Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі
Әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану »
Кафедрасы: «География, жерге орналастыру және кадастр»
СӨЖ
Тақырыбы: «Жер ресурстарын басқару әдістері: мемлекеттік жер мониторингі, жерге орналастыру жұмыстарының жүргізілуін айқындау
Орындаған:Бегасилов Ержан
Тексерген: Сатвалдиев Бағдат
Алматы 2024
Мазмұны
Жер ресурстарын баскару негізгі әдістері
Жерге орналастыру
Жер мониторингі
Жерге орналастыру
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесi болып табылады.
Жерге орналастыру меншiк нысанына тиесiлiлiгiне және оларда шаруашылық жүргiзу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргiзiледi.
Жерге орналастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде белгiленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қаралған және бекiтiлген жердiң нысаналы мақсаты, жердi пайдалану мен оны қорғау режимi, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерiнiң шекарасы, жердiң сапасы мен мөлшерi туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Жерге орналастыру:
1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде жерге орналастырудың, жердi аймақтарға бөлудiң республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзiрлеудi;
2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтiру жөнiндегi шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру мен шекарасын белгiлеудi
3) белгiлi бiр жерде елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) анықтау мен белгiлеудi, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
4) белгiлi бiр жерде әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жердi пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеудi;
5) жерге орналастыру, бүлiнген жердi жаңғырту мен жаңа жердi игеру жобаларын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзiрлеудi;
6) жердi түгендеу iсiн жүргiзудi, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жердi анықтауды;
7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен iздестiру жұмыстарын жүргiзудi;
8) жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етедi.
Жерге орналастыруды жүргiзу
1. Жерге орналастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.
Жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру олардың тиісті жергілікті атқарушы органға беретiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге белгiленген тәртiппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
3. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртiбi мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi.
2) шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын және жердi ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты олардың өз есебiнен әзiрленетiн және жүзеге асырылатын жобаларды - жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарымен келiсiм бойынша жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушiлер;
3) жер учаскелерiнiң шекарасын қалыптастыруға, оларды белгiлi бiр жерде белгiлеуге, жер учаскесiнiң жоспарын дайындауға байланысты жерге орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөнiндегi, жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөнiндегi топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақты зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және iздестiру жұмыстарының материалдарын - жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары бекiтедi.
5. Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерiстер осы құжаттаманы бекiткен органның рұқсатымен ғана енгiзiледi.
6. Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жер бетiне көшiрудi; жобаның барлық элементтерiн игерудi, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын ресiмдеудi және берудi қамтиды.
Жерге орналастыру процесi
1. Жерге орналастыру процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
- жерге орналастыру iсiн жүргiзудi бастау;
- дайындық жұмыстары;
- жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзiрлеу;
- жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келiсу және бекiту;
- жерге орналастыру жобасын орындау.
2. Жерге орналастыруды жүргiзу бойынша тапсырыс берушi, жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзу кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып табылады.
3. Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың:
1) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң:
- жеке өзi немесе өкiлi арқылы жерге орналастыру процесiнiң барлық сатысында қатысуға;
- жерге орналастыру iсiнiң материалдарымен танысуға;
- өз ұсыныстарын қарауға енгiзуге;
- жерге орналастыру процесiнде туындаған келiспеушiлiктердi шешуге қатысуға құқығы бар;
2) әзiрлеушiнiң (жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның):
- мемлекеттiк органдардан жерге орналастыру жөнiнде қажеттi ақпарат алуға;
- тапсырыс берушiлермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;
- жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бiр ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергiлiктi атқарушы органдарды оның нәтижелерi туралы хабардар етуге және жердi пайдалану мен қорғау iс-тәжiрибесiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
- жерге орналастырудың ескiрген схемалары мен жобаларын жетiлдiру немесе қайта өңдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
3) жерге орналастыру кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкін үшінші тұлғалардың:
- жерге орналастыру мәселелерi талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелерi туралы өз мүдделерiн көздейтiн ақпарат алуға;
- жерге орналастыру процесiнде өздерiнiң мүдделерiн қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы бар.
4. Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың мiндеттерi:
1) жерге орналастыру процесiнiң барлық қатысушылары:
- Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;
- жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органдар талаптарын орындауға;
- жерге орналастыру процесiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті;
2) жобалау құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн атқарушы органдар оны бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi;
3) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi:
- жерге орналастыруды жүргiзу мақсатын, мiндеттерiн, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзiмдерiн анықтауға;
- қажеттi материалдар мен құжаттарды беруге;
- жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;
- орындалған жұмыстарды бiр ай iшiнде қабылдауға немесе дәлелдi түрде бас тартуға мiндеттi;
4) жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi:
- барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдiстемелiк нұсқауларға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға;
- зерттеу, iздестiру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдiре отырып жүргiзiлген жер учаскелерiнiң жай-күйiн бастапқы қалпына келтiруге;
- жерге орналастыру құжаттамасында көзделген iс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауiпсiздiгi үшiн жауап беруге мiндеттi.
Жерге орналастыру құрылымының жүйесі:
- республикалық, облыстық, жерлерді аймақтаудың жерге орналастырудың схемасын, пайдалану программасын, жер ресурстарын қорғау және жақсартуды дайындау;
- жер пайдаланушылықтарды ұйымдастыру және қалыптастыру бойынша шаруаарлық жерге орналастыру жобаларын құру, жергілікті жердегі жер учаскелерінің шекараларын орналастыру, жер учаскесіне жеке меншік құқығына құжаттарды дайындау және жер пайдаланушылықтарға құқықтарды беру;
елді – мекен жерлердің шекараларын жергілікті жерлерде
орналастыру және анықтау, олардың жер – шаруашылық орналастыруының жобаларын құру;
жергілікті жерде әкімшілік – территориялық ұйымдарды құру;
жерлерді инвентаризациялауды жүргізу, жаңа жерлерді игеру және
бұзылған жерлердің рекультивациясын жүргізу, жерлерді қорғау мен қолдануға байланысты жобаларды құру;
топографтық – геодезиялық, картографиялық, топырақ,
геоботаникалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
жер кадастры және жер мониторингін жүргізу;
жер ресурстардың жағдайы және пайдалану бойынша тематикалық
карталар мен атластар, кадастрлық карталарды құру;
жер – бағалау жұмыстарын жүргізу.
Жерге орналастыру жерлерді тиімді пайдаланудың шаралар жүйесі ретінде экономикалық, заңды және техникалық бағытты көздейді. Экономикалық аспект халық шаруашылығындағы объектілерді кеңістіктік базис ретінде және өндірістің құралы ретінде пайдалануды қарастырады. Заңды аспект жер пайдаланушылықтардың және жерге жеке меншік құқығын қарастырады. Техникалық аспект жобалық – зерттеу, түсірістерді жобалауды қарастырады.
Сондықтан, жерге орналастыру – жерлердің жағдайын меңгеру, жерлерді тиімді пайдалану және ұйымдастыру бойынша, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын бекіту болып табылады.
Жерге орналастыру жұмыстарын жалпы ҚР Агенттігі басқарады, нақты жерге орналастыру жобаларын дайындау агенттіктіктің аймақтық органдары жетекшілік етеді.
Жерге орналастыру жерлердің пайдалану мақсатына және жерге меншік құқығына қарамастан барлық жер санаттарында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |