Спорт психологиясы



бет34/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

ҚОСЫМША Д.
Г.Д.Горбунов


ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ СПОРТ
// ТПФК, 1996.- № 12.- с. 15-17.

Адам ерте жасынан бастап және қария болғанға дейін өзін танытады. Алғашқыда ойында, содан кейін өз ісінің барлық түрлерінде. Үйрену, еңбектену барысында, қарым –қатынаста адам әрдайым өзін басқалармен салыстыру сәтін сақтай жүреді, өзін жетілдіре түсу үшін, немесе басқалардан артықшылығын сезіну үшін, жетістік қуанышы мен жеңіс бақытына бөлену үшін өзін басқалармен салыстырады. Инстинктілік деңгейде табиғатынан тән осындай сезімдерге бөлену талпынысы адамзатты жарыс мақсаты болатын, көптеген жылдарға созылған еңбек нәтижесі ретінде болатын іс-әрекет түрін ұйымдастыруға ниеттеді, бұл ерекше шыңы, олимпиада ойындары, бар СПОРТ.


Спорт күшті адамның бірінші болуға деген ежелгі, тереңнен тамыр алатын талпынысы. Сондықтан спорт өзінің мәні бойынша психологиялық болып табылады. Бірақ адам тек қана басқалармен жарысып қоймайды, ол бүгін мен кешегіден артықпын деген ойының айғағын көру үшін өзімен де жарысады. Бірінші жағдайда алғашқыдан адам мінезінің чемпиондық жағы қалыптасады, екіншісінде – рекорд қойғыштық жағы. Олардың оңтайлы қоспасы спорттағы беделге жеткізеді. Өзін жеңу және басқаларды жеңу – бұлар нағыз мақсатқа – өзін тануға, қанағаттандырылған атаққұмарлық сезіміне бөленуге, өз біліктілігіне, маңыздылығына - жеткізетін бір тізбектің буындары. Спорт өмірінің өзі қоршаған орта тәрізді, әсіресе, ол адам психикасының қалыптасу кезеңінде күшті әсер етуші фактор болып табылады. Ал жоғары жетістіктер спорты мүлде басқа, ерекше әлем, онда кез келген тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеу ерекше болады.
Спорт – өркениеттің сүйікті істерінің бірі – өзінің пайда болған сәтінен бастап апологеттері ғана емес, сыншылары да бар. Өзінің сөзсіз орасан зор әлеуметтік мағынасына қарамастан, жоғары жетістіктер спортымен шұғылданудың ынталандырушы, ниеттеуші негізі басым жағдайларда эгоцентристік салада жатыр. Әлем, кең және алуан түрлі болғанына қарамастан, ол тек қана «мен спортшыны, оның қажеттіліктерін, мақстаттарын, мотивтерін, қызығушылықтарын, ұстанымдарын, тілектерін, көзқарастарын, нанымдарын және т.с.с.» қоршайды.
Өздігінен ғұмыр кешетін әлем, - бұл кез келген адам үшін абстракциядан артық емес. Әр субъектінің бейнелеуі мен қарым-қатынасында әлем ол үшін ғана бар сияқты көрінеді. Оның ішінде спортшы мен бапкері, спорттың басты кейіпкерлері, осы әлемде сырттай басқаларға арналған, бәрақ мәні бойынша өзі үшін. Адамзат сыпайлығы осыны айналадағылардан таса қылуға бағытталған. Адамгершілік - бұл инстинкт деңгейіндегі, тұлғаның биологиялық негізіндегі тежеуіш, онсыз адам жануарлар әлемінен ерекшелен қоймас еді. Сонымен қатар, кез келген адамгершілік ережелері – бұл бір есептен қулық, себебі ол негізделгендігіне және баршамен қабылданғанына қарамастан, бірақ жүріс-тұрыстың түпкілікті табиғи бастауларының нағыз мәнін тасалау. Өзін осы әлемдегі субъективті бейнелеуінің шын мәнісі спортшыны оның міндеттерімен қоса эгоцентрист ретінде көрсетеді. Және ол өз инстинкттерін айналадағылардың және жалпы қоғамның талаптарына сәйкестендіреді, себебі ол – саналы жан, ол - Homo sapiens. Ол оны жиі қызығушылықпен және ұтымды орындайды, себебі, ұсақ-түйектерден бас тарта отырып, ол қомақты ұтым алады. Сәттілікке жете отырып, спортшы, бапкер өздерін олардың айналасында болып жатқан оқиғалардың орталығынан көреді, сезінеді. Және спортта, құндылықтар жүйесінде орын алған көптеген тұлға типтері үшін бұл бәрінен де жоғары болады.
Спорттағы құрмет тұғыры – өзінің «Мен» сезімін анықтау белгісі. Құрметтің жоғарғы сатысында болғанда, спортшы өзін спорттың жасанды әлемінің орталығында жалғыз тұрғандай сезінеді. Оның бапкері де дәл солай сезінеді. Бірақ құрмет тұғыры – бұл спорттың көптеген белгілерінің бірі ғана.
Жоғары жетістіктер спорты – бұл ерекше өмір аралы. Ол дін сияқты: мұнда өз хибадатханасы, әнұраны, киімі, салттары, айрықша белгілері, ережелері және т.б. бар. Мұнда спорттық нәтиже туралы намаз оқиды. Және үлкен спортшылардың өмір салты, олардың қшкі дүниесі толықтай спортшы емес адамдардың өмірінен ерекшеленеді, олардың тқлғасы мен іс-әрекетін бағалайтын стандартталған бағалаулар жиі қолданысқа да жарамсыз болады. Өз табиғи күшін жүзеге асыруға бағытталған алып күш спортта өзінің жағымды негізін табады. Және спорт, әрине, өзінің сенімді қызметкерлері ретінде өзін танытуға, атаққа, басқадан артықшылыққа талпыныстары күшті адамдарды таңдайды. Осы жолында олар жиі ұқсассыз ерлік пен өз әлсіздіктерін, шаршағанын, сыртқы тосқауылдарды және т.б. жеңе білу қабілетін танытады. Бұл көп жылдар бойы жаттығу мен жарыстарда көрсетілетін жүйелі күш салу, және көптеген «қауымдық» қуаныштардан бас тарту, денсаулығынан айрылу қаупі және болашақта өзін басқа іс-әрекет түрінде жүзеге асыра алмай қалу қаупі.
Егер тұлғаның мінездемелерінің бірі ретінде оның көлемділігін атап айтатын болсақ, онда спорт оның дамуы үшін жақсы мүмкіндік ұсынады. Өз дарындылығын зор күш сала отырып, олимпиадалық биіктікке көтергенде, спортшы өзінің ерекшелігі және қайталанбастығы туралы сезімге бөленеді. Мұндай қуанышта жалғыз болу мүмкін емес. Спорттық атақ ешкімді немқұрайлы қалдырмайды: спортшының өзін де, оның жанкүйерлерін де. Адамның қарапайымдылығы даңққа бөленген сәттерде өзінің бағдарлаушы қызметін жоғалтады. Және алғашқыда жақсы жасырылатын спорттағы іс-әрекеттің эгоцентристік негіздемесі нәтиже мен жетістіктер биіктеген сайын өзінің адамгершілік тежеуішін жоғалта бастайды. Дандайсу, менменшілдік, менсінбеушілік, өркөкіректілік, еріктілік – мұның барлығы спорттағы тұлға көлемділігінің жағымсыз жақтары, олар міндетті түрде байқала қоймайды, бірақ болуы мүмкін, қстаздардың, психологтардың, спорттағы басқарушылардың тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін құбылыстар. Себебі әр жарқын істің өз көлеңкелі жақтары болады, олар туралы біле тұра және алдын ала тұра, тұлғаны жетілдіру үрдісін жүргізу және бағдарлау жеңілдеу болар. Рекордтық нәтижелерге тек неғұрлым көп күш салу мен қолданылатын әдістемелер мен құралдарды әрдайым жетілдіруді қатарластыра отырып, жетуге мүмкін екендігі анық. Жаттығу барысында және одан тыс мезгілде жаңа жолдарды, шығармашылықты іздестіру бапкердің және спортшының арнайы батылдығы мен табандылығын талап етеді, онсыз биіктікке жету әркімнің қолынан келе бермейді. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы жиналуларда, жарыстарда үйреншікті ыңғайлықтарсыз, отбасынан алыста болу, қалыптасып қалған өмір салты бұзылғанда; айлар бойы жүргізілген жұмыс зая кеткенде, сәтсіздік кезеңдеріндегі уайымдарды, ерекше көп жоспарлы жұмысты және басқа жағдайларды ерекше психикалық тұрақтылығы бар, тек психологиялық дайындығы бар адам ғана көтере алады. Спорт өмірінің бақыты мен қиыншылықтары әрдайым қатар жүреді және соншалықты барабар бағаланады.
Спорт өмірінің ұйымдастырылуы әлі де мінсіз болудан алшақ, және спорттың мәні де сол мінсіздікке жету мүмкін емес болуына сай. Қаншама дарындылар қолайсыз, тіпті жиі психологиялық және гигиеналық тұрғыдан үйреншіксіз жағдайларға төзе алмай, өз ісінің сипаты мен бағытын өзгерткен. Спорттың екі басты тұлғасы: спортшы және, әсіресе, бапкер, үйреншікті бейне стандарттарынан алшақ тұлғалық қасиеттерімен ерекшеленген жағдайда ғана сәттілікке жете алады.
Дарынды бапкердің өзін таныту жолында өзін ниеттеу қасиеті болуы тиісті. Кемеңгер тұлға ерекшеліктерінің бірі болып жүріс-тұрысының жалпы кенеттілігі табылады. Кейде бұл данышпандылықтың көріністері, әрдайым, былайша айтқанда, жалаушамен белгіленген, стандартты жолдардың шегінен тыс жерде болады. Нұсқауларды, нұсқамаларды, әдстемелерді мүлтіксіз орындау қалыптасқан тәртіпті сақтауға себін тигізеді, бірақ ғылымдағы, өнердегі, спорттағы жаңа жолдарды аша қоймайды. Аса өренлі бапкердің жүріс–тұрысындағы «оғаштықтар» әрқашан айналадағыларды абдыратады.
Оның атына түрлі жағымсыз эпитеттер айтылмайды, әсіресе, көзінен таса жерлерде. Сыпайы мінез немесе тіпті қарапайым сыйластық оның жүріс–тұрысынан байқалмайтын кездері де болады. Ақиқат та оның жағында міндетті түрде бола қоймайды. Бірақ ол іздеу үстінде. Ол есептейді, тырысып көреді, тексереді, ұрындырады; актер ретінде ойнайды, маскаларын ауыстырады: өз интуициясын түрткілей және еркелете отырып, оны аспапты ырғаққа келтірген сазгер сияқты тыңдайды. Кенеттен өзі де аяғына дейін түсіне алмаса да, бір амалын табады.
Әрине, ол қателеседі, қателердің оны мазалауы басқадан кем емес, бірақ ол қорықпайды, олар оны тоқтатпайды, тек оның ізденістеріне жаңа қуат беріп, жандандыра түседі. Ол, дұшпандар қоршауға алған, күрескер секілді, әр соққыдан қаһарлана түседі және әр тұйықталған тәрізді мәселер ортасынан жол тауып шығады. Табиғатынан ол «осал емес» рефлексі бар тұлғадай жаралған тәрізді, онсыз жетістіктер шыңында тұрып, алға қарай ұмтылу мүмкін емес. Жүздеген мәселер мен міндеттердің арасынан маңыздысын көре білу іскер, озық тұлғаның негізін құрайды. Көптеген зерттеулердің нәтижелері бойынша, басқалармен тіл табыса білетін адам сәттілікке жете алады. Бірақ кемеңгер бапкер бұл парызды да ерекше орындайды, мұнда «осал емес» рефлексі кез келген заңдылықтардан күшті болып шығады. Бұл басты жағдайда бапкер алдымен тәртіпке келтіреді, содан кейін оны бұзады да, барлығын қайта орнатады. Ол – қатып қалушылыққа, стандарттылыққа қарсы. Кейде ол өзінің жұмысындағы, осыған дейін зор күш–қуат жүмсап өзі салған құрылымдық–жүйелік ғимараттың қабырғаларын өзіне жаңа қимарат салу үшін алаң босатып жатқандай бұзғаннан ләззәт алатын секілді болып көрінеді. Егер жаңа маусымда бапкер ескі кесте бойынша жұмыс жүргізетін болса, тәжірибелі спортшы сәттіліктен күдіктене бастайды. Жұмыстың мұндай стилінен авантюристік үлесін де аңғаруға болады. Бірақ авантюризмнің психологиялық негіздері жағымды және жағымсыз болуы мүмкін, сол сияқты оның нәтижесі де сондай болмақ. Және мұндай стилі бар бапкердің іс–әрекетінің жақсы мен нашар жағын көзге көрінгісіз шекара ғана анықтайды. Жасампаздарға жалпы тәуекелге әзірлік тән.
Жағымды авантюризмнің негізінде соңғы мақсатты көзден таса қылмау, оны әрдайым елестету, сезіну бар, мақсат өте жоғары, бірақ қол жетерліктей.
Дамудың озық болашағына емес, ойдан шығарылған қиялдық мансапшылдыққа негіз болатын авантюризм, әрине, көп зиян келтіруі мүмкін. Бапкер–жасампаз өзіне, өз мүмкіндіктеріне сенімді, бірақ ол өзінің жоғары талпыныстарына да сенімді болуы тиісті.
Жарыстар – бұл спорттың маңызды жағы. Бірақ осыған қарамастан тек емтихан, спортшының, былайша айтқанда, бақылауы, дайындығының өлшемі.
Жарыстар, жарқын, көрнекі, жарнамалы бола тұра, осы жарысқа дайындықтың өлшемсіз ұзақ жолын тасалайды, бұл жол қарапайым ұзақ жол емес, ол жиі ауыр, бір қалыпты, тіпті қалжырататын, шаршататын болады.
Секундтар немесе минуттар ішінде анықталатын спорттық жетістіктерге біртіндеп, ұзақ жылдар бойын күннен күнге қарай келеді. Оның құрбандығына алғашқыда балалық ойында, кейіннен уайымсыз жасөспірімдік уақыт өткізу, жиі алғашқы махаббатты, кейде жүйелі білім алуды және әрқашан кқптеген майда қуаныштарды шалады, себебі жоғары жетістіктер спорты мұның барлығына орын қалдырмайды. Көптеген адамдар спорттық рекордтан, жеңістен тек қана жарқыраған жарқын ракетаны ғана көреді, ал ол онда қалай көтерілгені тек шағын топқа ғана белгілі. Тіпті ғалымдар да осы тенденцияны ұстана отырып, спорттық іс–әрекетте уақыттың басым бөлігін алатын спорттық жаттығу психологиясын емес, спорттық жарыс психологиясын ұсынады.
Міне жарыс та келді... спортшы стратқа шығады. Стартта ол жалғыз, жападай жалғыз, өз үрейімен және өзінің жинақылығымен, өзінің атаққұмарлығымен және осы қажеттіліктің белгісіз қанағаттандырылуын түсінігімен жалғыз қалады. Спортшының алдында оны бірнеше минуттан кейін не күтіп тұрғанын түсінетін кездегі бейтаныс болашақ: шексіз бақыт па, әлде күйік пен үміт үзу апаны ма. Сондықтан спорттың осында барлығы қозғалыста болатын, барлығы қарама–қайшылықта болатын және қас қағымда тура болжамның бұзылуы мүмкін соншалықты тартымды күші бар. Спортшы мұны біледі.
Спортшы өзінің ұтылысын терең уайымдайды, әсіресе, осыған орай бәсекелестерінің тарапынан шексіз қуанышын кқрген сәтте. Өкінішке орай, спорт осыған тірек береді. Спорттағы бақыт пен бақытсыздық қатарласып жүреді – бұл спорттық күрестің драмалық негізі, онда әрқашан жеңгендер мен жеңілгендер болады. Спортшы осыған да, басқаға да дайын болуы қажет, өз күтімдерінің басқа нәтижелеріне ғана емес, кез келген нәтижеге өзін өзі бағдарлау жүйесін қарсы қоя білу қабілетіне де дайын болуы қажет. Спорттық карьера соңында спортшы күнделікті өмірдегідей ойлана білуі тиісті, бәрінің ерте ме, кеш пе аяқталатыны туралы біле тұра: ерте ме, кеш пе жастар «қарттарды» бәрібір жеңеді – және жастығына орай, және меңгерілген жетік дайындығына орай; көп жетістіктерге қол жеткізілді, бірақ басқа да істер бар және соларға назар аудару кез келген шығар және т.б.
Спорттан уақытында және әдемі кету – бұл да өзін өзі бағдарлау, жиі үлкен өнер деңгейіндегі бағдарлану, ол әркімнің қолынан келе бермейді. Егер сен әйгілі болсаң, атақ, даңқ, сый–құрмет саған аспаннан науадай жауады, – кенеттен осының бәрінен бас тарту қажет пе?! Бұл іске тұрарлық па? Барлығы орындалды ма? Егре бұл қателік болса, ол саған қаншалықты қымбатқа түседі? Иә, мұнда жауабын табу қте қиын. Бірақ атақты жоғалтып алу, оны ұсақ–түйектерге алмастырып алу өте оңай, әсіресе, спортта. Олар спорттан өмірден кеткендей болып кетеді – бірден және мәңгілікке, даңққа бөленген шағында. Спорттың жанкүйерлерінің жадында дәл осындай бейнелері сақталады. Басқалары бірнеше рет кетеді және, қайтып оралып, тіпті жаңа биіктерге қол жеткізеді. Бұл да қайта түлеу сияқты. Ал, егер даңққа жете алмаса? Онда, өкінішке орай, бұл спорттық даңқты қайтарудың әлсіз үміті тәрізді болып қалады.
Спортта даңққа жететін адамдар; спортшылар, бапкерлер, ұйымдастырушылар – әдетте, жақсы практикалық психологтар. Дәл практикалық, себебі осы жағдай олардың ғылымдарға қоятын сауалдарын анықтаған. Психологияның XX ғасырда дамуы оның түрлі салаларға жіктелуіне әкеліп соқтырды. Осы салалардың бірі – спорт психологиясы – басқаларынан өзінің айқындалған есептілігімен ерекшеленеді. Психология спорттан –тәжірибесі оқулық қағидалары мен тақыр академизмге көне алмайтын өзінің әкесінен – кезекті туындысын дүниеге әкелді. Өмір күресінің үлгісі сияқты спорт ғылыми зерттеулер үшін тамаша өріс тәрізді. Осы өрісті қолдана отырып, психологияның түрлі салаларының ғылыми мәліметтері толықтырылды: жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, инженерлік және басқа.
Өзінің мағынасы бойынша тәжірибелік болып табылатын спорт психологиясы өзінің даму жолында академиялық психологияға тән ауыр тенденциядан сақтана алды, ол интеллектуалды жаттығулар саласына қарай алшақтау. Әрине, ол теория мен тәжірибеге сүйенеді. Бірақ өзінің алғашқы қадамдарынан бастап, ол қорытынды нәтижжесін терминдерге, кестелерге және графиктерге толы мақалалар мен кітаптардан емес, спортшы мен бапкерге спорттық жаттығу мен жарыстар үрдісін жетілдіруге көмектесетін нақты тәжірибелік шаралардан көре алды. Уақыт өткен сайын орталық, маңызды мәселелер легі бірін–бірі алмастырып отырды, бірақ міндет төңірегінде тек қана зерттеу емес, сонымен қатар жағымды психологиялық –педагогикалық әсер ету маңызды мәселе болып қалды.
20-30 жылдары бұл адамның психикалық жағына дене шынықтыру жүктемесінің әсерін зерттеу мәселесі болатын, 40-50 жылдары – қозғалыс-қимылды қалыптастыру және жетілдіру, 50-60 жылдары - эмоционалдық-еріктік дайындық, 70-80 жылдары – жарыстарға психологиялық дайындық және өзін–өзі бағдарлау, 80-90 жылдары –спорттық іс–әрекеттің психологиялық қамтамасыздандырылу және менталдық тренинг мәселесі, оның ішінде спорттық мінезді қалыптастыру үшін, жаттығу барысындағы жүктеулерді төмендету мақсатында жылдам қалыпқа келу үшін, спортшының жаттығу барысында және жарыстарда терең резервтерін анықтап қолдануы үшін гипнозды, трансты, нейролингвистикалық бағдарламалауды қолдану.
Спорт тарихында спортшылардың даңқ шыңына көтерілген кезінде ғылымдар арасында примасы психология болған мысалдар өте көп, психология педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысқан кезінде, бапкер мен спортшы осы шыңдарға жету үшін өзінің ұзақ және қиын жолында өз бетімен немесе кәсіби психологтың көмегімен сана мен санадан тыс құбылыстарды өзгерту үшін қазіргі психопедагогика саласында жасалған алуан түрлі құралдарды қолданған шақтарында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет