Саясаттану



Pdf көрінісі
бет49/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Әдебиеттер:
1. Юдин Ю. Политические партии и право в современном государстве. 
М.,1998
2. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А., 2000
3. Политология: Учебник/Под ред Т.Т. Мустафина. А., 1993
4. Қуандық Е. Саясаттану Астана, 2001
15 - Дәріс 
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
Қазақстанның сыртқы саясаты
Сабақтың мақсаты: 
Студенттерге 
әлемдік 
саясат 
және 
оның 
субъектілері, 
Қазақстан Республикасы 
сыртқы 
саясатының 
басты 
багыттары туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1. Дүниежүзілік саясат ұгымы.
2. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп багытты сипаты.
3. Қазақстан Республикасының жаһандану үрдісіндегі орны.
146


Дүниежүзілік саясат мемлекеттердің және 
басқа 
халықаралық 
субъектілердің 
әлемдік 
сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын көрсетсе, 
халықаралық қатынастар дегеніміз - ол әлемдік 
қауымдастықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, 
әлеуметтік, дипломатиялық, құкықтық, әскери және гуманитарлық өзара 
байланыстары мен қатынаста-рының жүйелік жиынтығы. Дүниежүзілік саясат 
әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау 
және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес 
ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Х алы қаралы қ қатынас - бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, 
әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік 
қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Х алы қаралы қ 
қаты настарға 
ы қпал 
ететін 
факторлар: 
әлемдік 
экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің 
ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
Х алы қаралы қ қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; 
мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік 
емес ұйымдар.
Қазіргі 
кезеңдегі халы қаралы қ 
қаты насты ң 
дамуының 
негізгі 
тенденциялары: 
әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; 
халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік 
әр тектіліктің сақталуы; қарама-қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде 
саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолда- 
рымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама-қайшылықтардың 
шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар 
біріккен аймақты құруы.
С ы ртқы саясат - бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін 
іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының 
қызметі.
Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы 
экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси 
міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
С ы ртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында 
дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе 
соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия 
өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.
Мемлекеттің сы ртқы саясатындағы әдіс-тәсілдер: үнемі информация 
алмасуды іске асыру; әртүрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен
147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет