағида- 
ларды негізге алуда:
1. Тарихи қағида мұнда жетекшінің тұрпатын дәуірмен байланыстырады, ол
144


өмір сүрген әлеуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады;
2. Ықпал ету көлеміне қарай жалпыұлттық, аймақтық, қалалық, аудандық 
саяси жетекші болып бөлінеді;
3. Таптық қағидаға жұмысшылар, шаруалар, буржуазиялық, әлеуметтік 
топтың жетекшілері жатады;
4. Қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын, оған 
қарсы шығатындар болып бөлінеді;
5. Қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының 
арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді;
6. Бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы 
ретінде де топтастырады.
Саяси жетекшілерді топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеумет- 
танушысы - М.Вебер. Ол саяси жетекшілерді «бедел» ұғымына негіздеп 
былай жіктеді: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып 
жетекшілігі; 2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына 
т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топтар; 3) Конституция 
негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси жетекші.
Сонымен қатар, түріне қарай «формальды», «формальсыз» деп бөліп жүр. 
Формальды жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға 
тағайындалады. Формальсыз жетекшіні қатысушылар өздері таңдайды. Ондай 
жетекшілер кішкентай топтарда болады. Ал ұйымдасқан үлкен топтарда, 
әлбетте, формальды басшылар болады. Мысалы, әскер басшылары, кәсіподақ, 
корпорация басшылары және т. б. саяси қауымдастықтың жоғарғы құрылымы- 
үкімет болып есептеледі.
Саяси жетекшінің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш қызметті 
атқарады:
1. «Диагностикалық» міндет: саяси жетекші жағдайды зерттеу арқылы оған 
баға береді, яғни «диагноз» қояды;
2. Саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай 
шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді;
3. Іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асыруға тырысады. Ол 
үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет жоспарын қолдауы керек.
Нағыз саяси жетекші шиеленіс, кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп,
145


өрістетпей, уақытында жоя білуімен сипатталады. Одан да жақсысы саяси дау- 
жанжалдардың алдын ала білгені жөн. Саяси тәжірибеде дау-дамайға қатысу- 
шылардың өзін-өзі ұстауының бірқатар дәстүрлі түрлері бар. Оған шегіну, 
бәсекелесті таптап, басып-жаншу, ымыраға келу жатады.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Саяси сана түсінігіне анықтама беріңіз.
2. Саяси элита түсінігі.
3. Саяси мәдениет түсінігі және оның қалыптасу ерекшеліктері.
4. Саяси мәдениеттің қызметі.
5. Саяси жетекшіге қойылатын талаптарды көрсетіңіз.
6. Саяси жетекшіні жіктеу түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет