Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет20/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Бақылау сұрақтары:

1.Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африканың қайсы елдері дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындарды алып отыр.

2. Сыртқа шығаруға арналған шикізаттық және ауыл шаруашылығы өнімдеріне негізделген елдерді ата.

3. Солтүстік Африка елдерінің өндіріс ошақтары және ірі орталықтары

4. Батыс Африканың көптеген елдері үшін кен өндіру өнеркәсібінің де тар өрісті мамандануы тән елдер.

5. Орталық (экваторлық) елдердің сыртқа аса бағалы тропиктік ағаш сүрегін шығарумен айналысатын елдері.

6. Зимбабве, Ботсвана, Лесото, Свазиленд және т.б. елдері қандай өнімдерді өндіреді және шетке шығаруға маманданған


245 -сабақ
Тақырыбы: Аустралия және Мұхиттық аралдары елдері

Жоспар:

1. Аустралияның өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп түрлері

2 .Мұхиттық аралдары елдерінің шаруашылық географиясы

Сабақтың мақсаты: Аустралия мен Мұхиттық аралдардағы елдердің шаруашылық географиясының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орнын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Көптеген экономикалық көрсеткіштер жөнінен (ең алдымен ЖІӨ көлемі және оның жан басына шаққандағы мөлшері жөнінен) Австралия дүние жүзінің неғұрлым дамыған елдерінің қатарында. Оның экономикасының жедел өсуіне себепші болған жағдайлар: 1) бытыраңқы аумақтардың біртұтас мемлекет болып бірігуі; 2) шетел капиталының көп келуі (ағылшындар бұл жерге капиталистік қатынастарды, дағдылар мен дәстүрлерді, жұмыс қолын әкелді); 3) халық саны аз, жер ресурстарының ұлан – ғайыр көп болуы; 4) минерал шикізаттың молдығы және т.б.

Австралияның экономикасында шетел капиталы орасан зор рөл атқарады, бұл орайда іске қосылған шетел капиталының дені (70 пайызына жуығы) Ұлыбритания мен АҚШ –қа келеді. Соңғы жылдары Жапония мен Германияның – капиталы белсенділік көрсетіп отыр.

Австралия экономикасының салалық құрылымы тұтас алғанда әлемнің дамыған елдеріндегідей. Сонымен қатар мұнда шикізаттық салалардың үлес салмағы көтеріңкі. Соғыстан кейінгі кезеңде индустриялану процесі мен шаруашылық құрылымының едәуір күрделіленгеніне қарамастан ол көп жағдайда қазірге дейін экспорттық- шикізаттық бағыттылығын сақтап отыр. Бұл орайда эскпортта кен өндіру өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының өнімі басым. Австралияның мысалы шикізаттық мамандану бұл әлі артта қалушылықтың белгісі емес екенін көрсетеді.

Кен өндіру өнеркәсібі – шаруашылықтың ежелгі салаларының бірі (кезінде алтын өндіру елдің отарлануына түрткі болған болатын) – қазір жастық шағы қайта оралғандай болып отыр. Көптеген минерал ресурстарды (темір рудасы, көмір, боксит, рутил, цирконий және т.б.) өндіру жөнінен ел дүние жүзінің жетекші мемлекеттерімен қатарлас. Елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Брокен –Хилл қаласы Австралияның бүкіл кен-зауыт саласының өзінше бір астанасы. Қала өзінің полиметалл және темір руда өнеркәсібімен әйгілі. Көмір Жаңа Оңтүстік Уэльс және Квинсленд штаттарында өндіріледі.

Кен өндіру өнеркәсібіндей емес, өңдеуші өнеркәсіп салалары (металлургия мен тамақ өнеркәсібі салаларын қоспағанда) негізінен ішкі нарыққа жұмыс істейді. Бұл орайда ел осы салалардағы өндірістік қуаттардың көлемі, кәсіпорындардың техникалық жарақталуы және т.б. жөнінен жетекші индустриялық державалардан қалыңқы. Қара және түсті металлургияның негізгі орталықтары – Ньюкасл және Порт – Пири қалалары. Машина жасау кең көлемде тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана дамыды. Автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, электр приборларын, радиоэлектроника бұйымдарын және т.б. шығару салалары дамып отыр. Бұл салалардың кәсіпорындары негізінен жетекші өнеркәсіп орталықтарының төңірегінде – Сиднейде, Мельбурнде, Аделаидада, Бриссбенде орналасқан. Соғыстан кейінгі кезеңде химия өнеркәсібінің дамуына қозғау салынды да, ол өнім шығарып отыр. Австралияның өзіне тән ерекшелік тамақ (әсіресе ет) өнеркәсібінің барынша дамуы болып табылады, оның өнімі едәуір мөлшерде экспортқа шығарылады.

2.Мұхит аралдары елдері – бұл Тынық мұхиттағы , көбіне оның оңтүстік – батыс және орталық бөліктеріндегі үлкенді – кішілі аралдардың жиынтығы. Оларды, әдетте, үш топқа бөледі: Меланезия (Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония, Жаңа Гебридтер, Сүлеймен, Фиджи аралдары, Бисмарк архипелагы), Полинезия (Маркиз аралдары, Туамоту, Шығыс және Батыс Самоа, Тонга, Тувалу, Гавай, Жаңа Зеландия және т.б.), Микронезия (Маршалл, Каролин, Мариан аралдары, Гилберт аралдары, Науру және т.б.).

Мұхит аралдары елдері – дүние жүзінің табиғаты ғажап, тарихы қызғылықты, төлтума мәдениеті бар ерекше аймақ. Алайда аралдарды мекендеушілердің өмірі әжептеуір күрделі және бірқатар жағдайларда дауылдарға , су тасқындарына және т.б. қарсы күреспен өтеді.

Саяси тұрғыдан Мұхит аралдары елдері бүгінде жиырмадан астам егемен мемлекеттер және тәуелді аймақтар болып отыр. Бұл орайда Гавай аралдары – Полинезияның бір бөлігі – АҚШ – тың 50- ші штатына айналдырылған, ал жергілікті халық қазіргі көп ұлтты тұрғындардың арасына сіңіп кеткен. Мұхит аралдарының өзге елдерінен Жаңа Зеландия да өте – мөте өзгеше; мұнда халықтың 90 пайызына жуығы еуропадан шыққандардың ұрпақтары.

Мұхит аралдарын нәсілдік, тілдік және тарихи – мәдени тұрғыдан бір – бірінен көп өзгешіліктері бар алуан түрлі көптеген халықтар мекендейді. Халықтың жартысына жуығы байырғы тұрғындар, қалғандары келімсек адамдар. Бірқатар көрсеткіштер бойынша (сауаттылық деңгейі, өмірдің орташа ұзақтығы, дәрігерлермен қамтылуы және т.б.). Мұхит аралдары елдері көптеген дамушы елдерден, әсіресе африкалық елдерден алда. Аралдар тұрғындарының көпшілік бөлігі ауыл тұрғындары (Папуа – Жаңа Гвинеяда 80 0/0, Вануатуда 750/0 және т.б.). Сондықтан тауарлық өнімнің негізгі бөлігін (кокос жаңғақтары мен олардың кептірілген ішкі бөліктері- копра, кофе, какао, дәдеуіштер) ауыл шаруашылығы беретіні таңданарлық емес. Бұлар экспорттық түсімнің де емес. Бұлар экспорттық түсімнің де негізгі бөлігін береді. Кейбір аралдарда (Папуа – Жаңа Гвинеяда, Сүлеймен аралдарында, Фиджиде, Батыс Самоада) бағалы ағаш сүрегін дайындау – келешігі мол салалардың бірі.

Минерал ресурстарды айтқанда, олардың қорлары көп мемлекеттер – Папуа- Жаңа Гвинея (мыс рудасы мен алтын) және Науру (фосфориттер). Алайда – наурулықтардың дүние жүзіндегі ең ауқатты ұлттардың біріне айналуына себепші болған, бұл елдегі мол фосфорит қорлары 90 – жылдардың ортасынан бері қарай сарқылуға айналды. Бертінгі ондаған жылдарда Мұхит аралдарда елдерінде негізінен австралиялық фирмалардың көмегімен өңдеуші өнеркәсіптің жеңіл, тамақ, ағаш ұқсату, металл ұқсату секілді салалардың кәсіпорындары салынды. Олардың көпшілігі ішкі нарыққа бағдарланған.

Мұхит аралдарын қоршаған теңіздер мен мұхиттардың суында биологиялық ресурстар мол. Теңіз түптеріндегі минерал ресурстар да едәуір. Алайда олардың ауқымды түрде игерілуі әлі алдағы іс. Ал бірегей рекреациялық қарым қазірдің өзінде белсене пайдаланыла бастады (Фиджи, Папуа – Жаңа Гвинея және т.б.).

Әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері жөнінен мұхит аралдары мемлекеттері бірінен – бірі едәуір ерекше. Ең дамығаны Жаңа Зеландия болса, неғұрлым қалыңқылары Сүлеймен аралдары, Тувалу, Кирибати және т.б. Дүние жүзінің дамыған экономикалық орталықтарынан және бір – бірінен шалғайлығы аралдық мемлекеттердің жедел өркендеуі жолында елеулі бөгет болған күйінде қалып отыр.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұхит аралдарындағы халықтардың нәсілдік, тілдік және тарихи – мәдени тұрғыдан бір – бірінен көп өзгешіліктері бар алуан түрлі болуының себептері.

2.Саяси тұрғыдан Мұхит аралдары елдерінде бүгінде қанша егемен мемлекеттер және тәуелді аймақтар алып жатыр.

3.Әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері жөнінен мұхит аралдары мемлекеттерінің ішіндегі ең дамығандары.

4.Аустралияның шаруашылығының ежелгі салаларының бірін атаңыз

5.Аустралияның қара және түсті металлургиясының негізгі орталықтары

6.Аустралияның өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп түрлері
246 -сабақ

Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Тақырыбы:Бейбітшілік сақтау проблемасы

Жоспар:

1. Ғаламдық проблемалар

2.Жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы

3.Жаппай қарулану және әскери шығындар



Сабақтың мақсаты: Бейбітшілік сақтау проблемасын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Ғаламдық проблемалар.Адамзат қоғамы дамуында айрықша оқиғаларға толы болған ХХ ғасыр шиеленіскен, шешімі кезек күттірмейтін ғаламдық проблемаларымен де әйгілі болды.Ресей географы В.П.Максаковскийдің анықтамасы бойынша, ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазірігісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды айтады.

Ғаламдық проблемалар сипаты жағынан әр түрлі болады, олардың негізгілерінің қатарына бейбітшілік пен қарусыздану, экологиялық, энергетика және шикізат проблемаларын, демографиялық және азық-түлік проблемаларын атауға болады.Ғаламдық проблемалар бұл аталғандармен шектелмейді, іс жүзінде олардың саны өте көп. Мысалы, қазіргі кезде ғарышты бейбіт мақсатта игеру үшін дамушы елдердің артта қалушылығын жою, қатерлі аурулардың таралмауы проблемалары жағынан жоғарыда аталғандардан кем түспейді. Ғаламдық проблемалардың пайда болуына және одан әрі шиеленісуіне көптеген факторлар әсер етеді:

1)жаппай қырып-жоятын қару түрлерін молайту нәтижесінде адамзат өркениетінің тіршілігіне қауіп төнуі;

2)адамның шаруашылық әрекетінің табиғи ортаға кері ықпал етуі арқылы экологиялық жағдайдың нашарлауы;

3)дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы алшақтықтың ұлғаюы;

4)табиғат ресурстарын пайдаланудың күрт артуы;

Жалпы алғанда, адамзаттың тірішілік ортасының экологиялық күрт өзгерістерінен ғаламдық проблемалардың шиеленісуі өз кезінде қалыптасып келе жатқан халықаралық қоғамдастықтың біртұтастығының бұзылуына және адамзат өркениетінің өзін-өзі жоюына қауіп туғызуы мүмкін.

Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты. Мысалы, энергетикалық және шикізат проблемалары экологиялық проблемамен, ал экологиялық проблема демографиялық проблемамен және т.б. өзара байланысты. Осы проблемалар ішінен бейбітшілікті сақтау проблемасын бірінші кезекке қоюға болады, себебі Жер бетінде тіршіліктің сақталуының өзі тікелейбейбітшілікке тәуелді екені түсінікті. Бейбіт өмір жағдайында қарулануға жұмсалып жатқан қыруар қаржыны шешімін таппаған басқа әлеуметтік проблемалардың қажеттігі үшін пайдалануға мүмкіндік туған болар еді.

Экологиялық проблемаларды ғаламдық сипатына қарй екінші кезекке қоюға болады. Өйткені адамзат тірішілігінің болу-болмауының өзі экологиялық прблемаларды шешу мен оның алдын алуға тікелей қатысты болып отыр.

Демографиялық және азық-түлік проблемасы өзара бір-бірімен және экологиялық проблемамен, сондай-ақ шикізат проблемасымен де тығыз байланысты. Азық-түлік және шикізат проблемасы дамушы елдердің артта қалушылығын жою проблемасымен ұштасады.

Дүниежүзілік мұхит проблемасы басқа ғаламдық проблемалармен тығыз байланысқан; мұхит ресурстарын пайдалану шикізат, энергетикалық және азық-

түлік проблемаларын шешуге көмектеседі. Түптеп келгенде, бұл проблемалардың барлығын бүкіл адамзат баласы біріге отырып, түбегейлі түрде шешуі қажет.

2.Жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында Жер шарында бейбітшілікті сақтау және жаңа дүниежүзілік соғсқа жол бермеу проблемасы аса маңызды орын алады. Өйткені бүгінгі таңда Жер шарында жинақталған қару-жарақтың ең соңғы үлгілері санаулы сағаттарда-ақ миллиондаған адамдардың өмірмен қоштасуына жеткілікті. Адамзат тарихында соғыс әрқашан орасан мол адам шығынын әкелген. Шамамен алғанда, осы кезге дейін әлемде 14000 соғыс болған, нәтижесінде 3млрд аса адам опат болған. Адам қоғамы дамыған сайын соғыстар әкелген зардап пен қайғы-қасірет те молая түскен.Мысалы

дүние жүзі бойынша XVIIғ. шамамен 3,3 млн адам, XVIII ғ. 5,4млн адам, XIX 5,7 млн адам соғыс құрбаны болса, XX I дүниежүзілік соғыста 20млн адамның , ал екінші дүниежүзілік соғыста 50млн адамның өмірі қиылды. Бұдан басқа ХХғ. аймақтық жанжалдар, жеке елдердегі азамат соғыстары, ұлт арздығы да орасан зор адам шығынына(100млн адам) алып келді.

Қазіргі кездегі құрлықаралық зымырандар бірнеше минутта белгіленген нысанаға түсіп, ол жердегі тірішілікті жоя алатын мүмкіндікке ие. Қару-жарақ өндірісінде ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері пайдаланылып, жаппай қырып-жоятын қарулардың жаңа түрлері ойлап табылуда. Бұл адамзат өркениетінің дамуы барысында бұрын соңды болып көрмеген қауіпке себепші болуда. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл қару түрі болып есептелетін ядролық қаруды иемденген елдер саны да артып келеді. Қазіргі кезде Жер шарында жинақталған ядролық қарудың қуаты тірішілік атаулыны түгел жоюға мөлшерден асып түседі.

Ғалымдар ядролық қаруды пайдалану Жер шарындағы климаттық жағдайдың түбегейлі өзгерісіне әкеклетінін анықтап отыр.

Алысқа бармай-ақ, Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс ядролық апат зардаптарының бір елдің деңгейінде қалып қоймайтындығын тағы да дәлелдеді. Сондықтан бейбітшілікті сақтау мен жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмауда ядролық қаруға ие мемлекеттердің бұл қарудан бас тартуы аса маңызды болып табылады.ҚР – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан дүние

жүзіндегі бірден бір ел.

3.Жаппай қарулану және әскери шығындар. Қазіргі кезде әскери шығындар көлемі адамзаттың ең кедей бөлігінің табысынан бірнеше рет асып түседі.ХХ ғ. соңында дүние жүзі бойынша әскери шығындардың жылдық мөлшері 1трлн АҚШ долларынан асып түседі. Бұл қарулану үшін минутына 1,9млн доллар қаржы жұмсалады деген сөз. Дүние жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 25-300/0-ын әскери мақсаттағы жобалар құрайды. Әскери саланың үлесіне дүниежүзілік инвестиция көлемінің 1/3 бөлігіне жуығы тиесілі. Сонымен қатар дүние жүзі елдерінің әскер қатарында бүгінде 25млн жуық адам бар, олардың барлығы дерлік жұмсқа жарамды.Осыншама адам Германия сияқты жоғары дамыған елдің экономикалық белсенді халқының санына жетеді.Демек, бұл көрсеткіш халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін шектеп, басқа да көптеген ғаламдық проблемаларды шешуді тежейді.АҚШ-тың әскери шығындарының жиынтық ішкі өнімдегі үлес салмағы төмен болғанымен, бұл мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орын алады.АҚШ-тың дүниежүзілік әскери шығындар көлеміндегі үлесі

300/0-ға жетеді.1998 ж. Жапонияда әскери шығындардың жиынтық ішкі өнімдегі үлесі 10/0болса, Эритерия мемлекетінде бұл көрсеткіш 360/0 жуық болды.

Дамушы елдерде әскери шығын мөлшері жоғары, мұның басты ерекшелігі олардың әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығын жоюға мүмкіндік бермейді.Мысалы, мешеу елдердегі әскери техника мен қару-жарақты сатып алуға жұмсалатын қаржы мөлшері азық-түлікпен қоса есептегендегі барлық тауарлардың құнынан алдеқайда жоғары.Жалпы алғанда, дүние жүзінде қару-жарақ саудасының көлемі біртіндеп азаюда.Мысалы, 1984 ж әлемдік қару-жарақ саудасының көлемі 57млрд АҚШ долларын құраса, ХХғ. соңында 25 млрд доллар шамасында болған. Соған қарамастан соңғы уақытта аймақтық жанжалдардың ушығуы қару-жарақ саудасының көлемін ұлғайтуы мүмкін.

Елдің әскери қуатын арттыруға бағытталған милитаризм(латынша - әскери)

экономика, саясат және идеологияның басын қосатын біртұтас жүйе болып табылады. Милитаризмнің қазіргі көрінісі – дүние жүзіндегі ірі елдердің барлығында дерлік қалыптасқан аса қуатты әскер-өнеркәсіп кешендер(ӘӨК). Оның негізінде қорғаныс мекемелерінің тапсырыстарын орындайтын әскери экономика дамиды.Әскери өндірістің дамуы жөнінен дүние жүзінде көрнекті орын алатын Ресейдің ғылыми-өндірістік мүмкіншілігі өте жоғары, мұнда 2000 аса әскери кәсіпорын бар.

Қазіргі кезде әскери экономиканы демилитаризация жасау, яғни бейбіт мақсаттағы өнім шығаруға көшіру аса маңызды.әрі өте күрделі мәселенің біріне айналып отыр. Әскери өндірісті күнделікті адам тұрмысына қажетті өнімдер жасауға көшіруді конверсия деп атайды. Конверсия жартылай (жаңа өнімдерді өндірісті кеңейту есебінен жасау) және толық (тек қана күнделікті сұранысқа ие һөнімдерді шығару) жүргізілуі мүмкін.

Кониерсияны жүзеге асыру барысында экономикалық(түсетін пайда көлемінің азаюы), техникалық (өндірісті жаңа өнімдер өндіруге бейімделіп, қайта құру) және әлеуметтік (жұмыс күшін қысқарту мен байланысты наразылықтар) кедергілер болатыны сөзсіз.Соған қарамастан конверсиялық кәсіпорындардың өнімдері аса сапалылығымен көзге түседі.

Бақылау сұрақтары:

1.Ғаламдық проблемалар деген не?Оларды бірігіп шешу қажеттігін немен түсіндіруге болады?

2. Ғаламдық проблемалардың шиеленісуіне қандай факторлар әсер етеді?

3.Әлемде бейбітшілікті сақтау проблемасыншешуде Қазақстан қандай қадамдар жасады?

4.Дамушы елдерде әскери шығындарға неге көп қаржы бөлінеді?

5.Конверсия деген не ? Танк өндірісін бейбіт мақсаттағы қандай өнімді шығаруға бейімдеуге болады?

247 -сабақ

Тақырыбы: Ғаламдық экологиялық проблемалар. Ғаламдық экономикалық-экологиялық проблемаларды шешу жолдары

Жоспар:


  1. Елдердің экономикалық-экологиялық типтері

  2. Жаңа геоэкологиялық стратегия

3. Тұрақты даму консепциясы

4. Табиғи ортаның ластануы

5. Озон қабатының жұқаруы проблемасы

6. Ормандар аумағының қысқаруы

Сабақтың мақсаты: Ғаламдық экологиялық проблемаларды қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады.Ноосфера туралыілімнің негізін қалаған В.И.Вернадский ХХғ. ортасында адамзаттың шарушылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған.Одан бергі уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайые арта түседі;экологиялқ проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алады. Ғаламдық экологиялықпроблемалар түрліше сипатта; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы жатады.



Табиғи ортаның ластануы.Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келеді.Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіптік қалдықтармен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Ең «лас» өнеркәсіп түрлері тау-кен мен құрылс материалдарын өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, мұнай өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі жатады.ИМысалы, 1 т шойын өндіру барысында атмосфераға 4,5 кг қатты заттар, 2,7 кг күкіртті заттар, сондай-ақ мышьяк, қорғасын, сынап буы бөлініп шығады. 1 т алюминий алу үшін 38-47кг фтор пайдаланылады, кейіннен оның 65 0/0 атмосфераға шығарылады.Кен байыту фабрикаларының мұржаларынан улі түтіннің маңайындағы тірішілік үшін зияны шексіз. Химия өнеркәсібі ауға стирол, фенол, ацетон,күкірт диоксиді, күкірт ангидриді тәрізді улы қосылыстарды бөледі.Ал жылдан-жылға саны артып отырған автокөлік ауаны өнеркәсіптен кем ластамайды, қазіргі кезде оның үлесіне атмосфера ластануының 60 0/0 тиесілі. Қара қошқыл фотохимиялық тұманның

түзілуіне автомобильдер шығаратын газдар тікелей әсер етеді.

БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.

Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану қоршаған ортаға өзіндік қауіп қатер төндіреді.1986ж.сәуірде Чернобыль АЭС-інде болған жойқын апаттың зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің(МАГАТЭ) қызметі атом энергиясы өндірісін экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігі жоғары салаға айналдыруға бағытталған.

Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүние жүзі ғалымдары»жылыжай эффектісі» деп атаған қауіпті жағдайға апарып соғуы мүмкін.Оның мәнісі - көмірқышқыл газы күн сәулесін әйнек тәрізді өткізіп отырғанымен, жер бетінен бөлінетін жылудв өткізбейді, соның салдарынан климат жылынады.

ХХғ. 80-жылдарынан бастап жер шарындағы «климаттың ғаламдық жылынуы»туралы жиі айтылуда.Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшарында 2020 жылға қарай ауа температурасы қазіргімен салыстырғанда 2,50С-қа, ал2050 жылға қарай 40С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұздықтар көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлщерінің, желдер мен мұхит ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді.Нәтижесінде дүниежүзілік мұхиттың деңгейі көтеріліп, кейбір аралдар мен жағалауларды су басып қалуы мүмкін.Кейбір ғаымдар керісінше ауа температурасының жоғарылауынан оң нәтижелер күтеді:жоғары ендіктер есебінен ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ұлғаяды, Солтүстік теңіз жолын жыл бойы пайдалануға болады, жағалау сулары ірі кемелерді қабылдау мүмкіндігіне ие болады.Бірақ климаттың ғаламдық жылынуы Жер тіршілігіне қалай әсер ететіндігі айқын емес.

2.Озон қабатының жұқаруы проблемасы.Озон қабатының Жер ғаламшарын ғарыштан келетін ультракүлгін сәулелерден қорғайды. 1984жылы британдық ғалымдар Халли-Бей станциясына соңғы 10жыл ішінде атмлсфера құрамындағы озонның 400/0 –ға азайғанын анықтады.Бірнеше рет зерттеу сынақтарын жүргізген соң, 1985 жылы озон қабатының жұқаруы туралы әйгілі мақала жарық көрді. Ал америкалық ғалымдар 1978 жылдан бері жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Антарктида үстінде, әсіресе көктемге қарай озон мөлшерінің күрт азаятындығын анықтап, озон қабатының жұқару картасын жасаған.Озон қабаты жұқарған бөлік ауданы жағынан АҚШ жерімен шамалас болып шыққан. Ғалымдар арасында күтпеген тосын жаңалық болған бұл құбылыс атмосфера құрамында хлорфторсутекті қосылыстар – фреондардың көбеюі салдарынан болатындығы дәлелденеді.

Фреондар әсерінен озон қабатының жұқаруы мына жолмен жүреді.Қыс кезінде Антарктида үстіндегі атмосфера қабатында полюс маңы құйыны пайда болады.Ол материк үстіндегі ауа қабатын өзімен бірге қозғалысқа келтіріп, жоғары тартып әкетеді. Осы ауамен бірге көтерілген фреон ғарыштық сәулелер әсерінен ыдырап, оның құрамынан хлор бөлініп шығады. Хлор озон молекуласымен әрекеттесіп, пайда болған қосылыс төмен температура (-900С) әсерінен қатады.Көктемге қарай Күн сәулесі әсерінен бұл қосылыстар қайта ыдырап , енді озон мен хлор орнына оттек пен хлор түзіледі.Босап шыққан хлор қайтадан озон молекуласымен қосылып, озонды қайтадан оттекке айналдырады.Хлордың озон молекуласын ыдырату әрекеті тоқтаусыз жалғаса береді.Мысалы, 1 хлор атомы 10000 озон молекуласын ыдыратады.Сөйтіп көктемнің бірнеше аптасы ішінде Антарктида атмоферасының құрамындағы озон мөлшері 970/0-ға дейін азаяды. Жазда полюс маңындағы құйын әрекеті бәсеңдеп, озоны азйған ауа Жер шарының басқа аймақтарына ауысады. Антарктида үстіне басқа аймақтарын келген құрамында озон мөлшері жеткілікті ауа есебінен озон қабаты келесі көктемгі дейін қалпына келгендей болады.Қорыта айтқанда, Антартида үстінде фреондар әрекетінен жер шарының озон қабатының жұқаруы жылма-жыл қайталануда.Сонымен қатар озон қабатының жұқаруы Арктика үстінде де байқалуда, бұл құбылыс қоңыржай белдеудің кейбір бөліктерінде де тіркелген. Соңғы кезде ғалымдар озон қабатының жұқаруына дыбыстан жылдам ұшатын реактивті ұщақтар мен ғарыштық зымырандарды жиі ұшырудың да әсері болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Ауадағы ультракүлгін сәулелердің көбеюі адамдарда көз аурулары мен тері обырының жаппай белең алуына себепші болады. Сонымен қатар ДНҚ молекулаларын бұзу арқылы қайтымсыз өзгерістерге алып келуде. Озон қабатының жұқаруы Жер шарындағы тіршілік дүниесіне, адамзат өркениетіне зор қауіп төндіруде. Осы себепті бұл апатты құбылыс адамзаттың ғаламдық проблемасына айналып отыр. Озон қабатының жұқаруын мейлінше тежеу мақсатында 1985 ж.

Вена конвенциясы, 1989 ж. Монреаль хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды шектеуге қол қойылды.Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығы бұл шарттарды орындауға басты назар аударуда.

3.Ормандар аумағының қысқаруы. Қазіргі кезде дүние жүзінде ормандар құрлықтың 300/0-ын, яғни жалпы ауданы 4млрд га аумақты алып жатыр. Соңғы 200 жыл ішінде ормандардың ауданы 2 есеге жуық қысқарған.Жыл сайын жер бетінен жойылатын ормандардың шамамен 10 млн гектарын тропиктік ормандар құрайды.

Олардың тек 100/0-ы ғана қалпына келтіріледі.Орман алқаптарының жойылуына әсіресе апатты өрттер, қышқыл жаңбырлар, ағаштарды есепсіз себепші болуда. Дамушы елдерде орман алқаптары жайылымдар мен егістік жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында кесіліп, бағалы ағаш сүректері жоғары дамыған елдерге сатылады.Дамушы елдердің көпшілігінде кесілген ағаштар отын ретінде пайдаланылады. Ормандар ауа мен топырақ қабатының ластануынан да зардап шегуде.Мұның барлығы орман алқаптарының күрт азюына, түр құрамының жұтаңдануына себепші болды.

Атмосфераны ұдайы оттекпен байытып отыратын ормандардың жойылуы топырақтың құнарлы қабатының тез шайылуына, су режимінің өзгеруіне кері әсерін тигізеді.

Жер шарының көптеген аудандарында жүріп жатқан тақырлану үрдісі көбіне адам әрекетінен болатыны белгілі. Кезінде құнарлы болған жерлердің жұтаңданып, тозуынан жарамысз жерлер пайда болады. Шөлейттену көлемінің ұлғаюына табиғи және антропогендік факторлардың қатар ықпал етуі себепші болады. Антропогендік факторлар қатарына жайылымдық мал шаруашылығы әсерінен онсыз да сирек өсімдік жамылғысының жұтаңданып, топырақтың құнарсыздануы; жерді есепсіз жырту, ормандар мен бұталардың оталып, өртелуі; жолдар мен құрылыс салу нәтижесінде топырақ жамылғысының құрамының өзгеруі жатады. Жарамсыз жерлерге әсер етуші табиғи факторлар ретінде жел эрозиясы мен топырақтың беткі қабатын құнарсыздандыратын құйындар мен аптапты аңызақтарды атауға болады.Дүние жүзінде жарамсыз жерге ұшыраған аумақтар ауданы жыл сайын ұлғайып келеді.

Соңғы деректерге қарағанда, ХХ ғ. 2-жартысындағы адамның шаруашылық әрекеті әсерінен мұндай жерлердің ауданы 9 млн км2-ге артты. Ал 30 млн км2 аумақ жұтаңдануға таяу қалып тұр. Шөлейттену қүбылысы дүние жүзінің 100 аса елін қамтуда, ол әсіресе дамушы елдерді тұралатуда.Халық саны жедел өсіп келе жатқан бұл елдерде жылына 6-7 млн га құнарлы жердің жармсыздануы тұрғын халықты азық-түлікпен қатамасыз етуді қиындатады.Мысалы, Үндістандағы халық тығыз қоныстанған құрғақ аудандардың бірі – Тар шөлі. Үндістан жерінің 800/0 жуық ауық-ауық қуаңшылыққа ұшырауда. Сонымен қатар Африканың Сахель зонасында да шөлейттенудің түрлері байқалуда.Бұл аймақта ХХ ғасырдың 60-жылдарында басталып, ұзаққа созылған қуаңшылық 1973 ж. шырқау шегіне жетті. Соның нәтижесінде мал басы жаппай қырылып , Африканың көптеген елдерін аштық жайлады. Қуаңшылық жылдарында аймақтағы ірі өзендер қатарына жататын Нигер мен Сенегел өзендерінің де ағысы уақытша тоқтап, құдықтар мүлде кеуіп қалды.1980жылдары қуаңшылық пен шөлейттену Африканы түгелгдей қамтыды. Нәтижесінде 1985 ж. 1млн-нан аса адам қазаға ұшырап, 10млн адам экологиялық юосқындарға айналды.Материктің жекелеген бөліктерінде шөлейттенген жерлер 10 км-ге дейін ілгері жылжуда.Мұндағы апатты қуаңшылық халықаралық қауымдастықтың назарын аударуда. БҰҰ мен халықаралық ғылыми және қайырымдылық ұйымдары тарапынан апаттың алдын алу шаралары жүргізіп, жергілікті халыққа жан-жақты көмек көрсетілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет