Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат


АДАМ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМГЕ ҚАЛАЙ ИЕ БОЛАДЫ?



бет2/18
Дата03.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#175509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

АДАМ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМГЕ ҚАЛАЙ ИЕ БОЛАДЫ?


Алдымен біздің кез келген білімге қалай ие болатынымызға көз жіберейік. Білімге ие болудың негізгі үш жолы бар: саналы ой, тәжірибе және беделді тәлім. Біз, сенушілер, бұған тағы төртінші әдісті қосамыз: Құдайдың білдіруі. Шын мәнінде бұл үшінші жолдың бір түрі.

Нағыз саналы таным (мысалы, логика мен математика арқылы) зерттеген нәрсені толық дәлелдей алады. Ал тәжірибе мен беделге сүйенген таным толық күмәнсыздықты бере алмайтын «жуық» дәлелдермен ғана қамтамасыз ете алады. Дегенмен бұл олардың маңыздылығын азайтпайды, толық дәлелдер бермейтіндеріне қарамастан, бәрібір оларға сенім артамыз.

Мысалы, жеке басыңның тәжірибесі саған қазір көшеден өту қауіпсіз деп тұр. Бұл ойыңның дұрыстығына толық дәлелдерің болмаса да, көшеден сенімді түрде өте бересің. Мұнда өз тәжірибеңе толық сенесің, Мұрат. Біз күн сайын тәжірибемізге сеніп осы сияқты шешімдерді қабылдауға мәжбүрміз. Мұндай мәселелерге келгенде толықтай сенімділіктің болуы мүмкін емес.

Ол ол ма? Кейде біз үмітіміздің ақталуы екіталай бір нәрсеге сенім артамыз. Егер екі-ақ жол болып, біреуі біздің ойымызша сөзсіз апатқа ұшырататын, ал екіншісі құтылуға болар-болмас үміттендіретін болса, онда өзімізді толығымен екінші жолға сеніп тапсырамыз.

Мәселен, сен өртеніп жатқан ғимараттың төртінші қабатында тұрсың дейік. Сол жерде қалсаң, сөзсіз өртеніп кететініңді білесің. Ал егер терезеден секірсең, онда аяғыңды сындырып алуың шүбәсыз, тіпті құлап мерт болуың да мүмкін. Қалай болғанда да, өртеніп жатқан ғимарат қирай бастаса, өлімнен қашып құтылмайсың. Сонда не істейсің? Ең дұрысы, шығатын жері жоқ қауіп- тен гөрі, қауіпті болса да секіруді жөн көресің. Өрт ішіндегі анық өлімнен гөрі құтылуға деген қылдай үмітті таңдап аласың.

Өрт сияқты ажал қаупі төнбесе, еш уақытта төмен секіруге бел бумас едің. Сонымен, сенің шешімің төнген қауіпке байланысты және бұл қауіп болар-болмас үмітіңе толық сенуге мәжбүр етеді. Қалыпты жағдайда мұндай үмітке сеніп қалмай, басқа бір сенімдірек амал іздер едің.

«Құдайдың бар екенін қалай дәлелдеуге болады?» деген сұраққа тек ақылға ғана жүгініп жауап беруге болмайды, яғни тек логика және математика тілімен ғана жауап беру мүмкін емес. Бұл сұрақтың жауабын ақыл-санаға, тәжірибеге және беделді тәлімге сүйеніп табуға болады. Келтірілген дәлелдер формалды логика бойынша абсолюттік (яки ешбір шартсыз) бола алмайды, бірақ Құдайдың бар екеніне көз жеткізіп, Оған мойынсұнуымыз үшін сол дәлелдер жеткілікті. Осы сияқты басқа мәселелерде де біздің шешіміміз ең алдымен әлдеқайда мүмкін болатын нәрселерге негізделуге тиіс. Көбінесе біз барлық тұрғыдан қарағанда ешбір даусыз дәлелдерді мәңгі күтіп отыра алмаймыз.



Ербол, бұл осылай болған күнде де сен Құдайдың бар екенін білдіретін көз жеткізерлік дәлелдер әлі де келтірген жоқсың. Тіпті солардың өзі бар ма екен?

ТАҒЫ ДА - ҚҰДАЙ ШЫНЫМЕН БАР МА?


Бар деп ойлаймын. Біріншіден, екеуіміз жаңа ғана тәжірибеміздің негізінде «әлем жаратылған» деген қорытындыға келдік қой. Осы Жаратушыны «Құдай» деп атаймыз.

Екіншіден, біз тәжірибемізге сүйеніп ойлау арқылы «әлемді осы бір орасан ақылдың иесі ойлап тауып, жаратқан» деген қорытындыға келдік. Осы ақыл иесі — «Құдай».

Үшіншіден, Құдайдың бар екеніне сенеміз, себебі Ол бізге Өзінің бар екенін білдірген. Мұндай білдіруді қабылдау «беделді тәлімді қабылдау» дегенмен бірдей ғой. Біз жоғарыда айтып кеткендей, ол білімге ие болудың бір әдісі.

Төртіншіден, Құдайдың бар екеніне сенеміз, өйткені Оның адам болып дүниеге келгенін білеміз.



Тұра тұр, Ербол, бұл мен үшін тым көп. Неге мен осының бәріне сенуге тиіспін?

Сен алғашқы екеуімен жаңа келістің ғой. Саған тек қана, біз «Құдай» дегенде әлемді ойлап шығарған Жаратушыны айтамыз дегім келеді. Түбінде осы Жаратушыны, әйтеуір, бір ұғыммен белгілеп, айтып жүруге қақымыз бар, ал ғасырлар бойы ойшылдар мұндай жағдайда «Құдай» деген ұғымды пайдаланып келеді.



Ал әлемнің Жаратушысы бар десек, осы Жаратушының Өзі қайдан шыққан?

Ол ешқайдан шыққан жоқ. Ол әрдайым бар болатын.



Онда неге «әлем әрдайым бар болатын» деп, Жаратушыны керексіз қылмасқа?

Өйткені бұған дейін көз жеткізгеніміздей, Термодинамиканың екінші заңы (Әнтропия қағидасы) бұған қарсы тұрады, яғни материялық дүние мәңгілік бола алмайды: ол толықтай ретсіздікке ұмтылуда. Егер ол мәңгі сол бағытқа ұмтылған болса, онда ол әлдеқашан ретсіздік- тің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен болар еді. Бірақ та ол сол дәрежеге жеткен жоқ, демек әлем сондай бағытпен мәңгі ұмтылып келген емес, яғни оның бір кезде жаратылғаны даусыз.



Мейлі, бірақ бұл менің сұрағыма қанағаттанарлықтай жауап бермейді. Жаратқанның Өзі де басқа бір нәрсе арқылы жаратылған болса ше?

Мұрат, кез келген себеп пен салдардың тізбегінде өзі басқа бір себептің салдары болмайтын алғашқы себеп болу керек. Себеп-салдар тізбегі тұйық шеңбер бола алмайды. Кері жағдайда әрбір салдар өзінің себебіне дейін де, одан кейін де болар еді. Бірақ бұл мүмкін емес.

Әрине, әлемнің пайда болу себебінің өзі басқа бір себептің салдарынан туды деген болжамды негізінен жоққа шығармайды. Бірақ сенушілер әлемнің пайда болу себебі бастапқы екеніне және мұны Құдай Өзінің хабарларымен дәлелдегеніне сенеді.

Логика мен тәжірибе өзі ештеңенің салдары емес басқа «бір нәрсе», әйтеуір бір абсолюттік себептің бар болуы керек деген ой тудырады. Немесе «бір нәрсе» мәңгі бар болған, немесе ешбір нәрсе де бар бола алмайды.

Мұнда пәлсапаның «Себептілік қағидасы» туралы айтып отырмыз. Салдарлар өздерін-өздері түсіндірмейді, олар өздерінің бар екенінің себептерін білдірмейді де. Алайда әлемнің пайда болуының әйтеуір бір себебі болу керек екенін білеміз: әуел баста әлем жоқ болатын, ол белгілі бір кезде пайда болды. Ендеше оны пайда болдырған себепсіз, тәуелсіз «бір нәрсе», яки алғашқы себеп болу қажет қой.

Себеп пен салдар тізбегін ойша ұзарта бергенмен, қалайда оның бастамасы болуға тиіс. Немесе ешқандай тізбек жоқ. Егер себеп-салдар тізбегінің бар екеніне сенсек, онда сол тізбектің бастамасы болғанына да сенуіміз керек. Платон мен Аристотель сияқты ұлы ойшылдар тізбектің басын «себепсіз себеп» деп атаған. Біз, сенушілер, осы «себепсіз себепті» Құдай деп атаймыз.

Алайда бұл ұғымның астарында бұдан да зор мән бар екенін түсінеміз. «Себепсіз себеп» дегеніміздің өзіндік қасиеттерін — Оның шексіз ақылды, мейірімді, әділ, игілікті және сүйіспеншілікке толы екендігін мойындаймыз. Оның жақсы қасиеттерінің тізімін әрі қарай жалғастыра беруге де болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет