мүмкіндіктерін қарастырудың, шәкірттердің еңбектерінің лайықты бағаға ие
болуын ойластырып, оларды жүзеге асырудың берері аз болмаса керек.
Саралап оқыту идеясы. «Жекелендіру» және «дифференциация» ұғымдары
бірізгілікте қарастырылады. Олардың ӛзара қарым-қатынасы сипатында әрқилы
кӛзқарастар бар: саралап оқыту жекелендірумен байланысады;
саралап оқыту
құрамына жеке жағдай ретінде (ішкі дифференциация) жекелендіру енеді;
саралап оқытудың жекелендіру құралы ретінде қарастырылады.
Оқытуды жекелендіру саралап оқыту мәнін, мақсатты бағыттылығын
анықтайды.
Жекелендіру - оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру,
олардың тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына, олардың мүмкіндіктерін,
қажеттіліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып жағдай жасау,
Саралап оқыту - жеке оқыту үшін
оқытылып отырғандардың жеке
ерекшеліктерін ескере отырып оларды топтарға бӛлу. Ол топтар бірқалыпты,
салыстырмалы түрде бірқалыпты, ал жеке оқыту - тұрақты, уақытша екенін
ескеруді ұмыстпаған жӛн.
Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын
құрал -
саралап оқыту болып табылады.
Саралап оқытудың
мәні – оқушыларды бӛлу емес,
оларды біріктіруде дер
кезінде кӛмек кӛрсету.
Тиімділігі – мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы
уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды.
Оқушылар үш режимде
жұмыс істей алады:
- мұғаліммен бірігіп;
- жеке ӛз бетімен;
- мұғалімнің жетекшілігімен.
Саралап оқыту оқытудың болашағы оның оның формаларының жаңа
типологиясын жүзеге асырумен байланысты.
Оның мәні мынада:
- оқушылардың ерекшелігінің типологиясы негізінде тұрақты класс немесе топ
құру;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жан - жақты дайындықты жүзеге
асыру.
Барлық оқушылардың оқуға қабілеттілігінің дамуы мен дайындық деңгейі
бірдей болмаған жағдайда дифференциалды оқыту технологиясы қолданылады.
Оқыту үдерісін жақсарту - тікелей мұғалімдерге байланысты іс. Саралау -
нәтижеге бағытталған білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының
қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру.
Негізінен саралап білім берудің бірнеше тиімді жолдары бар. Ол оқыту үдерісін
жақсартуда үлкен әсерін тигізеді.
Мәселен, біз "Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев" атты тақырыпты алар
болсақ, бұл тақырып арқылы тапсырмалар дайындаймыз. Ол
тапсырмаларды
орындау үшін саралап беру ӛте тиімді. Ең алдымен, оқушыларды ӛз деңгейіне
қарай бӛліп аламыз. Және әр оқушыға талантына, талабына кӛңіл бӛле отырып,
тапсырмаларды береміз. Балалар ӛзіндік жұмыс ретінде орындайды, бұл
жердегі саралап тапсырма орындатудың мақсаты балалардың деңгейін анықтай
отырып, жоғары кӛтеруге кӛмектесу. Бұл жерде ешқандай балалардың
деңгейіне тоқталып, оларды тӛмен не жоғары деп бӛлектеу емес. Керісінше,
оларға ӛз деңгейінен нәтижеге бағыттау.
Қорытындылай келе, саралап оқыту – бұл әр оқушының қабілетін, бейімділігін,
қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім
берудің жүйесі. Қай пән болсын, оқыту
барысында мұғалім мен оқушы
арасындағы байланыс алдыңғы орында. Ал, бір мұғалім барлық баланың сабақ
үлгерімін жаттап алу ӛте қиын. Бұл жағдайда, тапсырмалар арқылы олардың
деңгейін біліп отыру үлкен кӛмек. Сонда қандай нәтиже болып не болмай
жатқанына кӛз жеткізу де әлдеқайда жеңіл болады. Бір деңгейден екіншісіне
кӛтеру оқыту үдерісінің жақсаруына тікелей әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: