Pestivirus туысына жатады. Вирус құрамында 3-4 құрылымды белоктары бар, көлемі 40-60 нм
болады. Вируленттілігі жағынан қоздырушының А, В және С варианттары анықталған. А
тобының вирулентті штамы барлық жастағы шошқаларды, В
тобына жататындары тек
торайларға вирулентті, ал ересек шошқаларды атипті немесе созылмалы оба ауруын
шалдықтырады. Ал С тобына вируленттілігі төмен америкалық 331 штамы жатады. Бұл ауруға
шалдыққан жануарлардың организмінде вирусты бейтараптаушы және комплементті
байланыстырушы антиденелер түзіледі.
Бұл вирусты 1908 жылы алғаш рет Швейнитц пен
Дорсе анықтаған.
Қоршаған ортада шошқалардың классикалық оба
вирусы ұзақ уақыт сақталады, әсіресе
қыс мезгілінде. Лиофилизацияланған вирус жақсы сақталады. Вирус топырақта 1-2 аптаға,
өлексе мен көңде 3-5 күнге дейін белсенділігін жоймайды. –5
о
С-де тұрған қанның құрамында 6
ай, салқындатылған етте 2-4 ай, мұздатылған етте бірнеше жыл, тұздалған етте 10 ай, ысталған
етте 3 ай бойы сақталады. Вирус +60
о
С-де 10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте
инактивацияланады.
Тиімді дезинфекциялық препараттар ретінде күйдіргіш натрийдің 2-3%-ды ерітіндісі,
формальдегидтің 2,5%-ды ерітіндісі, 15-20%-ды хлорлы әк қолданылады. Бұл дезинфектанттар
вирустарды 1 сағат аралығында жояды.
Шошқалардың классикалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға, гистологиялық
зерттеулерге, торайлар мен иммунделмеген шошқаларға биосынама қоюға және серологиялық
реакциялармен анықтауға негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады, ал
вирустардың вируленттілігі мен шошқалардың бұл індетке
сезімталдылығына қарай бұл
көрсеткіштің мерзімі 3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және сирек
жағдайда аса жіті ағымда өтеді.
Аса жіті ағымында шошқалардың дене қызуы 41
о
С-ге дейін көтеріледі, жүрек соғуы мен
тыныс алуы жиілейді, құсады, терісінде қызыл дақтар пайда болады, жануарлар тез әлсіреп, 1-2
күнде өледі. Індеттің бұл түрі иммунделмеген жас шошқаларда жиі кездеседі.
Аурудың жіті ағымы негізінен індет жаңадан басталған кезде байқалады. Мұндағы
инфекцияның басты белгілерінің бірі дене қызуының тұрақты түрде жоғары болуы (40-41
о
С).
Жануарлардың жалпы күйі нашарлап, әлсірейді, 2-3 күннен соң құсады, бастапқыда іші қатады,
кейіннен қан аралас іші өтеді, көздің қасаң қабығы мен танаудың кілегейлі қабығы қабынады,
көзінен кілегейлі-іріңді экссудат, ал мұрынынан қан ағады. Буаз мегежіндер іш тастайды.
Ауру
шошқалар жата береді, белдері бүкірейіп, жүргенде аяқтарын дұрыс баспай, шайқалады.
Санның
ішкі бетінің, мойынының, құлақ түбі мен құрсақ терісінде сарғыш, сұйыққа толы
күлдіреуіктер пайда болып, кейіннен оған қан құйылып қою қызыл дақтарға айналады.
Кейіннен аяқтың, іштің, құлақтың терісі көгереді. Ауру шошқалардың
қанында лейкопения
байқалады, орталық жүйке жүйесі зақымдалып, дене қызуы 35-36
о
С-қа төмендеп, 7-10 күндері
өлімге ұшырайды
.
Аурудың бұл ағымында шошқа төлдерінің өлімі 100%-ға жетеді
.
Достарыңызбен бөлісу: