Қорғалжын қорығы. Қорық территориясы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының жеріне енеді. Ол 1958 жылы тың игерген өлкеде табиғаттың қызықты бағалы жерін сақтау мақсатымен ұйымдастырылды. Қорғалжын қорығын әдетте «Құс базары» деп те атай ды. Оның себебі осы аймақта түрлі құстардың тіршілігі ‰шін аса қолайлы жер. Мұнда жер жүзінде тым си рек кездесетін қызыл қаз, ақ құтан, қызыл жемсаулы қасқалдақ және басқа құстар бар. Әсіресе бұл қорықтың дүние жүзінде саны сиреп бара жатқан қоқи қазды қорғаудағы ролі зор.
Дүние жүзінде өте сирек кездесетін кұс — қызыл қаз немесе қоқи қаз елімізде тек Қазақстан жерінде, Қорғалжын қорығындағы Теңіз кµлінде жұмыртқалайды. Көбінесе осы көлдің адам бара алмайтын аралдарында қоқи қаздар ұялайды. Олар құмға балдырларды араластырып ұя жасайды.
Аңдар мен құстардың қорық кµлемінде мол болуы өсімдіктер түрлерінің әр алуандығы — табиғат байльқтарын кешенді зерттеуге жол ашып, оларды халық шаруашылығына пайдалану мүмкіндіктерін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |