Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 246 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет248/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   251
kazakh soldaty

Стр. 246 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 245



Стр. 247

Қазақстанның ашық кітапханасы


246

Төртеу болса, әлдекімге ұқсағаныңды өзің де танымай қаласың!—деп,
жаралылардың біреуі тық-тық күледі.
Мирошниктің орнына командир болып қалған капитан Ревякин маған әмір есебінде
бұйырып:

Аяқты кестірем дегенді ойыңнан біржола шығар! Алты ай уақыт берем, Одер
өзенінде қуып жетіп, өзімізге қосылатын бол!.. Одан кешігіп қалып, Шпреяда қуып жетер
болсаң, қабылдамаймын... Әмір осы!..— дейді.
Мен оған Одерде қуып жетуге уәде бердім...
Өзгеден гөрі Васяның түтіні басқарақ шығады. Ол біз қайда да солдатпыз, соғыста да,
еңбекте де, қазір де, соғыстан кейін де деген жақты басыңқырай сөйлейді.

Сен тура Қарағандыға тарт! — дейді Вася.— Ана жолы адасып барғандай болып
едік, енді өзің сұра!.. Біз Одерға жетіп қалсақ, ар жағы екі-ақ аттам.. Қуып әуре болғанша,
Қарағандыда күт... Мен соғыс біткен күні билетті Қарағандыға деп алам... Тағы да бір
майданда бірге болармыз... Сүйт, Костя!.. Қарағанды деген — байлық қой жатқан... Ол
үлкен бекініс, Отанның бекінісі. Сонда кездесейік...— дейді.
Жалғыз бүгінгі емес, ертеңгіні қоса ойлап отырған Васяға қалай уәде бермессің?.. Екеуміз
Қарағандыда кездесуге уәделестік...
Қасымыздағы үңгірде «тез, тез!» деген дәрігер даусы шығады. Кенептен көріп жасаған
теңдерін алдыма көлденең тосып маған да екі санитар келіп қалды.

Кәне ауру жолдас...

Жолдас майор, рұқсат етіңіз...— деп, Володя мен Вася мені көтеріп алып, теңге
өздері салып жатыр.

Тез, тез! Санитар самолеті жау барлаушысына кездесіп те қалыпты. Тез көтеріліп
кетуі керек,—деген дауыс естіледі. Манадан берік жатқан көңілім босап, болжырап
барам... Тең көтеріліп кетті. Екі жағымнан келіп аузымнан сүйе бастаған Володя мен
Васяның маңдайлары түйісіп қалды.

Ал, Костя, жазыл... Тез жазыл!..

Күтеміз... Тез күтеміз...

Күнде хат жазып тұр!..

Сендерге жазбағанда кімге жазар дейсің, бауырларым!.. Мен кетсем, өзім ғана кетіп
барам, ой-арманымыз бөлінбеген еншідей, осында, сендерде қалып бара жатқан жоқ па!..
Кішкене-кішкене шамдар, бірінен соң бірі кейін қалып, аласа үңгірдің исі де өзгеріп
барады. Дәрі-дәрмек исі жоғалып, адам исі, оқ-дәрі исі келеді. Енді, міне, ауа тазарып,
даланың исі келе бастады.
Шалқамнан жатқан бойы төбенің тар үңгірінен кең да» лаға шықтым. Жазғытұрғы шуақ
самал, сағынған самал жібектей желпиді. Күннің көзі шекеңе қадалып, көзіңді
аштырмайды. Аспанда күркіреп айналып бірнеше самолет жүргені сезіледі. Тебенің
түбінде ғана зіркілдеп, жер тарпып, жарқырап санитар самолеті тұр. Қанатында қызыл
крест...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет