Білімділік: Мәтін мазмұнымен таныстыру. Жүйелі сөйлеуге үйрету. Қажмұқан Мұңайтпасов туралы мәлімет беру. Оқушыларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру, Қажмұқан Мұңайтпасов ізбасарларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Шыдамды болуға, жанашырлыққа, адал достыққа, бауырмашылдыққа, төзімділкке тәрбиелеу. Ел намысын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдістері: Ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, топпен жұмыс, венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Қ.Мұңайтпасовтың суреті
2. Мәтінге байланысты сурет
3. Техникалық құрал
4. Кітаптар т. б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ
“Ассоциация” әдісі (топтастыру)
- Балалар біз өткен сабақта кім туралы білдік?
- Балуан Шолақ туралы білдік.
Қажмұқан шыдамды батыр күшті
Палуан
а лып қайсар
төзімді ұзын батыл күресші дәу ірі
- Мінекей балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз да “Алып бала” деп аталады. Автор туралы түсінік беру. Қажмұқан аталары туралы естіген естеліктерін, көрген киноларын сұрау.
“Ой қозғау” әдісі: Сұрақтар арқылы мәтінді талдаймыз.
Сергіту сәті:
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай, - деген өлең жолдарына сәйкес, балалар орнынан тұрып денелерін сергіту.
Топпен жұмыс.
І топ. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІІ топ. Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
ІІІ топ. “Егер мен палуан болсам” тақырыбына әңгіме жазып келу.
Венн диаграммасы: осы диаграмма арқылы оқушылар қажмұқан мен бала жігітке мінездеме береді.
“Бес жолды өлең құрастыру” әдісі
Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Кім? – Қажмұқан.
2. Қандай? – Күшті, алып, ірі, денелі, адал, досын сатпайды, бауырмашыл.
3. Не істеді? – күресті, досына қиын кезде көмектесті, өгізшені бір өзі көтеріп, ауылға апарды.
4. Кім үшін? – Досы үшін
5. Ой түйіндеу.
Дұрыс балалар сендер Қажмұқан аталарың туралы мәлімет білдіңдер. Шынында, балалар Қажмұқан аталарың туралы мәлімет бере отырып, оның өмір жолын бейнелейтін бейнетаспаны көріп тамашалады.
ІV Үйге тапсырма беру.
Осы мәтінді оқып, түсінігін айтуға дайындалып келіңдер.
V Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысуын ескере отырып әділ және тиісті бағалаймын.
Компьютермен жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Компьютермен жұмыс, еркін тақырыпта сурет салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу бағдарламаларынды пайдалану арқылы логикалық бейнелеу белсенділігін арттыру, сабаққа қызығушылығын қалыптастыру.
Дамытушылық: Графиктік редактор Paint еркін тақырыпта сурет салу, оны бояу, түстерді таңдап алу арқылы бояуға үйрету.
Тәрбиелік: Эстетикалық сезімін дамыту, мәдениеттілікке баулу.
Көрнекілік: Компьютерлік бағдарлама, қыш ыдыстар бөлмесі, буклеттер мен керекті құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Үй тапсырмасын тексеру
3 Жаңа тақырып
Компьютерді жұмысқа қосу (оқушыларға жұмыс істеуде ескерілетін жағдайлар туралы айтып өту).
1. Жұмыс үстелінен “Аңдар тарауын ашамыз” (есек, арыстан, қоян) суреттері шығады, қосымша тапсырмалар арқылы бекітеміз. Сергіту сәті жасалады: Аңдарға байланысты тақпақ айтылды.
2. Сурет салуға дайындық.
1) Іске қосу Программалар Стандартты Графиктік редактор Paint сурет салатын терезе ашылды. Оқушылар “Ту”, “Кеме”, геометриялық фигуралар, өрнек т. б. Тақырыпта суреттер салады.
2) Суретті бояу тәсілі. Меңзер (курсор) арқылы бүркейтін белгіні тауып, қалған түсті таңдау тәсілін қолдану жұмысты толық аяқтау.
3) Салынған сурет жанына тақырып атын оқушы өзі жазады.
Шығармашылық тапсырма.
Оқушылардың салған суреттері бойынша жұмыстарын қорғауы. Компьютерде шығып тұрған түстер арқылы оқушылар неліктен осы суретті таңдағанын және бояу түрлері жөнінде айтып береді, жұмыстары бағаланады.
Балалар компьютердің жұмысын аяқтау үшін не істейміз? Меңзерді пайдаланып – Іске қосу – Жұмысты аяқтау.
ІV Сабақты қорытындылау
V Үйге тапсырма беру
“Тәуелсіздікке 11 жыл”, “Ертегілер елінде”, “Менің отбасым” тақырыбына сурет салып келіңдер.
Пәні: Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Геометиялық фигуралардан қоянды құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |