Әлемдік педагогика оқуды саралау туралы ХХ ғасырдың 20-шыжылдары
ойлана бастаған. Бұл кезеңде кеңестік
және шетелдік педагогикада
оқуды жеке даралау және саралау саласында белсенді жұмыстар жүргізген.
Ӛткен ғасырдың басында оқыту үдерісіндегі даралау әдістерін іздеу АҚШ-да
кең етек алған.
Кеңес, Батыс Еуропа және Америкада білім саласындағы жеке
даралаусаралау бағытындағы зерттеулер
бір уақытта басталғанымен, қазіргі
таңда батыстық педагогиканың бұл бағытта үлкен практикалық
және теориялық
тәжірибесі басым. С.Бабаев «Бастауыш сынып педагогикасы» атты оқу
құралында: Даралық бағыт әр оқушының танымдық күштерін,
белсенділігін
бейімділігін және дарынын дамытуға аса қолайлы мүмкіндіктер түзуге жәрдем
береді. Мұндай тәрбиелік бағыт «қиын» шәкірттер, қабілеті тӛмен
оқушылар
үшін қажет – деп кӛрсеткен.
Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше, әр
мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап
оқытудың теориялық негізін Л.Выготский, А.Леонтьев, Б.Ананьев,
С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, бастауыш
мектеп кезеңіндегі
саралауға байланысты мұғалім әрекеттерін В.Давыдов, Л.Занков,
Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: