Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл


Көлік кешені. Аумақтық- өндірістік байланыстар



бет3/15
Дата17.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#142382
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Көлік кешені. Аумақтық- өндірістік байланыстар





1







177

Әлеуметтік инфроқұрылым салалары




1




1

178

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және оның маңызы




1







179

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы




1




1

180

Қазақстанды экономикалық аудандастыру




1

1




181

Орталық Қазақстан ауданы




1




1

182

Шығыс Қазақстан




1







183

Батыс Қазақстан




1




1

184

Солтүстік Қазақстан




1







185

Оңтүстік Қазақстан




1




1

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы

Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы

Дүние жүзінің саяси картасы

186

Дүние жүзінің саяси картасы




1

1




187

Елдердің түрлері.Халықаралық ұйымдар




1




1

188

Саяси география және геосаясат.Тарихи географиялық аймақтар




1




1

Дүние жүзінің табиғат ресурстары

189

Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі




1







190

Табиғат ресурстары және олардың түрлері




1




1

Дүние жүзінің халқы

191

Дүние жүзінің халқы




1




1

Дүниежүзілік шаруашылық

192

Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері




1







193

Халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылық




1




1

194

Ғылыми – техникалық революция (ҒТР) және өндіргіш күштердің орналасуы




1

1




Дүниежүзілік өнеркәсіп

195

Энергетика





1




1

196

Өңдеуші өнеркәсіп




1

1




Ауыл шаруашылық географиясы

197

Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты




1




1

198

Өсiмдiк шаруашылығыньң географиясы




1







199

Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы




1







Көлік және Халықаралық экономикалық байланыстар

200

Көлік




1




1

201

Қазіргі заманғы шаруашылы байланыстары.Сыртқы сауда




1







202

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесi




1

1




203

Халықаралық экономикалық байланыстар




1




1

ТМД елдері

204

ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар




1

1




205

Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық –географиялық жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.





1




1

206

Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары




1







207

Халқы




1







208

Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі




1




1

209

Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы




1







210

Экономикалық аудандар мен сыртқы экономикалық байланыстар




1




1

211

Беларусь Республикасы




1




1

212

Беларусь Республикасының шаруашылығы




1







213

Украина




1




1

214

Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары




1







215

Молдова Республикасы





1




1

216

Кавказ елдері




1







217

Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтары





1




1

Орта Азия елдері

218

Өзбекстан Републикасы




1




1

219

Өзбекстан Републикасының халқы мен шаруашылығы




1







220

Тәжікстан Республикасы




1




1

221

Тәжікстан Республикасының халқы мен шараушылығы




1







222

Түрікменстан Республикасы




1




1

223

Түрікменстан Республикасының халқы мен шаруашылығы




1







224

Қырғызстан Республикасы





1




1

Дамыған және дамушы елдер

225

Дамыған елдер




1

1




226

Дамушы елдер




1







Еуропаның жоғары дамыған елдері

227

Еуропа елдері




1




1

228

Германия




1

1




229

Ұлыбритания




1




1

230

Франция




1







231

Италия




1




1

Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері

232

Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері





1

1




233

Солтүстік Еуропа және Орта Еуропа елдері




1







234

Оңтүстік Еуропа елдері. Испания




1







Шығыс Еуропа елдері

235

Шығыс Еуропа елдері





1




1



















Азия елдері. Шетелдік Азия елдері

236

Шетелдік Азия елдері




1




1

237

Үндістан




1







238

Азияның жетекші елі – Жапония





1

1




239

Азияның жетекші дамушы елі – Қытай





1




1

240

Азиядағы жаңа индустриялы ел – Корея Республикасы




1







Американың жоғары дамыған елдері

241

Американың жоғары дамыған елі АҚШ





1




1

242

Канада




1






Латын Америкасы, Африканың және Аустралия мен мұхиттық аралдарының елдері

243

Латын Америкасының дамушы елдері




1

1




244

Африканың дамушы елдері




1




1

245

Аустралия және Мұхиттық

аралдары елдері






1







Дүние жүзінің ғаламдық проблемалары

246

Бейбітшілік сақтау проблемасы




1




1

247

Ғаламдық экологиялық проблемалар. Ғаламдық экономикалық-экологиялық проблемаларды шешу жолдары





1







248

Энергетика және шикізат проблемалары




1

1




ІІ семестр 136 22 64

Барлығы: 248 40 124



8. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

156-сабақ

Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы

Жоспары:


  1. Экономикалық және әлеуметтік география пәні.

  2. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы - еліміздің әр түрлі аудандарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым. Эконом- географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Қазақстан үкіметі, ірі компаниялар мен халықаралық ұйымдар ғалымдарға осындай зерттеулер жүргізуді тапсырады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді Жалпы экономикалық және әлеуметтік география - оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қыз­мет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.

Аймақтық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері - облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

2.Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның біздің елімізде қалыптасуымен көптеген зерт-теушілердің есімдері тығыз байланысты. Қазақстанның халқы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді Қ. Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» мен қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановтың еңбектерінен табуға болады. Бірақ ол жеке ғылым ретінде 1920 жылдары ғана қалыптасты. Алғашқы жұмыстар Түркістан - Сібір темір жолы маңындағы аудандардың мал шаруашылығының азықтық ресурстарын зерттеуге бағытталды. 1939 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында экономикалық-географиялык зерттеулердің ұйымдастырушысы болған география секторы (1984 ж. бастап - институт) ашылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыда Н. Н. Баранский жөне Мәскеуден эвакуацияланған басқа эконом-географтар жұмыс істеді. Олар алғаш рет Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.

Соғыстан кейінгі жылдары Қазакстан эконом-географтары тың жерлерді, өндіріс кешендерін, республиканың жекелеген облыстарын зерттеді. Көп жылдық зерттеулердің нәтижелері алғашқы «Қа­зақ КСР Атласында» қорытынды жасалды. «Атластың» екінші томы (1985 ж.) экономикалық және әлеуметтік географияға арналған.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы немен таныстырады?

  2. Бұл ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңдар?

157- сабақ



Тақырыбы: Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу жолдары

Жоспары:

1.Қазақстан шаруашылығы

2.Қазақстан экономикасының даму кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу жолдарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Қазақстанның шаруашылығы: ежелгі уақыттан егемендікке дейін. Біздің Отанымыздың қазіргі шаруашылығы бірнеше ұрпақтың еңбегімен жасалған. Оның қалыптасуына қоғам дамуының тарихи жағдайлары үлкен әсерін тигізді. Бұл ұзақ та күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады.



Қазақстан экономикасының даму кезеңдері

1.Көшпенді – мал шаруашылығы экономикасы-5000 жыл бұрын-ХІХ ғ. ортасында

2.Нарықтық экономиканың пайда болуы- ХІХ ғ. ортасы-1920 ж. Аяғы

3.Жоспарлы экономика –1920 ж. Аяғы-1990 ж. Басы

4.нарықтық экономикаға қайта оралу –ХХ ғ. 90ж. Басынан қазіргі уақтқа дейін

Бірінші кезең өзіндік ерекшелігі бар көшпенді мал шаруашылығының ұзақ уақыт бойы қалыптасу уақытын қамтиды.

Екінші кезеңде (XIX ғ. орта-сы - 1920 жж. аяғы) Қазақстан нарықтық экономика пайда бола бастаған Ресей құрамында болды. Жаңа қалалар, кен өндіру және фабрика-зауыт өнеркәсібі пайда болды. Түсті металл, алтын, кө-мір, ас тұзын өндіру басталды. Жер астынан алғашқы мұнай фонтаны атқылады. Зырян кенішінде Ресейдің алғашқы су электр станциясы ток берді. Тамақ өнімдерін, сабын, мата, аяқ киім, құрылыс материалдарын, қарапайым еңбек құралдарын шығаратын жүздеген шағын кәсіпорындар жұмыс істей бастады.

Егістік жерлер аумағы ұлғайды. Жиналған астықтың 1/3 жуығы базарда сатылды. Үй жануарларының саны көбейді.

ХІХ-ХХ ғғ. аралығында алдымен «подъездік», сонан соң Орынбор-Ташкент және Трансібір темір жолдары пайда болды.

Сауда дамып, жәрмеңкелерде сауда қызды, Ресей банктерінің бөлімдері ашылды. Сарыарқаның солтүстігінде Қазақстандағы алғашқы Шортанды-Бурабай курорттық зонасы құрылды. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің негізі қаланды.

Қазастанның ең кірісі мол кәсіпорындарында американ, ағылшын және француз компаниялары орныға бастады.

Дегенмен, Қазақстан Ресейдің шеткі аймақтарына тән артта қалған, ауыл шаруашылықты (аграрлы.) экономикалық аудан болып қала берді. Халықтың негізгі бөлігінің тұрмыс жағдайы өте төмен болды.



Үшінші кезең (1920 жж. -1990 жж. басы) біздің тарихымыздың кеңестік кезеңімен сәйкес келеді. Кеңес Одағында нарықтық қатынастар ығыстырылып, жоспарлы экономика қалыптаса бастады. Ел индустрия-ландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бет бұрды. Бұл кезең 3-ке бөлінеді.

Соғысқа дейінгі кезде (1928-1940 жж.) Қазақстанда 860 зауыт салынып, одақтық маңызы бар отын базасы мен түсті ме­таллургия қалыптасты. Қарағанды көмір алабы игеріле және көлік қатынасы жылдам дами бастады. Алғашқы тұрақты әуе жолы Қызылорда мен Мәскеу арасын байланыстырып тұрды. Қазақстандағы ең ұзақ Түркістан-Сібір темір жолы мен Гурьев-Орск мұнай құбыры іске косылды.

1940 жылы Қазақстан КСРО бойынша өндірістік өнім шығарудан 6-орынға ие болды. Оның халық шаруашылығындағы үлесі 60%-ға жетті. Экономика аграрлық сипаттан индустриалды-аграр­лы сипатқа айналды.

1-мысал. Қарағанды шахтерлері өздеріне Украинаның Пархоменко атындағы кеніш-шахта құрал-жабдықтарын шығаратын зауытты орналастырды. Эвакуацияланған құрал-жабдықтар шахтамен қатар ірі электр станциялар мен Самарканд (Теміртау) елді мекеніндегі болат балқыту зауытына да қолданылды.

Қазақстан Ұлы Отан согысы кезінде тылға көшірілген 1360 за-уыттар мен фабрикалардың 140-тан астамын өзіне қабылдады. Олар республиканың индустриалдық қуатын нығайтып, оның жаңа салаларының пайда болуына негіз болды.

Тылға көшірілген кәсіпорындар темір жол қатынасы бар қалаларға (Оралда, Петропавлда, Ақтөбеде, Көкшетауда, Семейде, Алматыда, Шымкентте, т.б.) орналастырылып, жылдам іске қосылды. Республика экономикасы қалыптасқан соғыс шаруашылығына, майданның ірі арсеналдарының біріне айналды. Бүл кеңес халқының герман фашизмін талқандаудағы Ұлы Жеңісіне Қазақстанның зор үлесін қосуына себеп болды.

Қазақстанның ғылыми базасы да кеңейе түсті. Республика эва-куацияланған 13 ғылыми мекемені қабылдап алды. Жаңадан 14 ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) ашылды. Мұның өзі акаде­мик Қаныш Имантайүлы Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын 1946 жылы құруға мүмкіндік берді.

Соғыстан кейінгі уақытта (1946-1990 жж.) экономикада орасан зор өзгерістер болды. Олар тың игерумен, өнеркәсіп алыптарын салумен, көлік қатынасы мен халыққа қызмет көрсету саласының қарқындап дамуымен байланысты болды.

25 млн га тың жердің игерілуі Қазақстанды КСРО-ның ірі астықты өлкесіне айналдырды. Бүкілодақты бидай өндіруде оның үлесі 1/5-ге жетіп, ал оның ең бағалы сорты- қатты бидай өндіруде 1/2 бөлігін құрады. Республика елдегі жан басына шаққандағы мал саны жөнінен алдыңғы орынға шықты. Қой басын 50 миллионға жеткізу көзделді.

Өзіне «алтын онжылдықтар» болып саналған 1960 жылдары өндіріс аса жоғары қарқынмен дамыды. Жүздеген өндіріс орындары іске қосылды. Олардың көпшілігіне «ерекше» (Шевченкодағы суды тұщыландыратын атом қондырғысы), «Әлемдегі бірінші» (Шевченко атом электр станциясындағы жылдам нейтронды өндірістік реактор) немесе «Әлемдегі өңірі»

(«Богатырь» көмір кесіндісі, Ермактағы ферроқорытпа зауыты, Өс-кемендегі титан-магний комбинаты) деген сияқты ерекше атақтар берілді.

Дамудың үшінші кезеңінде, 1940 жылдардың аяғынан бастап Қазақстан экономикасына ғылыми-техникалық революциясының (FTP) әсері күшейе түсті.

Оның негізін мүлдем жаңа техника мен технологияга қол жеткізген ірі ғылыми ашылулар құрады. Олар қысқа мерзім ішінде өндірісті, еңбекті, мәдениетті, адамзаттың тұрмысы мен психологиясын толығымен қайта өзгертті. ҒТР-ның символы болып электронды есептегіш машиналар мен атом электр станциялары (АЭС), ғарыш кемелері мен өнеркәсіп роботы, реактивті ұшақ пен теледидар, ұлы телефон мен Интернет жүйесі саналады.

Біздің елімізде FTP тек өнеркәсіпті ғана қамтыды. Оның атомдық, титан -магнийлік және басқа да маңызды салалары пайда болды. Шығыстағы Өскемен қаласында дүние жүзіндегі ірі Үлбі ме­таллургия зауыты, атом электр станциялары үшін отын өндіре бастады. Қорғаныс зауыттары байланыс құралдары мен зымырандар, микросызбалар және басқа да күрделі өнімдер шығарды.

Қазақстан жері күрделі инженерлік-техникалық кешендердің — әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы Байқоңыр мен аты шулы Семей атом полигонының құрылысы үшін таңдап алынды. Осы жерде адамзаттың ғарыштық дәуірі басталды. Қазақстан жерінен Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин ғарышқа «аяқ басқан» тұңғыш адам болды.

Семей полигонындағы сынақтар КСРО-ның «ядролық қалқанын» жасау үшін «жұмыс істеді». Алайда ол сан мың адамға қайғы мен қасірет әкелді. Аумақты жерлер радиоактивті ластануға ұшырап, соның салдарынан халықтың ауруға шалдығуы мен өлім-жітім күрт өсті. Сондықтан ел Президенті Н. Ө. Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында арнаулы бұйрықпен полигонды жапты. Бірақ оның ғылыми-техникалық базасы Қазақстан Республикасындағы түңғыш технопарктің атом технологиясы паркінің ядросы бо­лып қалады.

Үшінші кезеңде Қазақстан артта қалған аграрлык шет аймақтан елдің ірі өндірістік және ауыл шаруашылықты ауданына айналды. Ол өндірістік өнім өндіруден КСРО-да 4-орынға және ауыл шаруашылығы өнімі жөнінен 3-орынға шықты. Оның экономикасы КСРО-ның біртұтас шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Қазақстанда жасалған тауарлар-дың 1/3 республика аумағынан сыртқа шығарылды. Оның кәсіп-орындарының жалпы Одақ бойынша мыңдаған серіктестері бол­ды.

Бірақ жоспарлы шаруашылық күрделі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де тудырып отырды.

Ұлттық кірістің өсу деңгейі де төмендеді, ал 1987 жылдан бастап мүлдем азайып кетті. Республика алдыңғы қатарлы елдерден еңбек өнім-ділігі жөнінен артта қала бастады. Қазақстандық жұмысшы 1990 ж. американ жұмысшысына қарағанда өнімді 4,5 есе кем өндірді. Ауыл шаруашылығында бұл айырмашылық 11 есеге жетті. Өнім сапасы, әсіресе, халық тұтынатын тауарлар сапасы төмендеп кетті. Экономика адам қажеттілігіне қызмет етуден гөрі отын, шикізат, металл өндіруді арттыруға бағытталды. Қазақстан 5 млрд доллардың өнімін шетке шығара отырып (әлемдік бағамен алғанда) өзін-өзі дамытуға қаржы жеткізе алмады. Оның 1/5 КСРО-нын мемлекеттік бюджетінен демеуқаржы алу арқылы қамтамасыз етілді. Азық-түлік, киім, аяқ киім және басқа қажетті тауарларға тапшылық күшейді. Олардың кейбір түрлері карточка бойынша таратыла бастады. Айлар бойы еңбекақы алмау «әдетке» айналды. Экономикалық жағдай КСР Одағын ыдырата бастаған мәселелермен күрделене түсті.

Сонымен бірге қоғам ел өмірінде түбірімен өзгеріс жасау қажеттілігін анық түсіне бастады.

Осындай жағдайда 1990 ж. басында Қазақстанның дамуынын жаңа төртінші кезеңі - мемлекеттік егемендік пен нарықтық экономикаға қайта оралу кезеңі басталды. Оның алғашқы кезі - тығырық кезі -өте күрделі болды. Кеңес Одағы жойылғаннан кейін алып елдің біртұтас шаруашылығы ыдырады. Жекелеген республика кәсіпорындарының арасындағы байланыс әлсіреді немесе мүлдем үзілді. Көптеген зауыттар тоқтап қалды. Қазақстан өндірісі 1994 жылы 1990 жылға қарағанда өнімді 2 есе кем өндірді. Мал басының саны 3 есе азайып, астық өндірудің 1/3-і ғана қалды. Баға мен жұмыссыздық қаулап өсті. Халықтың тұрмыс деңгейі құлдырап кетті. Тығы-рық жағдайы нарықтық реформаны жылдамдата түсті. Бұл реформаның мақсаты - Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағынан қайта өрлеуін, ұлттық экономиканың гүлденуін, халықтың жағдайының жақсаруы мен қазақ мемлекеттігінің нығаюын көздеді.

Экономика «ырықтандыру», (либерализациясы), жекешелендіру, ұлттың теңгенін енуі жөне саяси тұрақтылық іскерлік белсенділік пен кәсіпкерліктің өсуіне әсер етті. Елге ұзақ уақыттан кейін «үлкен» шет елдік капитал қайта оралды. Экономикадағы жағдай біртіндеп түзеліп, 1996 жылдан бастап ол көтеріле бастады.

Қазіргі Қазақстандағы экономикалық жағдай тауар өндіру мен қызмет көрсетудің өсуімен, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуі мен сипатталады. Он жыл көлеміндегі төмендеуден алғаш рет халық саны көбейе түсті. Жұмыссыздық азайды. Елде отандық кәсіпкерлердің сансыз көп «таптары» «өсіп шықты». Үлкен ақша қорлары жинақталды. Ондаған қазіргі заманғы зауыттар, жаңа темір жолдар мен құбыр желілері салынды. Өз теңіз сауда флоты пайда болды. Көптеген қалаларда өзгерістер жүргізілді. Тұтыну тауарларының тапшылығы мен дүкендердегі кезектер жойылды. Қоғам кедейшілік, жұмыссыздық, ауылды көтеру, тұрғын үй салу және басқа да маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге кірісті.

2004 жылы елдегі тауар өндіру, қызмет көрсету алғаш рет 1990 жылғы деңгейді басып озды. Ол экономиканың өсуін қалпына келтіру кезеңі аяқталып, келесі даму кезеңіне аяқ басқандығын білдіреді. Оның негізгі мақсаты — экономиканы қайта құру құрылымын қамтамасыз ету, Қазақстан тауарларының бәсекелесу қабілетін көтеру және елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан экономикасының неше даму кезеңі бар?

2.Әр даму кезеңдерінде не мәселе қарастырылады?

158- сабақ



Тақырыбы:Қазақстанның ТМД мен әлем картасындағы орны

Жоспары:

1.ТМД мен әлемде алатын орны

2.Қазақстан халықаралық ұйымдар жүйесінде

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ТМД мен әлем картасындағы орнын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. 1991 ж. соңында 15 республикадан тұратын алып мемлекет - Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Оның кең байтақ аумағында Қазақстаннан басқа 14 егеменді мемлекет пайда болды. Олардың барлығы біздің елге қатысты алғанда шет елдік мемлекеттерге айналды. Осылайша «жаңа шет ел» термині пайда болды.

Біртұтас мемлекет құрамында өмір сүруден «бірге, бірақ жеке-жеке өмір сүруге» өту үшін 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруды жариялады. Ал 22 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында жаңа шет елдер президенттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД-ның құрамына құрылтайшылар (негізін салушылар) құқында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қосылды. 1993 ж. Дос-тастық құрамына Грузия кірді.

ТМД құрамындағы бұл 12 ел жақын шет ел деп атала бастады. Бұл жерде ара қашықтықтың қатысы жоқ, олар көп мәселелер бойынша бір-біріне өте жақын. Ең алдымен оларды тарихи тағдырластық, ұзақ уақыт бір мемлекет құрамында болу, қазіргі уақытта шешілетін мәдени және экономикалық мәселелер ұқсастығы байланыстырады. Бұл елдердің халқы Ұлы Отан соғысында бірлесіп фашизмді жеңді. Олар бірлесіп экономиканы қалпына келтіріп, дамытты, тың мен ғарышты игерді, Байкал-Амур магистралын салып, Кеңес Одағының ракеталық-ядролық қорғаныс қалқанын құрды.

Елде біртұтас халық шаруашылығы кешені құрылды. Республикалар арасында еңбек бөлінісі мен экономикалық байланыс қалыптасты. Оларды біртұтас көліктік және энергетикалық жүйелер, жекелеген сипаттағы, атап айтқанда туыстық, ғылыми және мәдени тұрғыдағы мың сан байланыстар біріктірді.

Мемлекеттік дербестік жағдайында әрбір ел өмірін өз түсініктеріне, міндеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты құрады. Бірақ, Достастықты құру саяси, экономикалық және мәдени, қазіргі мемлекетаралық байланыстарды сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тығыз экономикалық жақындасуға (интеграцияға) ұмтылды. Олар алдымен Кедендік Одақ, кейінірек - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық немесе (ЕурАзЭҚ) құрды (2002 ж.). Осылайша еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жөніндегі идеясы біртіндеп жүзеге асып келеді. ЕурАзЭҚ құрылуы ынтымақтастықтың мүлдем жаңа біртүтас экономикалық кеңістік құруға өту кезеңін көрсетеді.

ЕурАзЭҚ халықтарының бейбіт өмірін ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы (ҮҚТКҮ) қамтамасыз етеді. Бұл Келісім қауіп төнген жағдайда ҮҚТКҮ-ның кез келген мүшесін бірлесіп қорғауды қарастырады. Ол үшін ұйымда барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде Ресейдің ядролық «қалқаны» да бар.

2. Қазақстан халықаралық ұйымдар жүйесінде. Біздің мем-лекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы жағдай туғызу. Оны тек қана екі жақты ынтымақтастық жағдайында шешу мүмкін емес. Қазақстанға қатысы бар көп мөселелердің аймақтық (мысалы, халықаралық өзен суларын пайдалану) немесе тіпті дүниежүзілік (бейбітшілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, террор, заңсыз есірткі саудасы) сипаты бар. Оларға елдер тобының немесе бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың келісілген іс-шаралары қажет. Осы жағдай халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді. Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдары бар. Ең маңызды әмбебапты әрі саны үлкені - Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан). Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау әрі нығайту мақсатында құрылған. Оған әлемнің 192 егеменді мемлекеттерінің 191-і кіреді.

Қазақстан елдің ұлттық мүдделеріне қатысы бар көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 ж., 2 наурызында бірауыздан қабылданған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері — ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымы), МАГАТЕ (атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), ДДҮ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және басқалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ) мүше болуының ел үшін маңызы зор болды. Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.

Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды. Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ). Оны бұрынғы кеңес - қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі») құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ құрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Моңғолия Индия, Пәкстан келіп қосылды.

Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына да қатысады. Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды. Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу, офицерлерді даярлау мәселелерін қарастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі үйымы - Еуропалық Одақпен (ЕО) бірлесуге келісімі бар. ЕО құрамында 450 млн халқы бар 25 мемлекет бар. Еуропалық Одақ - Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.

Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы - олардың қазіргі әлемдік жағдайын немесе геосаяси жағдайын (ГСЖ) айтарлықтай өзгертті.

Геосаяси жаедай - елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дуние жүзінің аудандарына қатысты алғандагы саяси картадагы орнын анықтайды. Бірақ «елдің орны» дегенде, оның географиялық мекен-жайы туралы түсінік қарастырылмайды. ГСЖ-ға баға беру - қоршаған әлемге елдің мемлекеттік (ұлттық) мүддесі тұрғысынан қалыптасатын көзқарас болып табылады. Бұл үшін ұлттық мүддені «көре білу», мүмкін болатын қауіп-қатерді айқындау және оларды болдырмауды қамтамасыз ету қажет.

Ешбір мемлекеттің, тіпті ең қуаттыларының геосаяси жағдаймен санаспауы мүмкін емес. Ол геосаясаткерлер мен стратегиялық зерттеу орталықтарының зерттеу пәні болып табылады. Олардың берген кеңестері бойынша мемлекеттің сыртқы саясаты жүргізіледі.

ГСЖ өзгеріссіз, бірқалыпты тұрмайды. Уақыт өткен сайын жақсаруы немесе керісінше, нашарлауы да мүмкін.

Геосаяси жағдайға әр түрлі деңгейде баға беруге болады:



Әлемдік деңгейдедүние жүзіндегі «қуатты орталықтарға (АҚШ, Еуропа Одағына, Жапонияға, содан соң Қытай мен Ресейге) қатысты алғанда;

Аймақтық деңгейде өз аймағындағы елдерге, әсіресе шекаралас мемлекеттерге (іргелес орналасқан көрші мемлекеттерге) қатысты алғанда.

Қазақстаннық геосаяси жағдайына баға беру.

Ең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.

Біріншіден – минералдық ресурстар байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың кұны бойынша (АҚІП-та 8 трлн доллар болғанда, бізде 4 трлн доллар мөлшерінде) Қазақстан дүние жүзінде Бразилиямен бесінші-алтыншы орындарды бөліседі. Бұл - біздің еліміздің үлкен артықшылығы, оның әлемдік позициясының негізі. Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.

Екіншіден, жер көлемінің аумақты болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалқ қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көлемде болуына әсерін тигізеді. Қазақстанның қорғаныс шығыны 250 млн долл. аспайды (қазіргі 10 соғыс ұшағының құнындай ғана). Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана.

Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді. Ол үшін табиғи өсуді көтеру мақсатында мемлекеттік демографиялық саясат жүргізілуде. Бұл мәселені шешуде елге оралмандар мен реэмигранттардың оралуының да маңызы зор.

Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін саяси құралдар арқылы шешуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, көптеген халықаралық ұйымдарға қатысуда. Шекара бойы толығымен достас мемлекеттер белдеуіне айналды. Біртіндеп ел қауіпсіздігінің көп деңгейлі жүйесі қалыптасуда. Оның бірінші деңгейінде - ЕурАзЭҚ және ШЫҰ, екіншісінде - Азиядағы қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске (АҚСШК) мүше елдер бар. АҚСШК-і еліміздің Президенті Н. Ө. Назарбаевтың ұсынысымен жұмыс істейді. Оған 20-дан астам елдер қатысады, оның ішінде Қытай, Ресей, Үндістан жөне Пәкстан бар.

Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.



Біріншісі- құрлық ішілік жағдайы (ашық, теңізге шығу жолының болмауы). Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді. Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік рынокқа шығаратын жаңа көлік «коридорларын» жасауға қатысуда. Олар барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік-Батыс (Иран, Түркия) және Оңтүстік (Пәкстан) Азия арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты. Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.



Екінші ерекшелігі - әр турлі мәдениеттердің, aman айтқанда -ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия), орыс және қытай мәдениеттерінің туйіскен жерінде орналасуы. АҚІП пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда. Үкімет халықаралық деңгейде әлемдік және ұлттык діндер Форумын өткізді.

Үшінші ерекшелігі - Еуропа мен Азияның арасында орналасуы. Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпір тәрізді. Үкімет аумақтың транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды. Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республиканың қауіпсіз болуына тәуелділігін арттырады.

Төртінші ерекшелігі - екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы. Бұл елдер Қазақстанмен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретінде маңызы зор. Бұлар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде көп мелшерде қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдайға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.

Бесінші ерекшелік - Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нүктелердің») пайда болуы.

Олардың ішіндегі ең қауіптісі –Ауғанстан (халықаалық террор, есірті саудасы).Қырғызтан мен Тәжікстандағы (ішкі қақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайлардың болуы.



Алтыншы ерекшелігі –Каспий теңіз-көлінің, стсаусы туралы кесісім жасалмаған Каспий бойы аймағндағы жағдай.

Бақылау сұрақтары:

1.ТМД елдері арасында Қазақстанның алатын орны қандай?

2.Қазақстан халықаралық қандай ұйымдарға мүше?


159- сабақ

Тақырыбы: Қазақстанның эканомикалық-геогафиялық жағдайы

Жоспар:

1.Елдің экономикалық -географиялық жағдайы

2.Қазақстан аумағы арқылы өтетін ірі транзиттік жолдар



Сабақтың мақсаты: Қазақстанның эканомикалық-геогафиялық жағдайын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Қазақстанның ЭГЖ мынадай жоспар бойынша қарастырылады.Олар: 1.елдің географиалық орны, 2.шекаралас елдері, 3.шикізат,отын-энергетикалық қорлары, 4. ірі көлік жолдарына қатынасы, 5. елдің экономикалық –географиалық жағдайының өзгеруі , 6. елдің географиалық орнының оның эканомикалық дамуына әсері туралы қорытындысы.

Эканомикалық даму факторларына қатысты тарихи,эканомикалық немесе саяси жағдайлар әр кезеңде сол уақыттың талабына сай өзгеріп отырады.

Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.Жер көлемі-2724,9 мың км2 ,жалпы аумағы бүкіл Жер шар көлнмінің 2 -ың, Азияның 6,1-ын ТМД-ның 12-ын құрайды. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша Ресей,Қытай,АҚШ,Аргентина,Бразилия,Канада,Үндістан,Аустралиадан кеиін 9-орында жөне Еуропалық Одақтың 12 елінің аумағынан асып түседі.

Республиканың батыстағы шекарасы Каспи маңы мен Тұран ойпаты, шығысында Алтай таулары,солтүстігінде Батыс Сібір жазығы,оңтүстігінде Тянь –Шань тау жоталары арқылы өтеді.

Республика шекарасының жалпы ұзындығы 14594 км ден астам оның 13994 км құрлықта: Батыс, Солт. Батыс және солт. Ең ұзын шекара-7390 км(Ресей федерациясымен)оңтүстігінде Орталық Азия республикалары:Түркіменстан мен(380км),Өзбекстанмен(2300км),Қырғызстанмен(980км),ал оңтүстік шығысында Қытай халық республикасымен(1460 км)шектеседі.

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Еуразия материгінің орталық бөлігінде мұхитттардан шалғай орналасқандықтан,аумағында шөлдер мен шөлейттер кездеседі. Осыған байланысты республиканың бірқатар елдері мекендерінде су тапшылығы байқалады. Яғни, экономикалық- географиялық жағдайы тұрғысынан Қазақстанның орналасқан орны оншатиімді емес. Мұндай климат жағдайында жайылымдық мал шаруашылығымен ылғалды онша қажет етпейтін егіншілік салаларын дамытуға болады. Ал су тапшылығы өндірісте көп қажет ететін түсті және қара металлургия өнеркәіптерінің өркендеуіне кері әсерін тигізеді.

Қазақстан табиғат ресурстарының әр түрлілігі және қоры бойынша әлемнің бай аймақтарының бірі.

2.Қазақстанның жер қыртысы табиғат байлықтарының, оның ішінде, ірі отын- энергетикалық шикізат қорларының молдығымен ерекшеленеді. Республика көмірдің геологиялық қорынан ТМД елдерінің ішінде Ресей менУкрайнаға ғана жол берді. Мұнай мен газдың мол қоры Маңғыстау,Атырау,Батыс Қазақстан,Ақтөбе және Қызылорда облыстарында шоғырланған.

Республиканың қазіргі экономикалық- географиялық жағдайы Еуразия кеңістігінде біртұтас көлік және коммуникациялық қатынастар жүйесін құру қажеттігін тудыруда. Бұл жағдайда еліміз технологиясы дамыған Еуропа мен табиғат ресурстарына бай. Азияны жалғастыратын көпір болып табылады. Еуразия материгінің орталық бөлігінде еліміздің аса зор аумақты алып жатуы және көпшілік бөлігінің жазық болуы- ірі жол тораптарының Қазақстанда тоғысуына алғышарт болуда.Өйткен тарихымызға сүйенсек, еліміздің аумағында ерте кезден-ақ Еуропа мен Азияны қосатын Ұлы Жібек жолы болған.

Қазақстанның әуе кеңістігінде 72 халықаралық әуе жолы түйіседі. Еліміздегі 51 әуежайдың 13- і халықаралық ұшақтарға қызмет көрсетеді.

Еуропа мен Азия елдері арасындағы сыртқы сауда байланыстарының артуына орай Қазақстан арқылы жүк тасымалдау елімізде темір жол көлігі қалыптастырылды.Қазақстан үшін:»Шығыс-Батыс»(Қытай, Қазақстан,Ресей, Еуропа)»Солтүстік,Оңтүстік»(Ресей, Санкт- Петербург, Қазақстан, Ақтау порты, Иран,Парсы шығанағы,Үндістан)»Еуропа-Кавказ- Азия»(Еуропа, Әзербайжан, Баку) Осы көлік дәліздерінің маңызы зор.Бұрыннан қалыптасқан тарихи- экономикалық байланыстары бар Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері мен шекаралас жатуы Еуразиялық көлік жолының ел аумағынан өтуі егемендік алғаннан кейін жүз жиырмадан астам елдермен экономикалық байланыстар орнатуға Қазақстан экономикалық- географиялық жағдайын бұрынғыдан да жақсарта түсті.Бүгінгі күнде АҚШ,Батыс Еуропа елдері,Туркия,Иран,Пәкістан және Қытай елдері Қазақстанға аса қызығушылық танытып отыр.

Экономикалық- географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынадай артықшылықтары бар.

Тарихи экономикалық елдермен шектесуі(Ресей,Қытай,Орталық Азия елдері)

Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.

Қазақстан аумағы жер бедерінің көп бөлігінде жазық болып келеді.

Минералды ресурстардың қөрының молдығы.



Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанның экономикалық- георафиялық жағдайына сипаттама беріңдер.

2.Қазақстан аумағы арқылы өтетін ірі транзиттік жолдардың экономикамыз үшін қандай маңызы бар.

3.Облыстың басты ресурсы-бұл оның экономикалық- географиялық жағдайы деген пікірді қалай түсінесіңдер.

160- сабақ

Тақырыбы: Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

Жоспар:

1.Қазақстанның табиғат жағдайы

2.Қазақстанның табиғат ресурстары

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарын қарастыру

Теориялық мәімет:

1.Кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның да табиғи ортасы табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарынан тұрады.

Табиғат жағдайы. Тіршілік үшін табиғаттын ролі зор.аумақ бойынша табиғат жағдайының өзгеріп отыруы да заңды құбылыс.Табиғат жағдайы дегеніміз-табиғат күштерімен обьектілері,оның сапасы.Табиғат жағдайының өндірістік күштерді дамытуда,қоғамдық өмірде маңызы зор.Бірақ табиғат жағдайы шаруашылықта,адамның өндірістік жөне өндірістік емес іс-әрекеттерінде тікелей пайдаланылмайды.

Табиғат жағдайына-белгілі бір жердің шаруашылыққа әсер ету тұрғысынан алып жатқан аумағы,материктегі орны және көлемі,жер бедері,климаты мен су режимі,топырақ жамылғысы жатады.

Табиғат жағдайының алуан түрлілігіне қарай адамның шаруашылық іс әрекеттеріде түрліше.Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі жазық болғандықтан,егін шаруашылығын,өнеркәсіп орындарын,жол құрылыстарын салуға қолайлы.Жауын-шашын көп түсетін жаз айларында солтүстік аудандарда және оңтүстіктегі тау бөктерінде,сонымен қатар ірі өзендер аңғарларында егіншілікпен айналысқан тиіьді.Республика аумағындағы мақта,қант қызылшасы,күріш сиақты ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп жетілуіне қажетті жылу жеткілікті.

2.Табиғат ресурстары-бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор.Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады.Пайдалы қазбалар,жер,су,уа,жел,топырақ,өсімдік және жануарлар дүниесі-табиғат ресурстарын құрайды.

Табиғат ресурстары қоғамдық өндірістің энергетикалық және шикізат бзасы болып табылады.

Минералды ресурстар.Республикамыздағы минералды ресурстардың ерекшелігі- олар көбіне жер бетіне және бір-біріне жақын орналасқан.Сондықтан да минералды ресурстарды арзанашық әдіспен өндіріп,кешенді түрде пайдаланады.

Еліміз пайдалы қазблардың аса бай қорына ие. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып,оның 60-қа жуығы зертеліп,өндіріске таратылған.Еліміз дүниежүзі бойынша вольфрам қорынан бірінші,хромит,уран,фосфор кендерінен екінші,марганец қорынан үшінші,қорғасын мен молибденнен төртінші,ал темір бойынша сегізінші орында.Қазақстан мұнай мен газ қоры бойынша да көптеген елдерден алда тұр.

Жер ресурсы. Қзақстанның жер ресурсы орасан зор,оның жалпы көлемі 270,1млн га млн га-ды құрайды.Мұндағы жер көлемінің 82-ы ауыл шаруашылығына жарамды жер.Оның жайылым мен шабындыққа жарамдысы-190млн га,ал жыртылған жер көлемі -36млн га.Бірақ еліміздің рыноктық эканомикаға көшіуінің қиындықтарымен байланысты жыртылған жердің көлемі біртіндеп азаюда.Қазақстан дүниежүзі бойынша жыртылған жер көлемі жөнінен алтыншы орында,ал жайылым мен шабындықтан төртінші орында тұр.Республиканың әрбір тұрғынына 15га ауыл шаруашылығы жерінен,соның ішінде,2 Ресейде бұл көрсеткіш 0,87-га,Канадада 1,7 –га ,АҚШ-та 0,54-га,Жапонияда 0,03а,-ға тең.

Су ресурстары.Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар біркелкі таралмаған.Жалпы климаттық ерекшеліктерге байланысты су қоры өзгеріп отырады.Климат жағдайының құрғақтығына байланысты егістікті суландыру үшін өзен суының маңызы зор.Республикада су ауыл шаруашылығында (80) егістік суаруға,өндірістік және коммуналдық қажеттіліктерге пайдаланылады.Елімізде ішкі су ресурсы 115,3млрд м3 –ты құрайды.Оның 60,4млрд м 3 су қоры республика аумағында, ал 54.9 млрд.м3 су қоры көршілес аумақтардан келеді. Су қорының жиналуы еліміздің географиялық жағдайымен тығыз байланысты.Қазақстан аумағындағы ішкі су қорының 62% –ы Оңтүстік Қазақстанға,30%-ы Солт. Қазақстанға, ал қалғаны басқа аймақтарға тиесілі.

Қазақстанда жалпы саны 85 мыңға жуық өзен,48 мыңнан астам көл бар.Көптеген өзендер сортаңдар мен құмдарға сіңіп, ізін жоғалтады.Көлдердің жалпы ауданы-45мың км.2, оның 94%-ның ауданы 1км.2 –ден аспайды.Балқаш,Зайсан, Алакөл, Теңіз, Сілеті теңізі, Сасықкөл,Құсмұрын,Марқакөл, т.б. ірі көлдерге жатады.

Елімізде 4мыңнан астам тоған мен су қоймалары бар.Тоған мен су қоймларындағы суларды жер суару үшін, электр энергиясын өндіру үшін, сондайақ өндірісте пайдаланады.

Биологиялық ресурстар.Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Еліміздегі өсімдіктердің 5700 дей түрі кездеседі,оның 14%тек Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Республика аумағы орманға өте тапшы.Орман алқабы бар болғаны- 13 млн. Га.Бұл барлық аумақтың 4% ғана құрайды.Қазақстан орманының басым бөлігі- Сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді аумақтарда өседі.Қылқан жапырақты ормандар Тянь- Шань,Жонғар Алатауы,Алтай тауларында кездеседі.

Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі, балықтардың 150 түрі бар.Биологиялық ресурстардың ішіндегі негізгісі-балық ресурсы. Каспий теңізінен қымбат бағаланатын қызыл балықтың 90% ауланады.

Қазақстанның табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі өте жоғары және шаруашылықтың өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор.

Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау, еліміздің табиғат байлықтарын сақтау, яғни табиғи ортаны қорғау, оның ресурстарын ұтымды пайдалану әрбір азаматтың міндеті.

Еліміз аумағындағы табиғат ресурстарының алуан түрлілігі мен оның қорының молдығы біздің ұлттық мақтанышымыз.



Бақылау сұрақтары:

1.Табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға әсері қандай?

2.Табиғат жағдайлары мен табиғат реурстары дегеніміз не?

3.Қазақстанның табиғат жағдайының ерекшелігі неде?


161- сабақ

Тақырыбы: Халқы және халқының тығыздығы

Жоспар:

1.Қазақстан ресубликасы көп ұлтты мемлекет

2. Қазақстан халқының тығыздығы

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның халқы және халқының тығыздығын қарастыру

Теориялық мәімет:

1. Қазақстан ресубликасы көп ұлтты мемлекет.Әрбір халықтың өмір салты, әдет ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдысы жөнінен ерекшелігі бар.Адамдар қатынасының маңызды құралы оның тілі.Елімізде мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Халық санын, халықтың өсуін, жастық- жыныстық құрылымын, географиялық орналасуын, тығыздығын, қала мен ауыл халқы арақатынасын аймақтық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.

Халық саны. Қазақстан республикасы халқының саны 1999 жылғы халық санағы бойынша-14 млн.953 мың 126 адам.

2009 жылы1- қаңтардың статитикалық мәліметтері бойынша Қазақстан халқының саны-15778,2 мың адам болған.Ал екінші халық санағының алдын- ала қорытындысы бойынша халық саны 16 млн.402 мың адамнан асты. Хкалық саны бойынша еліміз ТМД да Ресей, Украйна және Өзбекстаннан кейінгі 4-ші ,ал дүниежүзінде 50 орында.

Демография дегеніміз(грек. Демос- халық, графо- жазамын сипттаймын) халық саны, құрылымы және динамикасы туралы ғылым. Халықтың ұдайы өсуі- ұрпақтың үздіксіз ауысып отыру процесі.

1999 жылы 1991 жылғымен салыстырғанда табиғи өсім 13,3%-дан 4,6% дейін төмендеді,ал қазаір халықтың табиғи өсімі 12,63% ға жетті. Қазір қазақстан халқының орта жасы- 64,14 соның ішінде ерлердің орта жасы-60, ал әйелдердікі 71- жас.Халық саны табиғи өсіммен бірге басқа елден көшіп келушілер есебінен өседі мұндай өзгерістерді механикалық қозғалыс дейміз. Көші-қонның (миграция) өзі механикалық қозғалысқа жатады.Елімізде түрлі ауыр құрылыстар салу, пайдалы қазбаларды игеру, темір жолдар металлургия кәсіпорындарының электр станцияларын салу кезінде Ресей,Беларусь,Украйнадан көптеген мамандар қоныс аударды.Қазақстанның тәуелсіздік жағдайда дамуы оның рыноктық экономикаға көшуінің қиындықтарымен байланысты. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында халықтың басқа елдерге көші-қоны артты.Қазақстан үкіметінің көші қонды реттеу саясатына байланысты елден кету мен келуі теңесті.

2.Халықтың тығыздығы.Республика аумағында халық біркелкі қоныстанбаған.Халықтың 1 км. Жерге орташа тығыздығы 5,6 адамнан келіп ТМД елдерінің ішінде ең соңғы орында.Жалпы халықтың орналасуына тарихи- табиғи және экономикалық факторлар әсер етеді. Мұндай факторларға халықтың ертеден қоныстанған аудандары табиғат жағдайлрының ерекшелігі хәне өндірістік аумақтар біркелкі орналасуы жатады.Республиканың Солт.Шығысымен,Оңт. Алтайдың етегінде пайдалы қазбаларды игеруге байланысты мұнда басты өнеркәсіп орындары шоғырланған.Орталық Батыс және Оңт. Батыстағы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда халық өте сирек орналасқан.Республиканың бұл бөліктерінде табиғат жағдайларының қолайсыз болуы, жол қатынасының нашар дамуы, халықтың сирек қоныстануына өз әсерін тигізеді.Соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықты индустрияландыру және ауыл шаруашылығын қайта құру нәтижесінде халықтың орналасуы мен тығыздығына елеулі өзгерістер болды.

Халықтың ұлттық құрамы.Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Оның аумағында 130 дан астам ұлттар мен этникалық топтар тұрады. Республикада негізгі ұлт –қазақтардан басқа орыс, украйн, беларус, өзбек, неміс, ұйғыр, татар,корей т.б. ұлт өкілдері бар. Белгілі қазақ демографы Тәттімбетовтің дерегі бойынша, 1646-1943 жылдар арасында Қазақстанда халық саны 5 млн. 900 мың адамға азайған.Сонымен бірге ХХ ғасырдың 30- шы жылдары Сталиндік зорлық зомбылық Қазақстанда ұжымдастыруды жүргізудегі қайшылықтардың нәтижесінде 2 млн. Халық аштықтан қырылып, жүздеген мың адам шетелге өтіп кетті.Халық санының осындай табиғи азаюы төмендеу процесі депопуляция деп аталады.Мемлекетіміздің саны жөнінен ең көп диаспорасы- орыстар саны жөнінен одан кейінгі орындарда украйндар, өзбектер, немістер татарлар алады.Сонымен бірге 2.64 % басқа ұлттардың өкілдері тұрады.

Дүние жүзіндегі қазақ диаспорасы.Қазір бүкіл әлемдегі қазақтардың саны 13,5 млн. адамнан асып отыр.Әлемдегі 3000 астам халықтардың ішіндегі демографтар атап көрсеткендей саны жөнінен қазақ этносы 70- ші орында,тілі жөнінен Алтай тілдік семиясының түркі тілі тобына,ал діні жағынан исламның сунит бағытына жатады.

Қазақтардың 4.5 млн. астамы республикадан тысқары әлемнің 54 еліне соның ішінде ТМД ның көршілес елдерінде алыс шетелдерде тұрады.Халықтың мұндай басқа елдердегі бөлігін диаспора, дәлірек айтсақ қазақ диаспорасы дейді.Қазақ диаспорасының саны жөнінен басымы өзбекстан(1млн. 556 мың)Ресей(740 мың),Түркіменстан(100 мың),Қырғызстан(45 мың),Украйна(15 мың),Қытай(1млн. 500 мың),Монғолия(100мың),Ауғанстан(30 мың),Туркия(25 мың),АҚШ(14 мың),Иран (12 мың т.б.)елдер. Шетелждерде тұрақты қоныстанған саны аз қазақтардың болашақта ұлт ретінде сақталынуы Қазақстан үкіметінің көңіл бөлмеуін қажет ететін мәселе.



Бақылау сұрақтары:

1.Республикадағы халық санының өзгеріс себебін түсіндіріңдер.

2.Халықтың ұлттық құрамына сипаттама беріңдер.

3.Көші- қон қоғам өміріне қалай әсер етеді?

162- сабақ

Тақырыбы: Төңкеріске дейінгі Қазақстан шаруашылығы. Қазақстанда шаруашылықтың жаңа географиясын қалыптастыру

Жоспары:

1.Қазақстанның Ресейге қосылғанға дейінгі шаруашылық географиясы

2.ТМД елдерінде мемлекеттік құрылыс

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның шаруашылығының жаңа географиясын қалыптастыруды қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Қазақ халқы жүз жылдан астам уақыт бойы басқыншыларға қарсы қаһармандық күрес жүргізді. Қазақ халқы үшін осынай қиын-қыстау күндерде Кіші жүздің атақты адамдары жат ел басқыншыларынан қорғауды сұрап, Ресейге өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда Кіші жүздің Ресейге қосылу ресми құжат арқылы қатталды

Қазақстанның Ресейге қосылып, оны орыстардың қоныстанып, шаруашылық жағынан иегеруі, онымен қоса келген отаршылық бұғауы жүз жылдан астам уақытқа слзылды. Алғашқы орыс қоныс аударушылары – Сібір казактары болды. Олардың соңын ала Сібір мен Ресейдің орталық губернияларынан шаруалар келді. Қоныс аударудың келесі кезеңі

ХІХ ғасырдың басынд шаруа қозғалысының өрлеуімен байланысты болды. Орыстың отарлаумен қабаттаса орыс капитализмі де қазақ жеріне өзінің ықпалын күшейте бастады. Жаңадан қалыптасқан орыс кулактары жерін тартып алға, көшпенді қазақтар қара және сарғылт топырақты жәнетамаша жайылым шбындықтары бар орманда және орманда дала аймақтарынан қуылып, құнарсыз шөл және тастақты жерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Соның салдарынан көгпелі мал өсірудуң жемшөп базасы тарылып, мал шаруашылығы тұрақсыз кәсіпке айналды. Көшпелі мал өсіруден қол үзуге мәжбүр болған қазақтар, әсірсе кедейлр, бірте-бірте отырықшылық қалпына көше бастады.Дамып келе жатқан капиталистік қатынастардың салдаынан кедейленген көшпенділер арзан жұсмысшы күшіне айналды. Байырғы халықтың отырықшылыққа және егіншілікпен айналысуға көшуі әл-ауқаттарының негізі болған көшпелі мал өсіруді сақтауға ынталы феодалдық ақсүйектердің мүддесіне қайшы келді. Қазақстанда өнеркәсіп дегеннен қатқыл мата тоқу, тері илеу, аяқ киім, ер тұрман, арқан-жіп, аң терісі бұйымдарн жасау сияқты кәсіпшілік түрлері біршама дамыған еді.Алтай өңірі мен Орталық Қазақстанда тұратын қазақтар кенді қол күшімен өндіріп, қорғасын мен мыс балқытып, одан түрлі бұйымдр (ыдыс-аяқ, қару-жарақ, әшекей-сәндік дүиелер) жасады.Қазақтарда қала, отырықшы елді мекендер аз болды. Қазақстанның оңтүстігінде ғана халық тығыз орналасқан суармалы егіншлік жазираларында, ерте заманғы “Жібек жол”бойында ғана отырықшы ауылдық елді мекендер (қыстақтар), ірі сауда және қолөнер орталықтары пайда болды. Жайық өзенінің төменгі ағысында Алтын Орда орталықтарының бірі-Сарайшық қаласы орналасты.

Ертеден-ақ қазіргі Қазақстан аумағын, Қытай, Орта Азия, Сібір және Мәскеу мемлекеті арасындағы сауда байланысын қамтамасыз ететеін керуен жолдары кесіп өтетін. Әсіресе Жоңғар қақапасы мен Жетісу арқылы Тянь-Шаньның солтүстік беткейімен Монғолия Қытай Бұхрға баратын жолдарыда жүргіншілер тынымсыз қатынап жататын.Екінші жол Орта Азиядағы Хиуа арқылы немесе Сырдарияны бойлай Каспий маңыойпатындағы көне Сарйшық қаласына, ал одан әрі Мәскеу жаққа қарай кететін.

Кейін Қазақстан арқылы Ота Азиядан солтүстікке қарай – Орынбор, Омбы, Петропавл, Семейге керуен жолдар түсті. Ол жерлерде маусымды жәрмеңкелер өтіп, онда көшпенді қазақтар мал және мал өнімдерін (жүн, тері) сатып, ортаазиялық, қытайлық және орыс көпестернен мата, шай, қант, қару-жарық, ыдыс-аяқ және т.б. бұйымдар алатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет