Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері
Несептің салыстырмалы тығыздығы бүйректің қоюландыру қабілетін сипаттайды. Ол еріген заттардың (мочевина, несеп қышқылының тұздардың, креатининің) мөлшеріне тәуелді. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы –1002 – 1035 кг/м3 толқиды (әдеттегі тағамдану кезінде 1018 – 1025 (кг/м3))
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі өзекшелер қызметінің бұзылуын көрсетеді
Гипостенурия – несептің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі. (Зимницкий сынауы бойынша, барлық сынақтарда 1010 аспайды)
Изостенурия - несептің салыстырмалы тығыздығы үнемі тұрақты, алғашқы несептің тығыздығындай (1010 –1012) ол бүйректің қоюландыру қабілетінің жоғалуын көрсетеді
Гиперстенурия – несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы (қантты диабет кезінде)
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі (БҚСЖ) –бүйректер қызметтерінің үдемелі төмендеуі
Себептері:
Зәр шығару жолдары мен бүйректердің созылмалы аурулары:
гломерулонефриттер, пиелонефриттер, бүйректердің поликистозы, амилоидозы, несеп тас ауруы, диабеттік нефропатия, атеросклероз, гипертониялық ауруда бүйректердің зақымдануы,
ПАТОГЕНЕЗІ:
Нефрондардың тіршілігін үдемелі жоғалтуы, олардың орнына дәнекер тін өсуі (нефросклероз) ® нефрон шумақтары мен өзекшелерінің атқаратын қызметтері қатты төмендеуі ® несеп құрылуы және оның шығарылуы азаюы ®гиперазотемия ® уремия ® уремиялық кома
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ САТЫЛАРЫ
Бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі бойынша:
Жасырын
|
Шумақтарда несеп сүзілуі 50% - ға дейін азайған, қанда қалдық азоттың деңгейі қалыпты мөлшерде
|
Гиперазотемиялық
|
Креатинин мен мочевинаның денгейі жоғарылайды
Шумақтарда 20%-ға дейін азайған
|
Уремиялық
|
Шумақтарда несеп сүзілуі 10- 5%-ға дейін төмендеген, қатты гиперазотемия, уремия
|
Диурез бойынша:
Жасырын
|
диурез қалыпты, Зимницкий сынағы өзгеріссіз, жүктеме жасағанда бүйректердің қоюландыру қызметінің төмендеуі анықталады (құрғақтай тамақтану)
|
Полиурия
|
Әдеттегі тәртіпте бүйректердің қоюландыру қызметінің төменедеуі, гипостенурия
|
Олигурия
|
диурез 500мл аз, изостенурия, уремия
|
УРЕМИЯ
( грекше uron – зәр, haima - кровь) – зәрліқан.
Бүйректер қызметтерінің жеткіліксіздігінен дамитын синдром
Патогенезі:
-
Организмнің өзінің зат алмасу өнімдермен (аммиак, зәрқышқылы, креатинин, зәрнәсіл мочевина, фенол, индол,скатол т.б.) уыттануы
-
Су мен электролиттер алмасуы бұзылуы
гипоосмостық гипергидратация - сумен улану,
гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокальциемия, гипонатриемия, гиперфосфатемия, гиперсульфатемия
-
Метаболиздік ацидоз (бикарбонаттар реабсорбциясының бұзылуы, сүтегі иондардың алмасуының бұзылуы
-
Гормондар мен, витаминдер алмасуларының бұзылуы (вит.Д)
-
Эритропоэтин, простагландиндер, кининдер т.с.с. заттардың өндірілуінің бұзылуы.
Уремия кезінде организмдегі бұзылыстар
1. Нейропсихикалық әйгіленімдер
-
Шаршау, бас ауруы, рефлекстердің тежелуі, дәм сезу және естудің бұзылуы, діріл, ұйқы қашу, тұнжырау, ми ісінуі, кома
Патогенезінде маңыздысы:
-
уыттану;
-
қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылыстары;
-
гипергидратация;
-
электролит алмасуының бұзылыстары;
-
гипоксия.
2. Жүрек тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы
Миокард дистрофиясы, жүрек ырғақсыздығы (электролит алмасуының бұзылуы, гипоксия, уыттану), перикардит (улы заттардың сірлі қабаттар арқылы бөлінуі), гипертензия (ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің әсерленуі, депрессорлық заттар түзілуінің төмендеуі).
3. Тыныс алу ағзалары қызметінің бұзылуы - өкпе ісінуі, пневмония, плеврит
4. Қандағы өзгерістер
анемия (эритропоэтиннің тапшылығы, эритроциттердің гемолизі)
Қан ұюының бұзылуы (геморрагиялық синдром, ТШҚҰ-синдромы)
5. Ішек - қарын жолдары қызметінің бұзылуы
жүрек айну, құсу, анорексия, гастроэнтероколит
Патогенезінде маңыздысы:
-
уыттану;
-
Гипоксия;
-
АІЖ арқылы азотты қалдықтардың бөлінуі.
6. Терідегі өзгерістер
-
Қышыну (жүйке талшықтарының азоттық қалдықтармен тітіркендірілуі);
-
«уремиялық қырау» - зәр қышқылымен мочевинаның тер бездері арқылы шығарылуы
-
гиперпигментация
7. Сүйек – бұлшық ет жүйесінің бұзылуы:
-
Д витаминінің белсенді түрі түзілуінің бұзылуы ® гипокальциемия ® кейінгі гиперпаратиреоз ® остеомаляция (сүйектің жұмсаруы), кальциноз (бүйректік рахит)
Көрнекті материал:
1. мультимедиялық дәрістің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және электрондық нұсқасы кафедрада
Әдебиеттер:
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 561-581
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 555-577
-
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2010, том 2. с. 425-466 .
-
Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538
-
Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
Қосымша
-
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 427-432 с.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 598-623.
-
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Тубулопатиялар, түрлері
-
несеп құрамының сапалық өзгерістері
-
БСЖ сатылары (бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесіне және диурез бойынша)
№ 16 тақырып Эндокрин жүйеСІнің патофизиологиясы.
Мақсаты: Эндокрин жүйесінің бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру
Дәріс жоспары:
-
эндокрин жүйесі қызметі бұзылысының жалпы этиологиясы
-
эндокрин жүйесі қызметі бұзылысының патогенезі: орталық реттелудің бұзылыстары, бездің өзіндегі дерттік үрдістер, гормондардың безден тыс тетіктерінің бұзылыстары.
-
Эндокриндік гипо- және гиперфункциясының этиологиясы, патогенезі
Дәріс тезисі
эндокриндік бездер қызметінің бұзылысы.
Патогендік жолдары:
-
Бездердің реттеу қызметтерінің орталық тетіктерінің бұзылысы;
-
Бездің өзінде дерттік үрдістердің болуы;
-
Гормондардың безден тыс және шеткері тетіктерінің бұзылысы.
Бездердің реттеу қызметтерінің орталық тетіктерінің бұзылысы
Достарыңызбен бөлісу: |