Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет34/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
Акишев

2.5.3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімді

  • шетелдерден әкелу шарттары

    Тұтынушылардың қауіпсіздік құқығы тек қана отандық емес, сонымен қатар шет елдерден әкелінетін өнімдерді де міндетті сертификаттау арқылы қамтамасыз етіледі. өйткені еліміздің ішкі нарығында шетелдерден әкелінетін өнімдерді көптеп кездестіруге болады. Кейбір өнімдердің 40-60% және одан да жоғарғы бөлігі шетелдерден әкелінеді.


    Міндетті сертификаттауға жататын өнімді шетелдерден әкелу үшін жасалатын келісімдерде (шарттарда) олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін сертификаттарды (деклорациялары) мен сәйкестік белгісінің болуы көрсетілуі керек.
    Сертификаттар (деклорациялар) және олардың танылуы туралы куәліктер кедендік деклорациясымен қоса кедендік рәсімдеуді іске асыратын органдарға ұсынылады және олар өнімдерді Қазақстанға жіберуге рұқсат беру үшін қажетті құжаттар болып табылады.
    Шетелдерден әкелінетін кейбір өнімдер түрінің қаіпсіздіктің ерекше талаптарына – гигиеналық, ветеринарлық, т.б. сәйкестігін дәлелдеу талап етіледі.
    Тез бұзылатын өнімдердің (ет, ет өнімдері, балық, балық өнімдері, сүт, сүт өнімдері ж.б), яғни тасып әкелінуі мен сақталуы айрықша климаттық жағдайларды (температураны, ылғалдылықты, қысымды ж.б) қажет ететін өнімдер кедендік рәсімдеуге және сертификаттауға кезектен тыс жіберіледі.
    Қазақстанға тасып әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігін дәлелдеу үшін оларға мына түрде кедендік бақылау жүргізеді:

    Шетелдердің сертификатын растау құқығы уәкілетті мемлекеттік олрганның өңірлік ұйымдарына беріледі.
    Егер шетелдермен сертификаттау нәтижелерін өзара тану туралы келісім болса және ол елдерден тасып әкелінген тауарларға сол елдің сертификаты болса, онда олар біздің елде қайтадан расталмайды.
    Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларды сертификаттау оларды біздің елге алып келгенге дейін өткізілуі керек. Егер сынаушылар шетелдердің Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органында аккредеттеліп тіркеуден өткізілген мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіміне тіркелген зертханаларда өткізілген болса, онда олар берген сынақ хаттамалары біздің елдің серификатын алуға негіз болады.
    Зертханаларды аккредиттеу үшін олар:

    1. Қазақстан Республикасы кіретін халықаралық сертификаттау жүйесінде болуы қажет.

    2. шетелдің ұлттық жүйесіне кіруі қажет (Қазақстанның сол шетелдің ұлттық органмен өзара келісімі болса).

    3. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесіне кіргізілген болса.

    4. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық келісімге кіретін елдердің сертификаттау жүйесіне кіретін болса.

    Егер сәйкестік сертификатты оны берген елде жасалынбаған өнімге берілетін болса, онда мұндай сертификаттар танылмайды да, өнім түгелімен қауіпсіздік сынағынан өтуі керек болады.
    Сертификаттау органы сертификатты бергенге дейін қажет болғанда өнімнің нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес екенін дәлелдеу үшін, оның барлық көлемі бойынша немесе кейбір көрсеткіштері бойынша қайта сынақ жүргізуі мүмкін.
    Егер өнімді сертификаттау жөніндегі орган шетел сертификатын танымау туралы шешім қабылданса, онда ол бұл жөнінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы мен оның өңірлік органдарын бас тартудың себептерін көрсете отырып, хабардар етуі керек.
    Сертификаттауға қажетті сынаулар кезінде қауіпсіздігі дәлелденбеген шетелдік тауарлардыкедендік органдар өткізбейді. Бұл жағдайда мына екі шешімнің бірі қолданылады: шетел тауары жөнелтушіге қайтарылады немесе тауар кеден тәртібі бойынша жойылады.



        1. 2.5.4. Азық-түлік тауарларын сертификаттау

    Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы – халықтың денсаулығын сақтаудың басты факторы. Адам бойындағы зиянды заттардың 70 %-ы тағамдар арқылы, ал қалғаны 30%-ы су мен ауа арқылы енеді. Осы себепті азық-түлік тауарлары міндетті сертификаттау аясына алғашқы қатарда енгізілді.


    Сертификаттау жүйесінде тамақ өнімдері 15 біркелкі өнім топтарына бөлінеді. Сертификаттау жүйесінің нормативтік негізін заң актілері, мемлекеттік стандарттар, санитарлық нормалар мен ережелер құрайды. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деп оның құрамындағы химиялық, биологиялық және табиғи текті ластардың белгіленген деңгейден аспауын айтады.
    Қауіпсіздік көрсеткіштерінің тізімі көптеген өнім топтары мен түрлеріне қатысты жалпы көрсеткіштер (улы элементтердің пестицидтардың, радионуклидтердің, микотоксиндердің мөлшері) және тамақ өнімдерінің ерекшеліктеріне сәйкес көрсеткіштер (антибиотиктер, гормондық препараттар, нитраттар, метил спирті, т.б.) болып бөлінеді.
    Ережелер бойынша сәйкестік сертификаты кейбір органдардың рұқсаты болған жағдайда ғана беріледі: азық-түлік шікізаттары, тағам өнімдері, тағам қоспалары, т.б. бойынша Мемсанэпидқадағалау мекемесінің санитарлық қорытындысы болса, мал шаруашылығы өнімдері мен шікізаттары бойынша мал дәрігерінің сертификаты (куәліктері) болса, өсімдік өнімдері мен шикізаттары (жаңадан өндірілген жеміс пен көкөніс, астық, жарма, ұн, т.б.) – жер паспорты немесе жер бөлімдерінің сапа сертификаты болса.
    Сертификаттау кезінде үлгілерді ұқсастандыру маңызды мәселе болып табылады. Кейбір өнім топтарының (ет, ет өнімдері, өсімдік майлары) үлгілерін ұқсастандыру үшін олардың түр-түріне сәйкес көрсеткіштер белгіленген. Бірақ жиі бұрмаланатын көптеген тамақ өнімдерінің топтарына (азық концентраттары, шай, кофе, сүт, сүт өнімдері, балық, шырын, сусын, арақ-шарап) ұқсастандыру көрсеткіштері анықталмаған. Осыған байланысты келтірілген тауар топтарына көрсеткіштер тағайындау күн тәртібіндегі басты мәселілердің бірі.
    Сертификаттау сызбасын таңдап алуда басты көрсеткіш - өнім мен шикізаттың сақталуы. Жарамдылық мерзіміне байланысты оларды екі топқа бөледі:

    • тез бұзылатын – жарамдылық мерзімі 30 тәуілікке дейін;

    • ұзақ уақыт сақтауға болатын – кепілді сақталу мерзімі 30 туіліктен астам.

    Тамақ өнімдерін сертификаттауда көптеген мәселелер шешімін таппай отыр. Олардың бірі – сертификаттау тек қана дайын өнімді қамтиды, ал сапасыз шикізаттан қауіпсіздік талаптарына сәйкес өнім алу мүмкін емес.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет