Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:
-
Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.
-
Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.
-
Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.
-
Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.
Еңбек ақының құрылымы
Негізгі еңбек ақы Қосымша еңбек ақы
Тарифтік қор
Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер
Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдер
Қосымша төлемдер, тарифтік қорға
Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді (түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін).
Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер ( 1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т.с.с.).
Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер – бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін.
Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі
Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.
- бәсекелестің тауарлық өнімі.
Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:
Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.
Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:
Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.
Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:
Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.
Еңбек ақы формалары және жүйелері.
Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:
- кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.
Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:
-
Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.
-
Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.
-
Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.
-
Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.
-
Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.
- мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:
-
Қарапайым мерзімді;
-
Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.
Тақырып 10 Топографиялы-геодезиялық өндірісті ұйымдастыру
Дәріс жоспары:
1. Өндірістік процесс оның негізгі көрсеткіштері
2. Өндіріс түрлері
3. Камеральды өндіріс цехтарындағы процесті ұйымдастыру
4. Далалық бөлімшелердің камеральды цехтармен байланысын ұйымдастыру
Семинар
Семинар сұрақтары:
1 Өндірістік процесті және операцияны сипаттайтын көрсеткіштерді қалай табады?
2 Өндірістің қандай түрлерін сіз білесіз?
3 Операциялар бойынша эксплуатациялық шығындарды есептеу, оңтайлы қозғалыс түрін таңдау?
Әдебиет
1. Дәрістер
2. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988..
Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма
Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды.
Басқарушы процесс соңғы нәтижелерді бақылауды көздейді, өйткені бұл басқарудың ақырғы фазасы. Бұл өндірістік функция іс жүзіндегі шамаларды анықтап, оларды жобаланған шамалармен салыстырып, өткізу нәтижесі жөнінде шешім қабылдауға бағытталған.
Егер ауытқу анықталса, оның себебін табу қажет.
Бақылау – бұл іс жүзіндегі мәліметтердің жобаланған шамалардан ауытқуларын анықтау, бағалау және ақпарат алу немесе олардың бір-біріне сәйкес келуін және талдау нәтижелерін анықтау процесі.
Бұл құрамдас бөліктер өзара байланыста және біртұтас болады. Жоспарлау жобаланған шамалар жөнінде ақпарат береді. Есебке алу іс жүзіндегі шамаларды анықтайды. Бақылау арқылы жаңа жоспарлар мен есебке алу жұмыстары жүргізіледі. Осының бәрі қызмет ету мақсаттарымен байланысты болады.
Осы функцияларды іске асырудың кешенін контроллинг жүйесі деп аталады.
Контроллинг – бұл, ең алдымен, басқарушылық тұжырымдама, ол кәсіпорынның барлық қызмет өрістерін қамтиды: қаржы мен есебке алу, менеджмент және маркетинг, оперативті және стратегиялық мақсаттарға жету үшін әртүрлі бөлімдердің қызметін интеграциялайды және басқарып, ұйымдастырады.
Бұл компанияның қойған міндеттерді сыртқы және ішкі орта өзгерістерініі қарқынды динамикасы жағдайларында орындауға қабілеті.
Контроллинг қазіргі күнде бақылаумен шатастыруға болмайды, сонымен қатар оны басқарушылық есеппен (30-50-шы жылдары болғандай), кәсіпорынға ақпараттық қамтамасыз ету жүйесімен (70-80-шыжылдары) сәйкестендіруге болмайды. Қазіргі кезде контроллингті жалпы кәсіпорынға қолданылатын «басқару жүйесі» түсінігімен байланысьырады.
Жалпы алғанда контроллинг жоспарлауды және бақылауды, жетекшілікті және ақпаратты қамтитын басқарудың интеграцияланған жүйесін атайды.
Контроллинг қызметтері
Инвестицияларды жоспарлау
Қаржы жоспары
бюджеттеу
пайданы жоспарлау
|
Есептер, көрсеткіштер,
индикаторлар
|
Бақылаудың ішкі жүйесі, ішкі ревизия
|
Шешімді қабылдау, жауапкершілік
|
сур. 1. Контроллинг қызметтері
Контроллинг кәсіпорын экономикасы жайлы ешқандай жаңа білім бермейді, ол экономистерге бақа пәндерден белгілі болатын құрадарды қолданады. Сондықтан да контроллинг туралы айтқанда, белгілі бір білім жүйесі жөнінде емес, кәсіпорынды басқару философиясы немесе идеологиясы туралы айту қажет. Бұл ғылым сандық талдауға негізделген және көп дәрежеде құндық көрсеткіштер жүйесіне және жоспарлы-бақылау есептеулеріне бағытталған.
Контроллинг тұжырымдамасы.
Контроллинг тұжырымдамасы бір қатар базалық ережелерге негізделеді.
1) кәсіпорынды қандай да бір мақсаты бар «күрделі ашық әлеуметтік-техникалық жүйе» ретінде қарастыру. Негізгі мақсат ретінде ұйымның ұзақ мерзімді қызметін қамтамасыз ету және фирма иелерінің тұрмыстық жағдайларын көтеру. Стратегиялық басқаруда бұл мақсат капитал бағасы сияқты көрсеткішке айналады (shareholder value)..
2) контроллинг шектерінде басқару қалауды құру және оны іске асыру процесі ретінде қарастырылады. Бұл процесс белгілі бір фазалар арқылы іске асырылады – мәселені қою, баламаларды іздеу, оларды бағалау, шешімді қабылдау, іске асыру және бақылау. Қарапайым түрде оны фирма қызметін жоспарлау және бақылаудың өзара байланысқан жүйесі ретінде зерттеуге болады. Контроллинг көмегімен интеграция және координация қамтамасыз етіледі. Яғни контроллердің бірден бір жұмысы – жоспарлау болады. Менеджер қызметі жоспарланған көрсеткіштер кешеніне бағдарланған. Жоспарлау барысында мақсаттардың үйлесімділігі өседі және қате шешім қабылдау тәуекелі төмендейді. Сондай-ақғ жоспар икемді де болу керек. Контроллинг сондай-ақ, бақылау жүйесімен де тығыз байланысқан. Мұнда ұйымның жоспарларына бақылау жүргізу көзделеді. Контроллинг «басқару контурында кері байланысты қамтамасыз ететін кәсіпорындағы өзін өзі реттеу механизмі» ретінде болады. Ол басқаруды жаңа деңгейге көтереді. Осыдан үшінші ереже туындайды.
3) контроллинг интеграциялайтын және координация жасайтын жүйе ретінде болады, яғни барлық функциональды салалардың, бөлімдердің жоспарлары біріктіріледі және басқарылады.
Контроллингтің құндылығы әсіресе шаруашылық жүйенің күрделілігіне қарай өседі. Іс жүзінде контроллер барлық функциональды бөлімшелердің қызметін компанияның жалпы міндеттері көзқарасынан тексереді және онда «соңғы шешім қабылдау» құқығы болады (жоспарларды бекіткенде немесе есептеулерде келіспеушілік пайда болса).
4) контроллинг басқару процесіне демеу жасау функциясын орындайды. Контроллер жоспарлаумен, есебке алумен, бақылаумен айналыса алса да, оның ең маңызды қызметі ретінде осы жоспарлау мен бақылау жүйелерінің "архитектурасын" жетілдіру, есептеулер жүргізу әдістерін құрастыру, басқару процесіне қажет ақпаратты анықтау болады. Контроллинг бөлімі жоспарлау объектісін анықтамай, қалай және қашан жоспарлау қажет туралы кеңес береді.
Контроллингтің басты мақсаты – басқарушылық процесті ұйым алдындағы тұрған мақсаттарға бағдарлау.
сур. 1. Контрллинг тұжырымдамасы.
Суретте графикалық түрде контроллинг тұжырымдамасы пирамида түрінде көрсетілгег, оның ұшы кәсіпорын мақсаттары болса, қырларын басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылған талаптарды анықтайтын әртүрлі факторлар құрайды. Бұл факторларды жалпы және арнайы етіп бөлуге болады. Пирмаиданың негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне қажет ақпараттық база болады, мұнда өндірістік және қаржылық есептің көрсеткіштері көрсетіледі және ұйымның сыртқы және ішкі ортаның сапалық сипаттамалары жазылады. Пирамиданың биіктігі жоспарлар мен есептер жүйесіндегі иерархичлық деңгейлердің санына тәуелді болады. Жоспарлар мен есепте жүйесі контроллингтің зерттеу затын құрайды, пирамиданың ішкі облысын сипаттайды.
Жоспарлы және есепті құжаттар ақпаратты өңдеу процестерінің материалдық «нәтижелері» болып табылады.
Контроллинг құрылымы және мазмұны
Мақсаттарды белгілеу – кәсіпорынның сандық және сапалық белгілерін анықтау.
Жоспарлау – кәсіпорын мақсаттарын жоспарларға айналдыру. Жоспарлаудың бірінші қадамы SWOT- талдау.
Басқарушылық есеп – жоспарды орындау барысында қаржылық-шаруашылық қызметтің сипатталуы. Басқарушылық есеп жетекшілердің ақпараттық қажеттіліктеріне бағдарланған (сыртқы тұтынушыларға емес – бух.есеп сияқты).
Ақпараттық ағындарды ұйымдастыру – ақпаратты жинау, басқаруға ақпараттық демеу жасау.
Мониторинг – ағымдағы уақытта кәсіпорында өтетін барлық процестерді бақылау.
Бақылау – болған фактілерді тіркеу және бағалау
Контроллинг құралдары
GAP- талдау – жағдайдың іс жүзіндегі дамуы жоспарланғаннан ауытқуын талдау.
Қоржынды талдау – кәсіпорын қаржысына басқару жүргізу (тәуекел мен табыстылықты оңтайлы үйлестіріп).
Маржинальды пайданы есептеу – маркетинг, баға жасау және қаржы өрістерінде шаралардың тиімділігін анықтау үшін қажет.
Салыстырмалы талдау – шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ететін факторларды және себептерді талдау.
Тақырып 11 Геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарға техникалық сметаларды және шығындар сметаларын құрастыру
Дәріс жоспары:
1. Техникалық жобаларды және сметаларды құрастыру бойынша жалпы ережелер
2. Техникалық жобалардың мазмұны
3. Сметаларды құрастыру
Семинар
Семинар сұрақтары:
1. Техникалық жоба
2. Кіріспе,
3. Объектінің физикалы-географиялық сипаттамасы;
4. Объектінің топографиялы-геодезиялық зерттелуі
5. Жұмыстарды жобалау, қауіпсіздік техникасы, сметалық есептеулері, қосымшалары
Әдебиет
1. Дәрістер
2. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988..
Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма
Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды.
Дәріс.
Өнеркәсіпте өнімді өңдіру жоспарын құрастырғанда өндіріс көлемі натуралдық бірліктермен есептелінеді. Сонымен қатар, еңбек көрсеткіштері (норма – сағат, станко-сағат, адам-сағат) және ақшалай (құнды) көрсеткіштер қолданылады. Егер топографиялы – геодезиялық кәсіпорын жоспарға, мысалы 1000 триангуляциялық пункт жасау деген тапсырма енгізілсе, онда осы мәліметтер бойынша еңбек шығындарын да, материалдық шығындарды да, тіпті ақшалай шығындарды да анықтауға мүмкіндік болмайды, өйткені мәлімет жеткіліксіз, бізге сондай-ақ, осы пунктердің биіктігін, бір-бірінен ара-қашықтығын, елдің қандай физикалы-географиялық аудандарында салынатындығын, қайда және қандай материалдар қолданылатынын білу қажет.
Егер берілген пунктерді салу үшін кәсіпорынға саны N-ге тең адам-күн жұмсау қажет екені белгілі болса да, оған қарап жұмысшылардың санын анықтау мүмкін емес, өйткені ол үшін дадалық маусымның ұзақтығын да білу керек және т.с.с..
Кәсіпорын осы не басқа объектіде қажет дайын өнімді алу үшін орындайтын жұмыстар көлемін дәл анықтау үшін, оған керек болатын материалдардың санын, көлемін, түрін анықтау үшін техникалық жобаны және шығындар сметасын құрастыру керек. Жұмыстар объектісі ретінде жоспарға немесе тапсырмаға сәйкес топографиялы-геодезиялық жұмыстар жүргізілетін белгілі бір ауданның немесе белгілі бір қашықтыққа созылған трассаның территориясы қарастырылады.
Жобалық-сметалық әдіс орындалатын барлық геодезиялық және топографиялық жұмыстарға қолданылады. Ең алдымен, техникалық жоба құрастырылады және жұмыстарды орындауға сметалар құрылады. Жобаны және сметаны құрастыруға негіз ретінде жобалық тапсырма болады, оның ішінде болашақ жұмыстардың мақсаты анықталады, объектінің шекаралары көрсетіледі, басты жоспарлы-биіктіктер жүйесінің қалыңдығы көрсетіледі. Түсіру масштабы, рельеф кесіндісінің биіктігі, негізгі техникалық талаптар анықталады. Жұмыстардың басталу және аяқталу мерзімдері көрсетіледі. Кейбір жағдайларда техникалық жобаны және сметаны құрастырудың негізі ретінде кәсіпорының тапсырыс берушімен жасасқан келісім шарт болады.
Техникалық жобаларды және сметаларды құрастырғанда кәсіпорын геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған қазіргі нұсқауларға және ұсыныстарға, сметалық ірілендірілген еңбек бағаларына, ірілендірілген уақыт нормалары бар анықтамалықтарға және басқа да нормативтік құжаттарға сүйенеді.
Геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық жобаларда объект шекарасының әкімшілік және географиялық орны белгіленеді, берілген объектіде бұрын орындалған жұмыстардың барлығы және оларды қолдану мүмкіндігі анықталады және шекаралас учаскелердегі жұмыстармен байланыстылықты анықтайды, жұмыстардың ауырлығын сипаттайтын көрсеткіштерді, өнім өңдіру нормаларын, өнімге арналған техникалық талаптарды, дәлдікті, масштабты, рельеф кесіндісін және т.б. белгілейді.
Барлық процестер бойынша жұмыс көлемдері натуралдық, еңбек және ақшалай көрсеткіштермен анықталады. Одан кейін жылдар бойынша жұмыстар графигі құрастырылады және барлық жұмыстарды орындаудың оңтайлы технологиялық циклы есептелінеді, өндірісті, еңбекті ұйымдастырудың негізгі сұрақтары құрастырылады, қауіпсіздік техникасы есебке алынады.
Жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық жобаларда қазіргі заманға сай ғылыми-техникалық жетістіктерді, алдыңғы қатарлы технологияларды, жетілді құрал-саймандарды, аспаптарды, есептегіш техниканы, тиімді еңбекті ұйымдастыру әдістерін, жұмыстардың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану көзделеді.
Әр техникалық жобаға шартты шифр қойылады, ол бірнеше цифрдан тұрады, олар кәсіпорынның нөмерін және жұмыстар түрін айқындайды. Техникалық жоба, көбінесе келесі бөлімдерден тұрады:
Кіріспе
Объектінің физикалы-географиялық сипаттамасы
Объектінің топографиялы – геодезиялық және картографиялық зерттелуі
Жұмыстарды жобалау
Жұмыстарды ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы
Сметалық есептеулер
Қосымшалар
Кіріспеде келесі көрсетіледі:
Директивті органдардың шешімдері, болашаққа арналған жоспарлар, тапсырмалар және берілген объектіде топографиялы-геодезиялық пен картографиялық жұмыстарды жүргізуге негіз болған басқа да құжаттар; келісімді жұмыстар бойынша тапсырыстың қысқаша мазмұны мен тапсырыс берушінің техникалық талаптары көрсетіледі, сондай-ақ, жұмыстарды жүргізудің жергілікті мемлекеттік геодезиялық бақылау инспекциясымен келісілуін айқындайтын мәліметтер жазылады;
Жұмыстар объектісінің әкімшілік-территориальды орналасуы, оған жалпы картосхема қосылады. Бұл картосхемада жобаланатын объектінің географиялық орналасуы көрсетіледі және оның басқа бұрын жасалынған немесе жасалынып жатқан шекаралас объектілермен байланысы анықталады, картосхема масштабы объектінің ауданына және өлшеміне қарай таңдалады;
Топогрфиялы-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың түрлері және олардың натуралдық өлшемдегі көлемдері көрсетіледі.
Объектінің физикалы-географиялық сипаттамасы
Жобаның бұл бөлігінде қысқа түрде объектінің орналасу ауданының физикалы-географиялық сипаттамасы беріледі. Ол топографиялы-геодезиялық жұмыстар жүргізу әдістерін және оларды дәлелді ұйымдастыру үшін, еңбек шығындарының нормативтерін және нормаларын құрастыру үшін, транспортты таңдау үшін керек. Бұл бөлімде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету және басқа да ұйымдастырушылық-техникалық сұрақтардың шешімдері қарастырылады..
Қажет жағдайларда, мысалы аз зерттелген аймақтарға техникалық жобаларды құрастырғанда келесі негізгі мәліметтерді жинау қажет: климат, рельеф, гидрография, жер құрылымы, өсімдік беті, аудандағы фауна туралы. Сондай-ақ, ауданның экономикалық сипаттамалары, транспорт жолдары, байланыс және т.с.с.
Тақырып 12 Менеджменттің мәні, мақсаттары мен міндеттері
Дәріс жоспары:
1. Басқару функциясы – ұйымдастыру
2. Басқару функциясы – уәждеу
3. Басқару функциясы – жоспарлау
Семинар
Семинар сұрақтары:
1. Менеджменттің негізгі функцияларын атаңыз
2. Ұйымдастырушылық құрылым түрлері, сипаттау
3. Персоналды еңбекке уәждеу әдістері
Әдебиет
1. Дәрістер
2. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. М., 1996.
3 Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент М., 2000.
4 Мескон М.и др. Основы менеджмента. М., 2002 ж.
Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма
Студенттер берілген тақырыпқа арналған реферат пен эссе орындайды. Тақырыптары оқу-әдістемелік картада көрсетілген.
1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын жобалау
Кәсіпорынның стратегиясын іске асыру үшін, ең алдымен, кәсіпорынның барлық элементтерінің жұмысын нәтижелі үйлестіру мәселесін шешу қажет.
Ұйымдастыру түсінігін екі жақты қарастыруға болады: құрылымдық және процестік тұрғыдан. Құрылымдық тұрғыдан қарастырғанда ұйымдастыру түсінігін өндірістік міндеттемелерді, өкілеттікті, жауапкершілікті тарату, бөлу жұмысы ретінде қолданамыз. Процестік тұрғыдан зерттеу объектісі ретінде адамның өзі болады. Ұйымның құрылымы қалай жасалынса да, соңғы нәтиже адамның іс-қимылына, жасайтын процесіне, олардың қабілеттеріне тәуелді болады.
Ұйымдастыру менеджменттің құрамдас бөлігі ретінде құрылымды құрастыру сұрақтарын шешумен айналысады және келесі жағдайларды ескереді:
- жауапкершілікті,
- кәсіпорын қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастар жүйесін.
Ұйымдық әрекеттесу – құрылым шектерінде менеджменттің жеке позициялары арасындағы формальды қарым-қатынастар.
Ұйым адамдардан тұрады, олардың біріңғай мақсаты болады, олар бір топта жұмыс істеп, біртұтас организм түрінде қызмет етеді.
Ұйымдастырушылық құрылым – бұл оның шектерінде адамдар өзінің мақсаттарына әсіресе тиімді жетуге мүмкіндік алатын, арнайы құрастырылған біртұтас жүйе.
Кез келген ұйымды құрудың үш негізгі кезеңі бар:
- орындалатын жұмыстың сипатын анықтау (міндеттерді анықтау, қажет жұмыстар көлемін табу, жалпы процесті құрастыру және оны тексеру),
- менеджменттің жеке позициялары арасында жұмысты бөлу (нормалар мен стандарттарды құрастыру, техникалық тәсілдерді құрастыру, адамдар арасындағы ынтамақтастықты толық етіп жасау),
- менеджмент позицияларын жіктеу және басқарудың логикалық топтарын құрастыру (топтар орындалатын жұмыс түріне қарай құрылу керек – бағдарлану қағидасы).
Бөлімдер бойынша міндеттерді бөлу әдістері:
- өлшемі бірдей топтарға бөлу ережесі,
- функциональды белгіні есебке алу,
- территориальды белгіні есебке алу,
- шығарылатын өнім түріне қарай,
- тұтынушының мүддесіне қарай.
Басқару құрылымын құрастырғанда келесі сұрақтар есебке алынады:
- стратификация, яғни басқару деңгейлерінің саны,
- формализация, яғни бюрократия деңгейі,
- орталықтандыру, яғни басқару иерархиясының деңгейі,
- ұйымдастырушылық құрылымның күрделілігі
Ұйым мүшелерінің қарым-қатынастары. Негізгі түрлері:
- жүйелі қарым-қатынастар,
- функциональды қарым-қатынастар,
- басқарушы аппарат қатынастары,
- латеральды қарым-қатынастар (коллегиальды (бір бөлім ішінде) және параллельды (әртүрлі бөлімдер арасында)).
Жақсы ұйымды жасау ережелері:
- басқару бірлігі,
- өкілеттілікті берудің скалярлы әдісі - өкілеттіліктің бір бөлігін басқаға беру құқығы,
- бағыну біріңғайлығы,
- сәйкес болу ережесі;
- басқару масштабтары,
-коммуникациялар, байланыс жүйелері,
- бағдарлану ережесі,
- таңдаушылық ережесі,
- жұмыстың дифференциациясы,
- барлық ұйым деңгейлеріне кіру мүмкіндігі.
Орталықтандырылған басқарудың артықшылықтары: бақылау деңгейі өте жақсы, барлық операцияларды бір стандартқа келтіру мүмкіндігі, шараларды, іс-әрекеттерді қайталанбайтындай етіп жасау мүмкіндігі, қорларды тиімді қолдану мүмкіндігі.
Кемшіліктері: бюрократизмнің өсуі, құжаттардың көбеюі, уақыттың тарлығы, шешімді қабылдауда болатын тоқтап қалулар, өндірістегі нақты жағдайды толық білмейтін адам шешім қабылдайды.
Менеджменттің қазіргі заманғы теориясында ұйымды басқарудың екі түрі қарастырылады: бюрократиялық және органикалық. Олардың негіздері әртүрлі және ерекше белгілері бар.
Тарихи тұрғыдан ең бірінші болып бюрократиялық басқару түрі пайда болды. Осыған сәйкес тұжырымдаманы XX ғасырдың басында неміс социологы Макс Вебер ұсынды. Ол рациональды бюрократияның нормативтік моделін ұсынды, ол бұрын қолданылған байланыс, есеп беру, еңбекті төлеу, жұмыс құрылымы, қарым-қатынастар жүйесін түбегейлі түрде өзгертті. Бұл модельдің негізінде кәсіпорынды «ұйымдастырылған ұйымдар» ретінде қарастыру жүйесі болды. Берілген модельдің ең маңызды белгілері:
1) еңбектің нақты бөлінісі;
2) басқарудың иерархиялылығы;
3) формальды ережелер мен нормалардың болуы;
4) формальды бейтараптылық жағдай, яғни міндетті кім орындап жатқанға тәуелсіз;
5) берілген лауазымға қойылған талаптарға қарай жұмысшыларды жалдау.
Бюрократиялық басқарудың негізгі түсініктері - тиімділік, жауапкершілік және иерархиялылық. Бұл құрылымдар адамдар еңбегін тиімді шоғырландыруға толық мүмкіндік жасайды. Алайда бұл басқару түрінің кемшіліктері де аз емес. Ең алдымен, бұл басқару түрі адамдар потенциалын толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, стратегия және тактика сұрақтары тек жоғарғы деңгейде шешілетіндіктен жалпы басқарушылық интеллект төмендейді.
Тағы бір кемшілік ретінде бұл басқару түрі бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған өзгерістерге толық басқару жүргізудің мүмкін еместігін айтуға болады.
Екінші басқару түрі органикалық басқару құрылымдарының тарихы ұзақ болған жоқ. Ол бюрократиялық ұйымдарға антипод ретінде пайда болды. Бұл басқару түрі бойынша ұйым сағат механизмі секілді дәл жұмыс істейтін жүйе ретінде емес, іс жүзіндегі жағдайларға және объективті талаптарға үздіксіз бейімделетін ұйым моделіне бағытталды. Бұл ұйымдарда шығармашылық, тез арада жаңа шешім қабылдау, жаңалықтарды тез арада енгізу жұмыстары дамытылады.
Бюрократиялық жүйеге қарағандағы негізгі айырмашылықтары: жоғары икемділік, ережелер мен нормаларға тәуелділік әлдеқайда кем, база ретінде топтық (бригадалық) еңбекті ұйымдастыру. Органикалық басқарудың негізгі белгілері.
- шешімдер талқылау негізінде қабылданады.
- мәселені қарастырғанда сенімге, түсіндіруге, біріңғай мақсатқа жұмыс істеу жағдайлары қолданылады.
- басты интеграциялайтын факторлар –ұйымның миссиясы және даму стратегиясы.
- жұмысқа шығармашылық көзқарас пен кооперацияны енгізу.
- жұмыс ережелері норма түрінде емес қағидалар түрінде қойылады
- жұмысты мәселенің сипатына қарай бөлу.
- жаңалықтарды енгізуге тұрақты дайындық жасау.
Бюрократиялық басқару құрылымдарының түрлері:
1. жүйелі-функциональды (ең кең таралған).
2. жүйелі-штабты.
3. дивизиональды
Органикалық басқару құрылымдарының түрлері
1. Жобалық құрылымдар (жобаны құрастырғанда пайда болады)
2. Матрицалық құрылым – ұялы ұйым ретінде қарастырылады. Екі жақты бағынуға негізделген
3. бринадалық құрылым
1) Жүйелі ұйымдар
Жүйелі ұйымдарда салыстырмалы дербестік болады. Мысалы, әскердегі солдат, мектептегі оқушы, бригадағы жұмысшы. Бұл өте қарапайым, біріңғай байланыстары (тек тігінен) бар жүйе. Бұл жүйе шағын бизнесте, төменгі деңгейдегі бөлімдерде кең таралған.
2) Функционалды ұйымдар
Жұмыстың мамандануы дамыған сайын функциональды жүйелер пайда бола бастады. Өндірісте бұл жүйелер өнеркәсіптік төңкеріс болғаннан кейін ене бастады. Қазіргі кезде бұл жүйені қолданатын кәсіпорын мен зауыттар өте көп. Функциональды жүйелерде, бөлімдер қандай да бір қор түрі бойынша маманданады, мысалы, жоспарлау бөлімі – уақыт қорын басқарады, қаржы бөлімі – ақшаны, кадр бөлімі – адамдарды және т.с.с.
Функциональды жүйелердің түрлеріне жұмыстарды процеске қарай бөлу, өндіріс түріне қарай бөлу, технологияға қарай бөлу жүйелері кіреді
3) Дивизиональды ұйым.
Бұл жүйеде жұмыстар нәтижеге қарай топтастырылды. Мұнда өнімге қарай, тұтынушыға қарай және нарыққа қарай бөлініс болуы мүмкін. Жалпы алғанда бұл жүйе функциональды жүйеге ұқсас, бірақ мұнда бөліну жұмыстары қорларға қарай емес, нәтижені өсіруге бағытталды. Өнімге қарай бөлінетін ұйымдар, ассортименті өте көп болатын кәсіпорындарға тән. Тұтынушыға қарай бөлініс өнімнің соңғы тұтынушыларының төңірегінде құрылды. Ал нарықтық бөлініс территорияға, салаға байланысты пайда бола бастады.
Ғылыми қызмет түрлерінде бұл ұйымдар жобалық немесе бағдарламалық жүйелер деп аталды.
4) Матрицалық ұйым
Егер сыртқы ортаға бейімделу мәселесі жеке бағыттар шектерінде толық шешілмесе, бл жағдайда жұмыстарды қор мен нәтиже төңірегінде бірден шоғырландыру қажеттігі пайда болады, яғни мұнда екі бағыт та қолданылады. Матрицалық жүйелер функциональды және двизиональды құрылымдардың артықшылықтарын өсіріп, кемшіліктерін азайтуға бағытталған. Бірақ, оны іске асыру өте күрделі. Кейбір жағдайларда олар өте тиімді болуы мүмкін. Әр матрица ұйымда үш түрлі рөлді бөліп алады:
-
Функциональды және дивизиональды жетекшілер;
-
Функциональды және дивизиональды жетекшілерге бағынатын жеке ұяның басшысы.
Қазіргі кезде адамзат ақпараттық қоғам кезеңіне енді. Осыған байланысты соңғы кездері әдебиетте «ақпараттық» ортада тиімді жұмыс істейтін ұйымдардың жаңа түрлері қарастырыла бастады. Оларға келісілер жатады
1) Эдхократиялық ұйым.
Жоғарғы технологиялар және тез дамитын салаларда болашақ ұйымдардың белгілері бар ұйымдар пайда болды. оларды эдхократиялық деп атады (ағылш adhocracy). Олар стандартты емес және күрделі жұмыстарға бейім болады, құрылымдары тез өзгеретін және анықталуы күрделі түрлерге жатады, билік білімге және тәжірибеге негізделеді.
Эдхократия – бұл басқарушылық стиль және ұйымдастырушылық дизайн. Негізгі түсінік –бұл біліктілік, ол бұл ұйымдарда әсіресе жоғары бағаланады. Бақылау мақсаттарды белгілеу негізінде жасалынады. Мақсаттарға жету құралдарын орындаушылар өздері таңдайды. Әркім өз жұмысына ғана жауап береді, ең көп ақыны, сәттілікке жеткен адам ғана алады. Бұл жүйеде адам сырттан үлкен қысымға ұшырайды. Тәуекел де сый ақы секілді барлық мүшелер арасында бөлінеді.
Бюрократия деңгейі өте төмен. Менеджерді кейже жұмысшыдан ажырату қиын болады.
Бұл жүйенің пайда болуын американ компьютерлі фирмасы "Хьюлетт-Паккардпен" байланыстырады, ол оны 40-шы жылдардан енгізе бастады.
Бұл жүйелерде жұмыскерлердің қимылдарында едәуір бостандық болады, ең бастысы жұмысты сапалы түрде орындау болады. Негізгі белгілері:
• жоғары немесе күрделі салаларда жұмыс істеу (шығармашылықты, инновативтілікті, бірлескен еңбекті талап ететін салаларда);
• жоғары білікті мамандар, эксперттер жұмыс істейді;
• құрылымы органикалық формада құрылған:
• шешім қабылдау білімге негізделген, қаржылық бақылау жоғарыдан жасалынады;
• сыйақы жұмыскер біліміне, жұмыс үлесіне қарай бөлінеді;
• бюрократия төмен дәрежеде.
Бұл жүйенің құрылымы концентриялық формадағы схемамен елестетіледі.
2) Көпөшемді ұйымдар.
Өткен бөлімде айтылған матрицалық жүйеде екі өдшем болды: қорлар және нәтижелер. Бірақ одан басқа да маңызды өлшемдерді ескеру қажеттігі туындады, мысалы: территория, нарық, тұтынушы, оларға да бағдарлануға болады. Үшінші өлшемді қосқанда көпөлшемді ұйымдар пайда болады. Бірінші боп бұл терминді 1974 жылы У. Гоггин "Доу Корнинг" корпорациясының құрылымын зерттегенде көрсеткен болатын. Көпөлшемді ұйымды келесі түрде көрсетуге болады
Бұл ұйымның негізінде дербес жұмыс тобы болады, ол үш міндет атқарады.
-
өндірістік процесті қорлармен қамтамасыз ету.
-
Нақты тұтынушыға, нарыққа немесе территорияға өнімді шығару;
-
Нақты тұтынушыға қызмет көрсету, нақты нарықты дамыту немесе оған ену, белгілі бір территорияда операциялар жасау.
Бұл топтарды пайда орталықтары деп атайды, кейде олар дербес компанияларға айналады.
Бұл ұйымдарда бюджеттер бөлімшелердің өздері құрастырады, оған жетекшілік тек ақша бөліп отырады.
Бұл құрылымдарды кез келген ұйымның барлық бөлімшелеріне қолдануға болады.
Негізгі артықшылықтары (Р. Акофф бойынша):
-
Қайта құрулар жасаудың қажеттігі туындамайды, өйткені барлық өзгерістерді қорларды қайта бөлу арқылы жасауға болады;
-
Бөлімшелерді жасауға, жоюға, немесе жаңартуға ешқандай шығын шығарудың қажеті жоқ;
-
өкілеттілікті бөлуге қолайлы жағдай туындайды;
-
бұл құрылымға өте нақты тиімділік көрсеткішін қолдануға болады – алынатын пайда.
3) Партисипативті ұйым.
Көпөлшемді құрылымдардың барлық артықшылықтарына қарамастан, барлық ұйым мүшелеріне бірдей қолайлы, олардың еңбегін бірдей ынталандыратын құрылымды жасау өте қиын. Кейбір мамандар бұл мәселені ұйым мүшелеріне оларға қатысты жұмысқа байланысты шешімдерге қатысуға мүмкіндік бергенде шешуге болады деп санайды. Сонымен, жұмыскерлердің басқаруға қатысуына негізделген ұйымдарды партисипативті ұйымдар деп атайды. Негізгі мақсаты кәсіпорынды басқарудың демократиясын өсіру.
Бұл ұйымдар келісіні көздейді:
• жұмысшылар шешім қабылдауға қатысады,
• мақсаттарды белгілеуге қатысады,
• мәселелерді шешуге қатысады.
Қатысудың үш дәрежесі бар:
• ұсыныстар жасау;
• баламалар құрастыру (сапа кружоктары, жұмыс топтары);
• соңғы шешімді таңдау (әртүрлі сипаттағы кеңестерді құру).
Партисипативті ұйымның басқа артықшылықтары бар. Жұмысты дұрыс ұйымдастырса, шешім сапасы өседі, өйткені көп баламалар қарастырылады, сыртқы ортаға жасалған баға толығырақ болады, өнімділік өседі.
Бұл құрылымдарды кез келген ұйымдарда қолдануға болады.
4) Кәсіпкерлік ұйым.
Экономикадағы, қоғамдағы өзгерістер жаңа ұйымдар мен құрылымдардың пайда болуына әкелді – кәсіпкерлік. Бұл ұйымдардың пайда болуы нақты экономикалық құндылықтарды жасау қажеттілігімен байланысты болды. Сонымен қатар, олар барлық жұмыскерлерге тиімді мотивация қолдану қажеттігіне бағытталды.
Кәсіпкерлік құрылымдар саламен, территорияға, мәдениетке тәуелсіз болады. Олар өсуге бағдарланады және басқарылатын қорларға емес, бар мүмкіндіктерге көбірек негізделеді. Бұл мүмкіндіктерді іске асыру қысқа мерзімді, эпизодикалық, кезең бойынша негізде жүргізіледі. Қорларға басқару шартты сипатта болады (жал, қарыз). Басқару құрылымының деңгейлері аз, олар өте икемді және тор түрінде құрылады. Бұл ұйымдардың қызметі өнімділікке қарай емес, нәтижелік негізінде бағаланады. Мотивация мүмкіндіктерді іздеуге негізделген. Бұл ұйымдар жеке дара бастамаларға негізделеді. Даму бір бағытта шоғырланған түрде емес, көп бағытта бірден жүргізіледі. Маңызды фактор ретінде адамдар, топтар және олардың біліктілігі болады.
Кәсіпкерлік ұйым схема түрінде кері аударылған пирамидаға ұқсайды, оның негізінде жетекшілік болады. Жетекшіліктің басты функциясы жұмысшыларға барлық жағынан көмектесу, ал олар бизнес жүргізеді. Мұнда үш блок бар. Біріншісі ұйым қорлары (адамдар, ақша, уақыт, технология, ақпарат), екінші блок – бизнеске қажет нарықты анықтайтын бөлімдер, үшінші блок кеңес берушілер, бизнес-тренерлер. Ең жоғарыда бизнес жасайтын кәсіпкерлік ұялар болады. Олар статус бойынша пайда орталықтарына жақын болады.
Бұрынғы ҚСРО да 3O-шы жылдардан бастап экономика гигантоманияға айналып кеткен. Қазіргі кезде сол ірі кәсіпорындардың қызметі өте тиімсіз (пайда деңгейі төмен, шығындар өсіп жатыр, қолданылмаған қуаттың өсуі, жұмысшылардың қысқаруы және т.с.с.).
Осы ірі кәсіпорындарды дағдарыстан шығарудың бірден бір жолы – бұл қайта құру, яғни басқару құрылымдарын өзгерту. Қазіргі кезде осы кәсіпорындардың көбінде жүйелі-функциональды жүйелер қызмет етеді.
Қайта құрудың бірнеше варианты бар:
Қолданылмайтын негізгі қорларға меншік құқықтарын тапсыру.
Бұл ең оңай жүргізілетін вариант. Қолданылмайтын негізгі қорлар кәсіпорынға тек қосымша шығын әкеледі (салықтар), сондықтан оларды басқа кәсіпорындарға сатуға болады (әсіресе шағын кәсіпорындарға). Осыдан ірі және шағынбизнестің арасында байланыстарды нығайту мәселесі туындайды. Бұл байланыстың үш түрлі варианты болуы мүмкін.
А) негізгі қорларды сату. Артықшылығы, фирма өзінің қаржылық жағдайын өсіреді. Кемшілігі негізгі қорлардың бір бөлігінен фирма толығымен айрылады, яғни өндіріс көлемін тез арада өсіруге мүмкіндіктен айрылады.
Б) шағын кәсіпорынға негізгі қорларды жалға беру. Артықшылығы: мүлікті ұстауға қажет шығындардың орны толтырылады, баланс құрылымы жақсарады, рентабельділік өседі, қосымша табыс көзі пайда болады. Шағын кәсіпорын да көптеген мүмкіндіктерге ие болады.
В) ірі кәсіпорыннан кейбір бөлімшелерді дербес кәсіпорын түрінде бөлініп шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |